Повестка дня административной реформы: уроки международного опыта



Дата14.10.2023
өлшемі265,43 Kb.
#113838
түріПрезентация

«Экономика негіздері» пәнінен
Дәріс
7-тақырып. Еңбек нарығы және еңбек ақы.
Әзірлеген: э.ғ.к., аға оқытушы Жакупова Б.А.

Дәріс презентациялаудың мақсаты: Еңбек нарығының қалыптасу ерекшеліктерімен таныса отырып, оны реттеу жолдарын білу. Дәріс жоспары: 1.Еңбек нарығы және оның элементтері. 2.Еңбек ақы және оның түрлері.

Еңбек дегеніміз – адам мен өндіріс, табиғат арасындағы процесс. Мұнда адам өз қызметі арқылы өзімен табиғат арасында заттардың алмасуына себепкер болады, оны реттеп бақылап отырады. Ол дене және ой еңбегі шығындары еңбек уақытымен, еңбек қарқындылығымен, еңбек өнімділігімен анықталады. Еңбек қарқыны артқан сайын өнім көлемі де, жұмыс көлемі де өсе түседі.

Еңбек өнімділігі – өндіріс процесінде жұмсалған қоғамдық еңбектің тиімділігі. Яғни, ол өндірілген өнім көлемінің тірі еңбек шығынымен анықталады. Еңбек өнімділігі бір уақыт өлшемі ішінде өндірген өнім көлемімен немесе бір өнімге кеткен уақытпен, ұлттық табыс мөлшерімен анықталады.

Еңбек нарығы:

Бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату-сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жүйесі.

Нарықтардың басқа да түрлеріне сәйкес еңбек нарығында жұмыс күшіне деген ұсыныс пен сұраныс туады.

Еңбек нарығына тән қасиеттер:

  • жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардың санының мол болуы (жұмыс күшіне сұраныс);
  • әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің санының мол болуы (жұмыс күшінің ұсынысы);
  • еңбек нарығында бірде - бір кәсіпорын және бірде - бір еңбекккердің күш ықпалының жүрмеуі;
  • жұмыс күші жалақының мөлшерімен бағалануы

Еңбек нарығының қалыптасуы мен әрекет ету процесі:

Жалпы нарықтық жүйенің заңдылығын бейнелейді және де ол еңбекке жиынтық сұраным мен ұсынымның өзара әрекетін көрсетеді.

Еңбек нарығының негізгі қызметтері :


Жалақы (еңбек ақы)
теорияларының авторлары
А.Смит
"жұмыс күші"
тауарының
ақшалай құны
Д.Рикардо
Еңбек ақы –
еңбек бағасы
К.Маркс
"жұмыс күші“ –
тауар.

Адам Смит:

Еңбек пен жұмыс күші арасындағы айырмашылықтарды нақты ашып көрсетпеген. Оның пікірінше, еңбектің нақты құны немесе нақты еңбек ақыны белгілейтін тауар болып есептеледі. Ол өндіріс шығындары, яғни жұмысшының және оның отбасының қажетті өмір сүру құралы болып табылады.

Дэвид Рикардо

Еңбек бағасы ретінде түсіндірді. Еңбек ақының өсуі жұмысшы отбасындағы адамның дүниеге келуін ынталандырады, яғни бұдан еңбекке ұсыным өседі де еңбек ақы төмендейді немесе керісінше, еңбек ақының төмендеуі салдарынан жұмысшылар саны мен еңбекке ұсыным төмендейді де қайтадан еңбек ақының өсуіне тіреледі.

Карл Маркс

Еңбек ақыға қатысты тұжырымында еңбек пен жұмыс күші түсініктерін ажыратып, анықтайды. Маркс еңбек тауар болмағандықтан және оның құны болмағандықтан еңбек ақыны еңбек бағасы деген тұжырыммен келіспейді.

Оның пікірінше, жұмыс күші тауар болып саналады. Ал еңбек ақы сол тауардың құны болып есептеледі.

Нарықтық экономикадағы еңбек ақы бұл – еңбек бағасы немесе еңбек қызметін көрсеткен жалдамалы жұмысшының тапқан табысы.

Нарықтық экономикадағы еңбек ақы бұл – еңбек бағасы немесе еңбек қызметін көрсеткен жалдамалы жұмысшының тапқан табысы.


Жалақыны (еңбек ақы)
төлеу нысандары
Номинальды
Нақты
Номинальды жалақы (еңбек ақы)
Мерзімді
Келісімді

Ең төменгі жалақы

Өмір сүру минимумын қамтамасыз ететін тұтыну тауарлары мен қызметтерінің нақты бағасы.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет