Председателю Агентства



Дата09.05.2023
өлшемі92,75 Kb.
#91187
түріБағдарламасы


Медициналық білім
беру ұйымдары


ҒЗИ, ҒО
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (бұдан әрі - Департамент) 2022 жылғы
27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі – Республикалық комиссия) отырысы өткен болатынын хабарлайды.
Мемлекет басшысының «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында білім алушылармен конкурсқа қатысу үшін медицина қызметкерлеріне арналған жаңа жеңілдікті санаттың уақытша енгізілгені, сондай-ақ шет тілін білетін кадрларды сапалы дайындау қажеттігі туралы түсіндіру жұмысын жүргізуді қамтамасыз етуді тапсырылды (хаттамадан үзінді қоса тіркелді).
«Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсына жеңілдікпен қатысу үшін үміткер дипломының орташа балы – GPA кемінде 4.0-тен 3.0 болу тиіс. Сондай-ақ кемінде В1 деңгейдегі мемлекетік тілден КАЗТЕСТ сертификаты және шет тілін меңгерудің орташа деңгейін растайтын құжат талап етіледі.
Мәселен, ағылшын тілінде оқыған жағдайда, кемінде 9.0-дан 5.0 деңгейдегі IELTS сертификатын, қытай тілінде – кемінде 6-дан 3 деңгейдегі HSK, неміс тілінде - С1-ден B1-B2 деңгейдегі Goethe-Zertifikat және т.б. ұсыну қажет.
Аталған өзгертулердің арқасында қазақстандық дәрігерлер мерзімі 12 айға дейінгі тегін тілдік дайындықтан (курстан) өте алады.
Хаттамалық тапсырманы сапалы әрі уақытылы орындау мақсатында
Департаментке және n.malim@dsm.gov.kz электрондық мекенжайына
2023 жылғы 26 сәуірге дейін
көрсетілген тапсырма бойынша (білім алушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу) қабылданып және атқарылып жатқан шаралар туралы толық ақпаратты мемлекеттік және орыс тілінде жолдауды сұраймыз.
Сонымен қатар, Республикалық комиссияның кезекті отырысында
(мамыр айында) көрсетілген тапсырманың орындалуы қарастырылатындығын назар аударамыз.
Қосымша: 1 парақта.
Директордың м.а. Г. Жүсіпалиева


Орынд: Н. Мәлім
тел: 74-31-93

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет