Практика қорытындысы



Дата13.04.2022
өлшемі14,36 Kb.
#30868
Байланысты:
Практика қорытындысы Ақерке


Практика қорытындысы



31.01-11.02.2022ж аралығында «Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау» мамандығының 2 курс студенті Есбай Ақерке 2 апталық практиканы Ыбырай Алтынсарин атындағы №65 мектеп гимназиясында өткіздім. Практика жетекшісінің бұйрығымен, мен 9ә сыныбын алдым.Практика барасында өзімді сынып жетекшісімен және оқушылармен таныстырдым. 9ә сыныбымен тиянақты түрде жұмыс істеуге кірістім.Өз қабілетімді барынша пайдалануға тырыстым. Өзімнің бойымдағы мұғалімдік мамандыққа деген тұрақты қызығушылығым мен сүйіспеншілік сезімдерімді педагогика және психология, іс-тәжірибе кезінде барынша дамытуға тырыстым. 9ә сыныбының оқу- тәрбие мекемесінің материалдық-техникалық базасымен ,педагогикалық ұжыммен және де мұғалімдердің міндеттері,құқықтарымен таныстым.Сонымен қатар,оқушылардың міндеттері және құқықтарымен толық танысып шықтым.Сынып ұжымының құрылымын,оқушылардың сынып жетекшілерімен өзара қарым-қатынасын сондай-ақ сыныптағы дарынды және қиын баларды анықтап шығуға тырыстым. Практика ортасында сынып жетекшісінің тапсырмасымен оқушылардан арнайы педагогикалық және психологиялық тренинг сабақтар өттім. Оқушылар сабаққа белсенді түрде қатысып,өз деңгейлерін,өз қабілеттерін көрсете білді. Осы орайда оқушылардың арасынан қиын балаларды да анықтап олармен арнайы психологиялық әңгімелер жүргіздім. Педагогикалық тапсырма орындау кезінде оқушылардан «Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы» атты арнайы оқушылардан тест алдым. Онда оқушылар өз сынып жетекшілерін таныс дос ретінде көретіндігін және өз мұғалімдерін жақсы көретіндігін байқадым. Жалпы сынып жетекшілерімен оқушыларының қарым-қатынасы өте жақсы. Практика соңында оқушылардың бір-бірімен қарым қатынасын да анықтадым. Олардың арасындағы достық қарым-қатынасты жоғары дәрежеде бағалаймын. Сондай-ақ пән мұғалімдерімен де сыйластығы мол. Жалпы бұл практикада педагогика және психология тұрғысынан өте көп дәрежеде тәжірибе жинадым.Мұғалімдік жұмыс қазіргі таңда ең жауапты жұмыс екенін осы практика барысында түсіндім.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет