Педагогика әдіснамасы кең мағынада теория, оның пәні зерттеудің жалпы ғылымилық және арнайы әдістерін біріктіретін және тар мағынада – жаңа ғылыми-педагогикалық ақпарат алу, оны талдау мен түсіндірудің әдістері туралы білімдер жүйесі.
Педагогтің әдіснамалық мәдениетінің құрамы мыналарды қамтиды: әдіснамалық рефлексия (өзінің ғылыми қызметін талдау қабілеті), ғылыми негіздеуге қабілеті, сыни талқылауға және нақты тұжырымдамаларды, танымның, басқарудың, құрастырудың формалары мен әдістерін шығармашылықпен пайдалануға қабілеттілік.
Педагогтың әдіснамалық мәдениетінің мазмұнына мына білімдер енеді:
педагогикалық білім құрылымы мен әрекеттері туралы білім;
жалпы ғылымдық мазмұндағы ағымдағы, негізгі, іргелі педагогикалық теориялар,
тұжырымдамалар, болжамдар;
педагогикалық зерттеулердің әдістері мен логикасы туралы білім;
тәжірибені жетілдіру үшін алған білімді пайдалану әдістері туралы білім.
Педагогика әдіснамасының деңгейлері
Ғылыми танымда әдіснамалық талдаудың әр түрлі деңгейлері көрсетіледі.
Әдебиеттерде әдіснамалық талдау үдерісі төрт деңгейлік иерархия түрінде беріледі:
1) философиялық әдіснама, яғни, таным мен жалпы ғылымның категориялық құрылымы негізінде педагогикалық зерттеу мәнін, оның әдіснамалық іргетасын білдіретін және белгілі бір әлем сипаты тұрғысынан педагогикалық зерттеу нәтижелерінің танымал түсіндірмесіне қатысты жалпы қағидалар жатады
2) жалпы ғылымилық әдіснама, жалпы ғылымилық қағидалар мен зерттеу формаларын
қамтиды (жүйелілік, кибернетикалық, кешенді, бағдарламалы-мақсаттық секілді жалпы ғылымилық әдістер, идеалдау, модельдеу секілді жалпы ғылыми рәсімдер мен тәсілдер және т.б қатысады).
3) нақты ғылымилық әдіснама педагогика ғылымының зерттеу әдістері, зерттеу қағидасы мен рәсімдерінің жиынтығынан тұрады. Педагогикалық зерттеу барысында бір мәнді түсінуге қажетті психология, әлеуметтану және т.б ғылымдардың және педагогиканың ұғымдық-түсініктік аппараттының бірегейлігін қамтамасыз етеді;
4) зерттеудің әдістемесі және техникасы (технология), яғни, бір сипатты және шынайы
эмпирикалық материал жинап, оны алғашқы талдау үшін қажетті болатын рәсімдері жиынтығы.
Педагогикалық теория дегеніміз педагогикалық сан алуан құбылыстарды зерттейтін,
бейнелейтін және түсіндіретін білімдер жүйесі. Педагогикалық теория оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесін тек практикаға ғана қатысты емес, оны зерттеу нәтижесінде пайда болатын теорияны алдын-ала болжауға мүмкіндік береді.
Тұлғаның дамуы – педагогика мен психологиядағы ең басты категорияның бірі. Даму
заңдылықтарын психология психиканың дамуы деп түсіндірсе, педагогтар адамның дамуына мақсатты түрде басшылық жасау деген теорияны ұсынады. Сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен тұлғаның дамуы сапалық және сандық өзгеріске түседі. Тұлғаның өзгеруі оның жасының өсу кезеңдеріне, айналасын танып, тиісті дағдыларды меңгеріп қарым-қатынас жасауға араласа бастаудағы тәлім-тәрбиесі мен өнегесіне байланысты.
Іс-әрекет теориясы.
Құндылықтар теориясы.
Басқару теориясы.
Әлеуметтендіру теориясы.
Педагогикалық зерттеудің түрлері.
Педагогика саласындағы зерттеулер деп педагогика үдерісінің заңдылықтары, оның
құрылымы мен тетігі, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру теориясы және әдістемесі, оның мазмұны, ұстанымдары, әдістері және тәсілдері туралы жаңа білім алуға бағытталған ғылыми іс-әрекет үдерісін және нәтижесін айтуға болады. Педагогикалық зерттеудің іргелі, қолданбалы және қайта жасалымдар деп жіктелу қатары пайда болды. Іргелі зерттеулер педагогикалық үдерістің заңдылықтарын ашады, ғылымның жалпы теориялық тұжырымдамасын, оның әдіснамасын, тарихын жасайды.
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері. Педагогика әдіснамасының басты міндеттерінің бірі зерттеу жұмысын әдіснамалық негіздеу болып табылады.
Ғылымда әдіснамалық негіздің келесі түрлерін бөліп қарастырады:
— ғылымның философиялық негізі (әлемнің философиялық бейнесі, философиялық–
дүниетанымдық, логикалық–гносеологиялық, құндылықты–нормативті ұстанымдар,
философияда құрастырылған теориялар мен категориялар);
— теориялық негіз (ғылымның белгілі бір саласының тұжырымдамалық идеялары);
— әдіснамалық негіз (зерттеудің әдіснамалық тұғырлары мен ұстанымдары, ғылымилық идеалы мен нормалары);
— логикалық негіз(формалды және диалектикалық логика заңдары, дәлел және аргумент ережесі);
— эмпирикалық негіз (ғылыми айғақтар, эксперимент нәтижелері, тәжірибелік-ізденушілік жұмыс).