Орыс дәрігері Н. И. Лунин



бет1/6
Дата12.04.2023
өлшемі20,47 Kb.
#81865
  1   2   3   4   5   6

Витаминдер дегеніміз - азық-түлік өнімдерінде , жем-шөпте шағын мөлшерде ғана кездесетін, ал адам мен жануарлар организмінде бірқалыпты тірлішік үшін өте қажетт төмен молекулалы органикалық заттар.


Орыс дәрігері Н. И. Лунин ақ тышқандармен тәжірибе жасап, оларды тек ақуыздармен, майлармен, көмірсулармен, тұздармен және сумен ғана қоректендіру бірқалыпты тіршілік үшін жеткіліксіз екенін ең алғаш дәлелдеді.Лунин тәжірибе жасау үшін ақ тышқандарды екі топқа бөліп азықтандырды
1-топқа -су,казейн,лактоза, май,тұз бар жасанды сүт
2-топқа-сиыр сүтін берді.
Тәжірибе нәтижесі -20-30 тәуліктен соң құрамында жоғарыда аталған бес түрлі зат бар жасанды сүт ішкен тышқандар өліп қалады. Ал сиырдың табиғи сүтін ішкен тышқандар қалыпты тіршілік етеді.Осы тәжірибеден Н. И. Лунин мынадай дұрыс қорытынды шығарды: «...жоғарыда аталған тәжірибенің нәтижесіне қарағанда,ақуыздармен, майлармен, қантпен, тұзбен, сумен ғана қоректендіріп тіршілікті қалыпты қамтамасыз етуге болмайды екен және табиғи сүт құрамында казеин, май, сүт қанты және тұздан өзге, тіршілік үшін аса қажетті, ауыстырылмайтын басқа заттар да бар болуы тиіс. Осы заттарды зерттеу және олардың қоректік бағасын анықтаудың маңызы зор».
Неміс ғалымы Штепп (1908 —1912 жж.) нан мен сүтті пайдаланып, осыған ұқсас тәжірибе жүргізді. Ол ғалым нан мен сүтке спиртпен және эфирмен әсер етіп, ерітіндіге шықпаған қалдықтармен тышқандарды азықтандырады. Мұндай азықтандыру кезінде тышқандар өліп қалған. Оның зерттеуі нан мен сүтке спиртпен және эфирмен әсер ету арқылы алынған ерітіндіде аз да болса тышқандардың тіршілігі үшін қажетті заттар бар екенін керсетті.
Поляк ғалымы К. Функ (1911 ж.) ақталып тазартылған күрішке оның кебегінің сығындысын қосып, тауыққа береді. Мұндай жемді жеген тауық бери-бери ауруының өршуін болдырмаған. Мұнан кейін ғалым бери-бери сырқатынан сақтайтын затты күріш кебегінен бөліп алады. Ол амин тобы бар химиялық зат екенін анықтайды. Сондықтан Функ ол затты витамин деп атайды (латынның vita деген сөзінен шыққан, тіршілік, өмір деген мағынада, витамин —тіршілік амині.
Азық-түлік және жем-шөп құрамында витаминдердің жетіспеуі немесе мүлде болмауя организмдегі зат алмасу процесін бұзады.Мысалы:мұндай жағдайда жас төлдің өсуі тоқтайды және әр түрлі ауруларға шалдығады. Азық -түлікте,жем-шөптее ұзақ уақыт бойы витаминдер болмаса немесе организинің витаминді сіңіру қабілеті бұзылса ауру пайда болады. Ондай ауруды авитаминоз деп атайды. Қоректе ұзақ уақыт витамин болмаса , организм құрқұлақ ауруына ұшырайды. Мұндай витаминдер жоқ жағдайда құқұлақ - С-авитаминоз деп жазу қабылданған. Осылайша рахит (мешел) -Д-авитаминоз, Бери - бери -В1 -авитаминоз , т.с.с
Авитаминоз ауруларын витаминдерді көбірек беру арқылы емдейді.Авитаминоз ауруларының белгісі айқын білінеді, сондықтан оның диагнозын қойып, анықтау онша қиын емес.
Барлық витаминдер өздерінің физико-химиялық қасиеттеріне қарай екі класка бөлінеді. Олар 1)майда еритін витаминдер ; 2) суда еритін витаминдер.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет