Семинар 6 I курс i-семестр



бет1/3
Дата08.04.2022
өлшемі404,5 Kb.
#30323
түріСеминар
  1   2   3
Қазақтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті


Саясаттану пәнінен қашықтық оқытуға арналған

оқу әдістемелік комплексі


Қарағанды - 2004 ж

Курс бойынша сағатты бөлу.

N


Курс және семестр

Аудиториялық сабақтар

СӨЖ


Барлығы

Дәріс

Семинар

1

2

3

4

5

6



I – курс

I-семестр

I-қысқартылған топ



4


8


108


120

Бағдарламаны құрастырған: әлеуметтік саяси пәндер

каферасының оқытушысы Мусаева Э.А.

Жұмыс бағдарламасы кафедраның мәжілісінде талқыланып бекітілді.

Хаттама N 11 «17«маусым 2004 ж.

1.3. Пәннiң мазмұны.


  1. Кіріспе.

Саясаттану- саяат туралы, оның жеке адам және қоғам мен қарым- қатынасы, оның субстанционалдық инситуцианалдық қызметтік көрінісі, саяси процестердің « технологиясы» туралы интегралдық ғылым. Саясаттану әдістері жалпы ғылымдық: жүйелік, құрылымдық, қызметтік, құрылымдық- қызметтік, салыстрымалы т/б жалпы ғылымдық әдістерді байланыстырады.
2. Саясаттану ғылым ретінде.

Саяси нақтылық (реалдылық)- саясаттанудың зерттеу және үйрену обьектісі. Саясаттану пәні – саяси нақтылықтың негізгі белгілерінің бір тұтас көріне білуі. Саясат субъект – субъектілік қатынастар әлемі ретінде. Саясаттану теория және қолданбалы зерттеу ретінде. Адамдардың негізгі әлеуметтік мүдделерін саясатта агрегациялау. Адам – саясатты жасаушы және оны жүзеге асырушы.

Қазақстан Республикасы саяси шындық ретінде. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік процесіне басқару және билік құрылымдарын қалыптастыруға, Қ.Р. азаматтарының өмір сүру салтының демократиялануына саяси білімдердің әсері. Саясаттану курсын оқып – үйренудің қоғамдағы саяси мәдениетті қалыптастырудағы, қоғамдық өмірді демократияландыру, өсіп келе жатқан ұрпақты саяси әлеуметтендірудегі маңызы.

Негізгі жалпығылымдық және саясаттанудың ерекше әдістері. Саяси зерттеудің ғылыми әдісі мен әдістемесі ұғымдарының қатынасы. Саясаттанудың негізгі функциялары.


3. Саяси билік қоғамдық қатынастар жүйесінде.

Билік құбылысы, генезисі, мәні. Биліктің теологиялық, бихевиористік, құрылымдық, инструменталистік анықтамалары. Биліктің жүйелік және реттеушілік тұжырымы. Биліктің жалпы белгілері мен элементтері. Биліктің негіздері мен ресурстары. Билікті обьективтілеу: биліктің рухани көріністері мен биліктің материалдық құралдары.

Қоғам және билік. Билік қатынас ретінде. Билік қатынастарының субъективті – обьективті аспектілері. Үстемдік және оның түрлері. Билікті персонификациялау мен фетишизациялау. Билік құрылымындағы психологиялық, гносиологиялық ұйымдастыру және саяси аспектілер. Биліктің мақсаты, әдісі. Саяси билік жүйесі. Оның мазмұны мен функциялары. Саяси биліктің жүйелерінің негізгі элементтері: ұйымдар, нормалар, доктриналар. Билікті жіктеу: функциялық облыстары, билік субъектісі шешім қабылдау шеңбері бойынша. Мемлекеттік билік қоғамның өмір сүруінің оптималдық режимі ретінде. Билікті ұсыну (делегациялау) мәселесі және билікті бөлу. Билік принциптері. Биліктің заңдылық деңгейі: ашықтағы (легализация) және заңдылығы (легитимация) . Тарихи ретроспективадағы биліктің эволюциялық типтері. Билік формалары және басқару түрлері: монархия және республика, оның түрлері: мемлекеттік құрлыстар: унитарлық, федеративтік, конфедеративтік. Билік саяси режимдерде: тоталитарлық, авторитарлық, либералды- демократиялық. Квалификация негіздері. Тоталитаризмнен демократияға өту. Билік құқық, мораль, тарихи модификациялары мен өзіндік қарым- қатынастары. Билік қазіргі әлемдік даму контексінде.
4. Цивилизация тарихындағы саяси ойлардың даму кезеңдері.

Саяси ойлар тарихи саяси ғылымның құрамдас бөлігі, оның ролі мен маңызы.

Ежелгі дүниенің саяси ойлары. Ежелгі Шығыс- Батыс деспотиясы, патернализм, традиционализм, билікті құдай әсерімен пайда болды деп түсіну. Антикалық кезең – діни- мифологиялық көзқарастардан ұғымдық – талдау және юридикалық зерттеуге дейін. Мемлекет құрылымынын талдау, оның түрлерінің жіктелуі, басқарудың ең дұрыс түрін анықтау.

Орта ғасырлық саяси ойлар: араб- исламдық және батыс европалық. Діни қызметкерлер күшімен әлеуметтік - саяси ойлардың дамуы. Саясаттағы мемлекет пен діннің ролі. Ортағасырлық саяси ойлардың негізгі сұрағы – екі биліктің қарым- қатынасы: зиялы және діни, шіркеулік және мемлекеттік. Византиялық вариант.

Жаңа Еуропалық саяси ой – Қайта өрлеу мен Ағартудан ХХI ғасырдағы саяси теориялар мен доктриналарға дейін. Саяси теорияның гуманитарлық даму бастаулары, оның теологиядан босауы. Адамның табиғи құқы, қоғамдық келісім туралы тұжырымдар, билікті бөлу қажеттілігін негіздеу, либерализм мен консерватизм концепциялары, неолиберализм мен неоконсерватизм, солшыл және оңшыл радикализм. Демократия туралы қазіргі заманғы концепциялар. Құқықтық және әлеуметтік мемлекет теориялары. Құндылықтарды талдау және демократия қызметінің механизімі.

Қазақ халқының рухани мұрасындағы саяси ойлар. Еуразиялық идеялар, Ресей мен Қазақстандағы сұрақтың теориясы мен тарихы.


5. Қазіргі заманғы саяси жүйелер.

Саяси жүйе түсінігі, оның құрылымы мен элементтері, қызметтері, нормалық негізі.

Саяси жүйелер типологиясы. Саяси жүйелердің құрылуының, және дамуының детерминантары. Құндылықтар жүесі саяси жүйелердің классификациясының белгісі (критерий) ретінде. Автократия және демократия.

Қазіргі замандағы негізгі саяси жүйелер, оларды салыстырмалы талдау.

6. Мемлекет және азаматтық қоғам.

Мемлекет ұғым тарихы және оны зерттеу әдістері. Әлемдік саясаттану қоғам өміріндегі мемлекеттің пайда болуы туралы. Мемлекеттің пайда болуының негізгі концепциялары: теологиялық және патриархалдық, қоғамдық келісім теориясы (Гоббс, Ж.Ж. Руссо), «күш көрсету теориясы» (Гумплович Л.), маркстік.

Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің универсалды және негізгі институты ретінде. Оның басқа саяси институттардан- саяси ұйымдар мен қозғалыстардан айырмашылығы. Мемлекет белгілері: жария билік, егемендік, жалпылық, территория, тұрғындары, мемлекеттік аппарат, салық жинау құқығы.

Мемлекет функциясының классификациясы. Әр түрлі елдердегі оларды жүзеге асырудың ерекшеліктері. Либерализм, плюрализм, марксизм, анархизм және кейнисиандық қоғамдағы мемлекет ролі туралы. Саяси мәселелерді шешу- мемлекет қызметінің ең қиын әрі жауапты сферасы. Қазіргі әлемдегі мемлекет эволюциясының тенденциясы. Қазіргі сайлау жүйесі, әлемдік тәжірибедегі сайлау. Мемлекеттік басқару органдары. Мемлекеттік аппараттың ролі мен функциясы. Қазіргі заманғы мемлекеттің негізгі функциялары.

« Билікті бөлшектеудегі » заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесінің өзара қарым-қатынасы. Құқықтық мемлекет және қоғамдағы ролі. Құқықтық мемлекет: пайда болу тарихы және қазіргі зерттеу бағыттары. Демократиялық мәні мен принціптері. Құқықтық мемлекетті ұйымдастыру, негізгі белгілері және критерийлері. Қ.Р-ында құқықты мемлекеттің қалыптасу мәселесі.

Азаматтық қоғам – қазіргі саяси ғылымның негізгі түсініктерінің бірі. Азаматтық қоғам- мәселесінің тарихы, мәні және ұғым мазмұны, экономикалық негізгі және саяси критерийлері. Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара байланыс диалектикасы.

Азаматтық қоғамның қызмет ету және өзіндік дамуының шарты: демократиялық мемлекеттік құрылымдардың болуы, жалпыға ортақ нормалары (ережелері) мен процедураларды, заңдарды мемлекеттің қатаң ұстануы; қоғамда әралуан дамыған әлеуметтік құрылымдардың болуы; тұлғаның әлеуметтік, интелектуалдық, психологиялық дамуының жоғарғы деңгейі; сондай – ақ мәдениеттің және саяси мәдениеттің жоғарғы деңгейі.

7. Саяси партиялар, қоғамдық- саяси ұйымдар және қозғалыстар.

Парития туралы түсінік және оның функциялары. Саяси партия және партия жүйесінің генезисі. Партиялық ұйымдардың құықтық институционализациясы. Жіктеу критерийлері және партия типологиясы. Парламенттегі саяси партиялар.

Партия жүйесі туралы түсінік. Партиялық жүйелердің даму тарихы, типологиясы, қызметі. Батыстағы партиялық жүйелер. Қазақстандағы саяси плюрализмге ауысу: тенденциялары мен мәселелері.

Қоғамдық- саяси қозғалыстар, түрлері мен функциялары. Қ.Р.- да қоғамдық- саяси ұйымдар мен қозғалыстардың қалыптасуы.
8. Саясат субъектілері: тұлға, әлеуметтік топтар, әлеуметтік бірлестіктер.

Cаясат субъектілері, олардың билік жүйесіндегі орны мен ролі. Тұлға – саясат субъектілерінің біріншісі (бастапқысы). Тұлғаның саяси субъектілінің жағдайы. Адам құқығының концепциясы.

Әлеуметтік – таптық дефференциация және қазіргі қоғамның әлеуметтік стратификациясы. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік құрылымының даму тенденцисы мен саясаттың жаңа субьектілерінің қалыптасуы.

Әлеуметтік – этникалық бірлестіктер саясаттың субъектісі мен обектісі ретінде. Қазақстан Республикасындағы ұлттық- мемлекеттік обьектісі ретінде. Қазақстан Республикасындағы ұлттық – мемлекеттік жағдайының ерекшеліктері және ұлттық саясаттың негізгі бағыттары.




  1. Саяси мәдениет пен саяси әлеуметтену.

Саяси мәдениетті зерттеудегі әр түрлі бағыттар мен әдістер (Парсонс Т., Истон Д., Алмонд Г., Вебера С., Пай Л., Такер Р.,Липсет С., Розенбаум В.). Саяси мәдениеттің ұғымы, мәні, құрылымдық бөлшектері мен функциялары, оның ұлттық мәдениетпен, әлеуметтік – мәдени, ұлттық – тарихи, діни, ұлттық – психологиялық дәстүрмен, әдет – ғұрыптармен байланысы. Қоғамның, әлеуметтік қауымдастықтың және тұлғаның саяси мәдениеті, олардың ерекшеліктері мен өзара әрекеті және саяси жүйенің қызметіне тигізетін әсері. Саяси мәдениеттің типтері. Қоғамның саяси мәдениеті мен саяси субмәдениеттерінің ара қатынасы. Қазақстандық саяси мәдениеттің ерекшеліктері. Қазақстан Республикасында демократиялық саяси мәдениетті қалыптастыру мен даму мәселелері.

Саяси әлеуметтену индивидтің әлеуметтік - саяси ілімдері, нормалары, құндылықтар мен іс - әрекет дағдыларын, саяси қатынасуды игеру процесі ретінде. Саяси әлеуеттену мәселесін зерттеудегі әр түрлі бағыттар және олардың саяси тәжірибемен байланысы. Саяси әлеуметтенсіздену мәселелері. Саяси әлеуметтенудің мақсаты мен міндеттері, оның обьективті және субъективті мінездемесі. Адамның саясат саласына неу сатылары, кезеңдері. Саяси психоанализ: тұлғаның саяси әлеуметтенуіндегі санасыздық механизімі. Саяси әлеуметтену формалары. Бірінші және қосалқы, вертикальдық және горизонтальдық саяси әлеуметтену. Саяси әлеуметтену институттары.

Қазіргі жағдайдағы Қазақстан Республикасындағы тұлғаның саяси әлеуметтенуі, оның ерекшеліктері.



  1. Әлемдік саясат және қазіргі халықаралық қатынастар. Егемен Қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінде.

Әлеуметтік – саяси ой тарихындағы халықаралық қатынастар. Халықаралық қатынастардың обьектісі мен пәні.

Әлемдік саясат, түсінігі, мазмұны. Халықаралық қатынастар, даму тенденциялары. Халықаралық қатынастардағы ұлттық мүдде. Сыртқы саясат, оынң ішкі саясаттан ерекшеліктері. Сыртқы саясаттағы мемлекеттің ролі. Геосаясат түсінігі. Халықаралық қауіпсіздік. Қазақстанның халықаралық саясатқа араласуы. Қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінде. Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттары. Қазақстан дипломатиясы, қалыптасуы және дамуы. ХХI ғ. халықаралық қатынастардың дамуы жағдайын болжау.

Әдебиеттер.

N


Кiтап,мақала авторлары.

Аталуы.

Баспасы,жылы

1

2

3

4

1


Белов Г.А.
Курс лекций, политологий
М., 1997

2

Бижанов А.Х.

Республика Казахстан: Демографиическая модернизация общества переходного периода

М.,Про-грес 1998

3

Бурханов К.Н., Карин Е.Т., Сатпаев Д.А., Давыдов

Экстремизм в центральной Азии: институт России и Китая.

А., 2000

4

Гаджиев К.С.

Введение в политическую науку.

М.Логос 1997

5

Кушербаев К.С.

Этнополитика Казахстана: состояние, перспективы.

А., 1996

6

Лаумулин М.Т.

Казахстан в современных международных отношениях: безопасность, геополитика, политология.

А., 2000


7

Мухаев Р.Т.

Политология

М., 1997

8

Панарин А.С.

Политология

М.Прос-пект 98

9

Л.А. Байгельдинов

Политология

А., 1997

10




Политология: энциклопедичесий словарь

М., 1993

11

Нысанбаев А.Н.

Политология

А., 1998

12

Марченко М.Н.

Политология

М., 1999

13

Такаев К.К.

Внешяя политика Казахстана в условиях глобализации.

А., 2000

14

Цыганков П.А.

Международные отношения

М., 1996

15




Закон о политических партии

А., 2002




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет