Презентация түрінде ұсыну т 2 Салыстырмалы, күшейтпелі



бет1/2
Дата25.11.2023
өлшемі113,19 Kb.
#127772
түріПрезентация
  1   2

«Уақыт – ұлы күш», «Жердегі климаттық өзгерістер» бөлімі бойынша
жиынтық бағалау №2

Оқу мақсаты

О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді




кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсыну




Ж4. Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап,




презентация түрінде ұсыну










ТБ1.2

Салыстырмалы,

күшейтпелі,

асырмалы




шырайлардың қызметін білу, жазба, ауызша жұмыстарда




қолдану










Бағалау критерийі

Білім алушы







  • Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсынады





  • Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайларды жазба, ауызша жұмыстарда қолданады


Ойлау дағдыларының
деңгейі Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары


Орындау уақыты 15-20 минут

1-тапсырмаМәтінді түсініп оқып, тапсырмаларды орындаңыз.
Бос уақытта қандай іспен айналысса болады?
Көпшілік бос уақытын қалай өткізуді білмей, кейде «Менің мүлдем бос уақытым жоқ» дейді. «Немен айналысуға болады?» деген сұраққа психологтер: «Өзіңізге ұнайтын ермек іс (хобби) тауып алыңыз », - деп кеңес береді. Олар тек уақытты пайдалы өткізуге ғана емес, денсаулыққа да оң әсерін тигізеді. Олай болса, бос уақытта қандай іспен айналысса болады?

Қолөнер. Көңілсіздіктен арылтатын іс – тоқыма тоқу. Тоқыма тоқыған кезде өзіңізді жайлы әрі жеңіл сезінесіз. Сондай-ақ, кесте тігу, сурет салу, экибана жасау, бисер тоқу, т.с.с. қолөнермен айналысуға болады.

Гүл өсіру. Жер үйде тұратын көп адамдар бос уақытын бау-бақшада өткізеді. Ал көп қабатты үйде балконда шағын бау-бақша жасауға болады. Кішкентай гүл ыдыстарына қалаған үй өсімдіктерін егіп, оны күтіп-баптауға кірісіңіз.

Коллекция жинау. Өзіңізге қызықты дүниелерді жинастырыңыз. Олар: әдеби кітаптар, күйтабақтар, базарлықтар, пошта маркалары, ыдыс-аяқтар, жұмсақ ойыншықтар, т.б.

Үй жануарын асыраңыз. Олар: аквариумдағы балықтар, мысықтар, кішкентай иттер, тасбақа т.б. Үй жануарыңызға күтім көрсетіңіз.

Блог жүргізіңіз. Ғаламтор беттеріндегі ақпараттық-танымдық порталдарға тіркеліп, блог жүргізіңіз. Өзіңіздің басыңыздан өткен қызықты оқиғаларды, ойларыңызды жазып, өзгелердің пікірін оқыңыз. Әртүрлі форумдарда өзгелермен өз ойыңызбен бөлісіңіз.

Спортпен шұғылданыңыз. Фитнесс-клубтары мен спорт залдарына барып, би, жүзу, йога, аэробикаға жазылыңыз. Достарыңызбен жиылып, спорт алаңына барып, бадминтон, волейбол, баскетбол ойнаңыз. Шеңбер айналдырып, жаттығулар жасаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет