Практикалық сабақ 15. Рационал сандарға қолданылатын арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері. Ондық бөлшектерге қолданылатын арифметикалық амалдар



Дата12.01.2022
өлшемі15,81 Kb.
#23988
түріСабақ

Уалиева Актолкын

ПМНО-21-27
Практикалық сабақ 15. Рационал сандарға қолданылатын арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері. Ондық бөлшектерге қолданылатын арифметикалық амалдар
Кесіндінің ұзындығы бірғана санмен өрнектеуге тиіс болғандықтан, тең бөлшектер бір ғана санмен əр түрлі жазулары деп есептеледі. Ал ол санның өзі оң рационал сан деп аталады. Сонымен оң рационал сан үшін осы санның жазылуы болып табылатын бір жəне тек бір ғана қысқартылмайтын бөлшек бар болады.

Теорема: Кез келген рационал а саны үшін оны өрнектйтін алымы мен бөлімі өзара жай сандар болатын, бір жəне тек бір ғана бөлшек табылады.

Рационал сан деп q/p түрінде жазуға болатын өзара жай, бүтін p жəне q сандарының жұбын айтады. Кез-келген бүтін санды бөлімі 1 бөлшек түрінде жазуға болады, олай болса бүтін сандар рацонал сандардың дербес жағдайы, ал барлық рацонал сандары Z жиынына тиісті емес, жаңа сандар болып табылады. Барлық рационал сандар жиынын Q деп белгілейді.

Ондық бөлшектер деп позициялық ондық санау жүйесінде жазылған бөлімдері 10-ның дəрежесіне тең болатын жай бөлшектерді, яғни m (мұндағы m,n €N ) бөлшектерді айтады. m = m к, m к-1 ••• m0 = m к 10к + m к-1 + ,,,+ m0

Ондық бөлшекте үтірден кейін орналасқан цифрлар ондық таңбалар деп атайды.

Ондық бөлшектердің, анқытамасынан келіп шығатын қасиеттері:

1) Ондық бөлшектің жазылуында қатар тұрған екі қатардың сол жағындағысының разрядтық бірлігі оң жағындағысына қарағанда он есе артық болады.

2) Ондық бөлшекті 10к санына көбейту үтірді оңға қарай к цифрға жылжыту, ал оны 10к санына бөлу үтірді солға қарай к цифрға жылжыту арқылы жүзеге асырылады.

3) Ондық бөлшекке нөлдер тіркеп жазғаннан жəне ондық бөлшектің соңындағы нөлдері алып тастағаннан оның мəні өзгермейді, яғни натурал m,n жəне S сандары қандай болса да m жəне 10Sm бөлшектері тең болады. 10n 10n+s

4) Екі ондық бөлшекті ортақ бөлімге келтіру үшін олардың ондық таңбалары кемінің соңына, олардыңондық таңбалары бірдей болатындай етіп нөлдер тіркеп жазу жеткілікті.



5) Екі ондық бөлшектің қайсысының бүтін бөлігі артық болса, сол артық болады. Бүтін бөліктері тең болатын екі ондық бөлшектің тең емес ондық таңбаларының ішіндегі біріншісі қайсысында артық болса, сол ондық бөлшек артық болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет