Презентация Тақырыбы: Энергия түрлері Шымкент-2023



Дата05.02.2023
өлшемі0,79 Mb.
#65265
түріПрезентация

Орындаған: Серік М

Тобы: ФӨТҚА 04-21

Қабылдаған: Даулетбаева Д.А


Инженерлік пәндер кафедрасы
Презентация
Тақырыбы: Энергия түрлері
Шымкент-2023

Жоспар:

  • 1. Кіріспе
  • 2. Негізгі бөлім:
  • 2.1 Энергия туралы анықтама
  • 2.2 Энергия түрлері
  • 3.Қорытынды
  • 4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе бөлім:


Қазіргі заманды электр энергиясынсыз мүлдем елестету мүмкін емес.
Энергия – бұл адамзат тіршілігінің дамуына жағдай жасаушы және
ынталандырушы бірден-бір табиғи қайнар көз. Қарапайым ғана мысал:
егер электр энергиясы болмаса, үйіңіздегі теледидар, тоңазытқыш,
телефоныңыз істен шығады, киім үтіктей алмайсыз, компьютер қоса
алмайсыз. Әлем де үлкен үй секілді: энергиясыз зауыттар мен ірі
кәсіпорындар жұмыс істеуін тоқтатады, ал олар болмаса, азық-түлік
өндіріліп, киім-кешек шығарылмайды, жұмыссыздық белең алады,
адамдар кедейшілікке ұшырайды… Былайша айтқанда, электр энергиясы
— тұтас әлем экономикасының бүлкілдеп соғып тұрған «қантамыры». Күн
сайын оған деген сұраныстың артуынан, тұтынушыларды электр
энергиясымен толық қамтамасыз ету әлем елдерінің басты мәселесіне
айналды. Біздің болашағымыз өзіміздің қолымызда. Сондықтан еліміз,
бүкіл әлем энергия өндірудің жаңа әдісі мен үнемдеу жолын іздестіріп
жатқаны баршамызға мәлім. Жалпы қорыта айтқанда біздің өміріміз үшін
энергияның атқаратын рөлі зор.
Энергия (гр. energeіa - әсер, әрекет) - материя қозғалысының әр түрлі формасының жалпы өлшеуіші.
Материя қозғалысының әр түрлі формалары бір-біріне айналып (түрленіп) отырады. 19 ғасырдың орта
шенінде осы қозғалыстың барлық формалары бір-біріне белгілі бір сандық мөлшерде ғана айтылатындығы
анықталды; осы жағдай "энергия" ұғымын енгізуге, яғни қозғалыстың әр түрлі физикалық формаларын
бірыңғай өлшеуішпен өлшеуге мүмкіндік берді. " Энергия" ұғымы сақталу заңына бағынады (қ. Энергияның
сақталу заңы, Термодинамика). Энергия туралы түсінік мәңгілік қозғалтқыш жасаудың мүмкін еместігін
дәлелдеуге байланысты пайда болды. Жұмыстың қоршаған ортадағы немесе жүйедегі белгілі бір өзгерістің
(отынның жануы, судың құлауы, т.б.) нәтижесінде ғана орындалатындығы анықталды; дененің бір күйден
басқа бір күйге ауысуы кезіндегі белгілі бір жұмыс істеу қабілеті оның энергиясы деп аталды.
Қозғалыстың әр түрлі формасына сәйкес энергияның да бірнеше түрі бар (мысалы, механикалық энергия,
химиялық энергия, электромагниттік энергия, гравитациялық энергия,ядролық энергия, т.б.)

Энергия


Энергия екіге бөлінеді: потенциалдық және кинетикалық энергия. Потенциалдық энергия денелердің немесе дене бөліктерінің өзара алмасуынан пайда болады. Кинетикалық энергия дене қозғалысқа түскенде пайда болады.
Кванттық физиканың дамуы энергия ның квантталатындығы жайлы, яғни кейбір жағдайда жүйенің энергиясы тек дискретті (үздікті) мәндерді ғана қабылдайды деген фактіні дәлелдеуге мүмкіндік берді. Мұндай жағдай мысалы, сәуле шығару энергиясына, микробөлшектердің тербеліс және айналу Энергиясына қатысты айтылады. Салыстырмалық теориясында Энергия (Е) мен масса (m) арасындағы байланыстың (Е=mс2, мұндағы с – вакуумдегі жарық жылдамдығы) ашылуы физика үшін зор маңызды болды. Бұл қатыс әмбебап қатыс болып есептеледі. Сондықтан ол тіпті өте кішкентай микробөлшектің өзінде де әрқашан қозғалыстың белгілі бір түрі болатындығын көрсетеді. Мұндай қозғалыстың өлшеуіші mс2 өрнегі болады. Әсіресе бұл қатыстың ядр. энергетиканың дамуына байланысты іс жүзіндегі маңызы арта түсті. Энергия бірліктердің халықаралық жүйесінде (СИ) джоульмен, бірліктердің СГС жүйесінде эргпен өлшенеді. Ал ядролық және атомдық физикада энергияның өлшеу бірлігі ретінде электронвольт алынады.

Кинетикалық энергия


Дененің қозғалысымен байланысты энергия кинетикалық энергия деп аталады. Денені үдету үшін орындалатын жұмыс оның кинетикалық энергиясын арттырады, ал үдетілген денемен орындалатын жұмыс оның кинетикалық энергиясының төмендеуіне әкеледі. Дененің кинетикалық энергиясы дененің жылдамдығының квадратына тура пропорционал. Кинетикалық энергия бір денеден екінші денеге беріледі, сонымен қатар ол өзінің формасын өзгертеді. Бір қалыпты қозғалатын дененің кинетикалық энергиясын динамика мен кинематика теңдеулерін қолданып,денені үдету үшін жасалынатын жұмыс ретінде анықтауға болады

Потенциалдық энергия


Дененің потенциалдық энергиясы гравитациялық өрісте дене салмағы мен оның орналасқан биіктігінің көбейтіндісіне тең. Потенциалдық энергия белгілі бір деңгейге байланысты беріледі. Дененің энергиясының артуы мөлшері біз көтеретін биіктікпен салыстырғанда үлкен болып келетін , биіктігін анықтай алмайтын денелердің биіктігін ауырлық центрі арқылы анықтаймыз.

Қорытынды


Жалпы, қалпына келетін энергияның келешегі зор,
экологиялық таза, қоры ешуақытта сарқылмайды,
арзан әрі тиімді. Оларды пайдалану табиғат
баланстарын бұзбайды. Егер біз баламалы энергия
көздерін тиімді және үнемді пайдаланатын болсақ
бұл біздің келешегіміздің кепілі. Қуат
жетіспеушілігі мәселесін шешудің бір амалы –
қуатты үнемдеу. Қуатты үнемдеуге бағытталған
шаралар Қазақстандағы нағыз балама қуат көздері
болып табылады.

Қорытынды:


1.Жылу энергетика жүйелері мен энергияны қолдану : Оқулық. / Ф.Н. Булатбаев, О.Ю. Кайданович, Е.Г. Нешина, Г.Г. Таткеева. - Қарағанды: ҚарМТУ, 2017.http://rmebrk.kz/
2.Қамбаров, Марат. Қазақстан баламалы энергетикасы [Мәтін] : анықтамалық / М. Қамбаров; Қазақстан энергетик-инженерлер одағы. – Алматы
3.«Электр энергиясын алу, түрлендіру, жеткізу және ...
https://infourok.ru › material

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет