Президент елдегі 3400 судьяның алдындағы басты мін- дет ті атады. Ол-халықтың сотқа деген сенімі. Астанада



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата31.12.2016
өлшемі3,82 Mb.
#869
  1   2   3   4

№92   (10241)

...Президент елдегі 3400 судьяның алдындағы басты мін-

дет 

ті атады. Ол-халықтың сотқа деген сенімі. Астанада 

өтіп жатқан VII судьялар съезінде Елбасы бірінші кезекте сот 

жүйесінің қолжетімділігін арттырып, оған халықтың сенімін 

нығайту керек деді. Ағымдағы жылдың 10 айында тұрғындар 

сот пен құқық қорғау органдарына көңілі толмастан, Пре зи-

дент әкімшілігіне 7 мың шағым түсірген. 32 судья тәртіптік 

жауапкершілікке тартылды. Мемлекет басшысы осындай бір-

қа тар  олқылықтарды  сынай  келе,  сот  мәртебесін  арттыру 

маңыздылығына тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев сот жүйесі 

түзелмей, реформаларды сәтті іске асыру мүмкін еместігін 

айта келе, Ұлт жоспары – «100 нақты қадамның» 19-ы заң үс-

тем дігін қамтамасыз етуге бағытталған деді. 

 

(Ресми ақпарат көздерінен). 

15460


65460

15461


65461

65425


Аймақ жаңалықтарынан дер кезінде құлағдар 

болғыңыз кел се, аталған газеттерге жазылыңыздар!

Жазылым тек «Толқын» газетінің редакциясында 

жүр гізіледі.



Баспас з - 2017

·

·



Құрметті оқырман! Өздеріңіздің сүйікті төл 

басы лым дарыңыз  «Толқын»  газетіне  2017  жылдың 

І жарты жыл дығына жа зылу жүріп жатыр. Жазылу 

бағасы жеке азаматтар үшін 1 жыл ға-4000 теңге, 

6 айға-2000 тең ге. Мекеме, кәсіпорындар үшін бір 

жылға-6000 теңге, 6 айға-3000 теңге. Газетке жазылу 

редак цияда  жүргізілуде.  Ин дек сі-68028. 

Мекен-жа йымыз:  Қарасақал  Ерімбет  көшесі  №66 

үй. 

Аудан айнасына, жаңалық жаршысына баланған 



басылымға жазылуға асығыңыздар!

Құрметті оқырман!

2017 жылдың баспасөзге жазылу науқанында 

аудандық «Тол 

қын» газеті редакциясы арқылы 

төмендегі газеттерге жа зы луға болады. 

Жолдау  дамуға  бастайды

·

·



Қазақстанның өз тәуелсіздігінің 25 жылды-

ғы на аяқ басар тұстағы тарихи жетістігі әлем 

назарында. Осынау ширек ғасыр уақыт ара лы-

ғындағы ішкі және сыртқы саясатты Ел ба сы-

мыздың көрегендікпен белгілеп, еліміздің даму 

жолын дұрыс таңдай білуінің нәтижесінде, қа-

зіргі жаһандық дағдарыс жайлаған кезеңде де 

өсіп-өркендеуімізге зор мүмкіндік туып отыр.

Әлемде болып жатқан түрлі жағдайлар мен 

қарулы қақтығыстар, әр жердегі лаңкестік 

әре кеттер  мен  экономиканың  тоқырауы,  баға-

ның өсуі мен қаржы дағдарысы қосылып алаң-

даған сәтте, Елбасымыздың өткен жыл 

дың 


қараша айында жолдаған Жолдауы қазақ-

стан дық тардың  көңілін  бір  демегендей  болды. 

Соның нәтижесінде, халқымыз кез келген 

қиын дық тарға  қарамастан  еңбек  етуге  үйреніп 

келеді.  

Жолдауды ұзақ мерзімдік «Қазақстан-2050» 

стратегиясын жүзеге асыруға, мемлекет тілі гі-

міз ді нығайту ісіндегі сындарлы жолдан адас-

пауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай 

жасап, мүмкіндік беретін маңызды құжат деуге 

болады.

Елімізде 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 



кәсіптік білім беру тегін жүзеге асырылатын 

болады. Осыған байланысты, Елбасымыз Үкі-

мет ке  Германия,  Австралия,  Сингапур  секілді 

әлемнің дамыған мемлекеттерімен бірлесіп, 

кәсіптік білім беретін оқу орындарын ашуды 

тапсырды. Алдағы уақытта жастарымыз осын-

дай оқу орындарында білім алып, жұмысшы ма-

ман дығын меңгеріп, өз кәсіптерінің нағыз ше-

бері болып қалыптасады деген үмітіміз мол.

Сондай-ақ, қазақстандық іскер азаматтарды 

адал әрі заң аясында өмір сүруге шақырып, 

Қазақстанды өркендетуге өз үлестерін қосатын 

уақыттың келгендігін де атап айтқан болатын. 

Әсіресе, жекешелендіруге қатысып, қаржыны 

жаңа жұмыс орындарын ашуға жұмсаудың ма-

ңы зы зор екендігіне де айрықша көңіл бөлген. 

Ал, елімізде шығарылатын өнімдердің сапалы, 

ыңғайлы, әдемі және арзан болуын қамтамасыз 

етуге толық мүмкіндіктердің бар екендігін де 

мысалмен жеткізген еді. Шындығында, ен-

дігі жерде шетелдерден тасып әкелінетін 

бұй 


ым 

дарды өзімізде жасап, сәнді де арзан 

киім-кешектерді өзімізде тігіп шығаруға мол 

мүмкіндіктің бар екені де рас. Себебі, Қазақ-

станда мақта өсіріледі, жүн мен тері және басқа 

шикізаттар да жеткілікті. Тек, барымызды иге-

ріп, игілігімізге жарата білу мәселесін жергілікті 

жердің өзінде қолға алғанға не жетсін. 

Еліміздің бүгінгідей дәулетті де сәулетті ел 

болып, әлемдік деңгейде өз орнын алуы-ел бір-

лігі мен тыныштығының арқасы. Бүгінгі ахуал 

біздің жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді 

шыңдай түседі. Сондықтан, жауапты кезеңде 

бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай 

тер төгуіміз қажет.

Күлмараш БЕКБОСЫНОВА, 

Арал қаласы.

К РДЕЛІ  КЕЗЕ НЕН  СЕНІМДІ  ӨТУДЕМІЗ

Мемлекетіміздің тәуелсіздік 

алғанына 25 жыл толады. Осы-

нау аз ғана уақыттың ішінде 

ора сан зор өзгерістер болды. 

Елі міз  әлемдік  кеңіс тік те  өзіндік 

орны бар беделді мемлекетке 

ай нал ды.  Тәуелсіздік  алған нан 

соң, қол жеткізген үлкен жетіс-

тігіміздің бірі-халқымызды 

аз  ды  рып,  жерімізді  тоздырып 

Ота  нымызға 40 жыл бойы қатер 

төн  дірген  Семейдегі  ядролық 

сынақ полигонының мәңгілікке 

жабылуы еді. 

Семей  поли го нын да  1949 

жылдың 29 тамызында қуаты 

20  ки ло тон дық  атом  бомбасын 

жарды. Сол сынақтан миллионға 

жуық адам аса күш ті радиация 

сәулелеріне шалдыққан болатын.

Иә, оның қасіретін көрген 

жандар өмір ден ерте өтті, көбі 

мүгедек  болып қалды. Осынау 

40 жыл ішінде бес жүзге жуық 

ядролық жарылыстар жердің 

ас тында, үстінде және ауада 

сыналғанын ха лық еш уа қытта 

ұмытпайды.

Біз жарылыстар жүргізілген 

қауіпті аймақта Ке ңес өкіметі 

кезінде әскери бо рышымызды 

үш жыл өтедік. Сонда адам-

дардың қиналғанын өз 

көзімізбен көрген ұрпақпыз. 

Бірақ, бәрі аса құпия түрде іске 

асырылғандықтан, біз тіпті, 

байқамай да қалатын едік. 

Әскери базалар, техникалар, 

ұшақтар жердің астында 

орналасқанын кейін білдік. Бізді 

ол жерден сәл қашықтау ұстады.

Соңғы ядролық жарылыс 

1989 жыл дың 19 қа заны күні 

ұйымдастырылды. Мі не, содан 

бері киелі жеріміз, қасиетті да-

ла мыз тынышталды. Ал, 1991 

жылы 29 та мыз да Президентіміз 

Н. Назарбаев «Се мей  ядролық 

полигонын жабу туралы» Жар-

лыққа қол қойып, адамзатқа 

тажал әке летін полигонды 

жапты.

Мұнда «Невада-Семей» 



қоғамдық бір лестігінің де 

ықпалы  болды.  Тәуел сіз ді гіміздің 

арқасында ядро лық қарудан 

бас тартып, бейбіт өмір сүріп 

келеміз. Ел ба сы Н. Назарбаев 

әлем жұртшылығын  ал пауыт 

елдерді осы бастаманы қолдауға 

ша қы рып  келеді. 

Біз, Семей сынақ атом 

полигонында Отан ал дын-

дағы борышымызды өтеген 

жауынгер-арда гер лерміз.  Кеңес 

Одағы ның әскери күш-қуа тын 

арттыруға,  қор ға ныс  қабілетін 

нығайтуға  үлесі міз ді  қос тық. 

Жақында аталмыш полигонның 

жа бы  луы ның  жиырма  бес 

жылдығына шық қан төсбелгімен 

марапатталдық.  

«Дәулетэнерго» ЖШС 

директоры  Қ.  Ерді қа лы қов, 

«Тоғыс-Аралотын» ЖШС 

ди рек торы  М.  Жұ ма шев, 

“СДО” ЖШС ди рек торы Н. 

Әйімбетов, облыстық мәс ли хат-

тың депутаты К. Бедер, «Кам-

ба ла-ба лық»  ЖШС  директоры 

Ш.Әбдуәлиев,  «Қам  қор-тұтыну» 

ЖШС директоры З. Өте нов, 

жеке кә сіп кер Б. Жандәулетов 

Семей сынақ полигонында атом 

бом ба сы нан  зардап  шеккен 

ардагерлерге,  мү ге дек  жандарға 

ұдайы қайырымдылық көмегін 

беріп, қуанышқа бөлеп келеді.

Иә, аспанымыз ашық, бейбіт 

заман бол сын. Осы ның бәрі 

тәуелсіздігіміздің ар қасы. Олай 

болса, еге менді еліміздің ба қыты 

баянды болса екен деп тілейміз.



Серік  ӨТЕБАЛИЕВ,

ҚР «Невада-Семей» 

қоғамдық бірлестігінің Арал 

ауданы  ардагерлерінің 

төрағасы.

Бағдарламалар халықтың бо-

ла шаққа деген үміті мен сенімінің 

артуы үшін жасалынады. Мем-

лекет тарапынан жасалған жос-

пар лар  елді  ұйыстырып,  берек-

бірлігінің нығаюына, мақсат-жі-

ге рінің  бір  арнада  тоғысуына 

жол ашады. 

Елбасымыздың «Қазақ-

стан-2050» стратегиясында ұлт 

ден  саулығы,  ауыл  шаруа шы лы-

ғын дамыту мен еңбек саясатын 

ұтымды шешу жолдары, са 

ла-

уат  ты  ұрпақ  тәрбиелеу,  ана  мен 



ба ланы қорғау, білім беру ісін 

же тіл діру,  кәсіпкерлерді  жан-

жақ ты қолдау секілді маңызды 

ба ғыт тарға  мән  берілді. 

Еліміздің жастары Ел 

ба 


сы-

мыз дың  стратегиясынан  өзде-

ріне зор қолдау мен қамқорлықты 

сезініп, бұл күндері игілігін де 

көруде. Себебі, соңғы он шақ-

ты жылдың өзінде білім алу 

ға 

жұмсалатын қаржы он есе 



ге 

жуық өсіп, жоғары білім алу ға 

берілетін грант саны да ай тар-

лықтай ұлғайған. 1993 жы лы қа-

былданған «Болашақ» бағ дар ла-

масы арқылы қаншама жастар 

шетелдің озық оқу орындарында 

оқыды. Өз елімізде де әлемдік 

университеттермен теңесе ала-

тын үздік білім ошақтарын ашу, 

зияткерлік мектептерді кө 

бей-


ту мәселелері де назардан тыс 

қалған емес. Бұл 2050 жыл-

ға дейін жүйелі жоспар жа сап 

отыр ған  Қазақстанның  жас тар 

сая сатына  оң  көзбен  қарай-

тынын көрсетеді. 

Айта кетерлігі, республика 

тұрғындарының әрбір екін 

ші 

азаматы жасы отызға тол ма ған 



адам екен. Демек, Қазақ 

стан-


жастар мемлекеті. «Жасыл ел», 

«Дипломмен-ауылға!» «Бо 

ла-

шақ»  сынды  бағдар лама лар дың 



бәрі де жас буынға жағ дай жа-

сау да.  Сондықтан,  Елба сы мыз-

дың: «Мен жариялаған Жаңа 

сая си және экономикалық бағыт 

сіздерге жақсы білім беруді, 

яғни бұдан да лайықтырақ бо-

ла шақ  сыйлауды  көздейді.  Мен-

сіздерге, жаңа буын қа зақ стан-

дықтарға сенім артамын. Сіз дер 

жаңа бағыттың қозғаушы кү-

шіне айналуға тиіссіздер» де-

ген сенімінің үдесінен шығуға 

тырысу-еліміздің әрбір жас 

азаматының парызы. Жастарды 

білімге, еңбекке, ынтымаққа үн-

дейтін «Мәңгілік ел» идеясы ба-

ры сында  кемел  де  келісті  келе-

шек тің  жарқын  күндері  алыс 

емес. Бұл жолда жастардың бір-

лігі мен отансүйгіштік қасиетті 

бойларына сіңіруі маңызды бо-

лып табылады.



Сәнімкүл САДЫҚОВА,

Арал қаласы.



25 жыл - 25 белес!

·

·



Арал аудандық ішкі істер бө-

лі мі  ғимаратында  Арал  аудан дық 

прокуратурасының 

ведомст во ара-

лық жедел мәжілісі болып өтті. Жи-

на лысқа  Арал  ауданының  про ку-

ро ры  Бауыржан  Асылбекұлы  Тоқ-

мырза,  аудан әкімінің орынбасары 

Рүстем Баймырзаұлы Өтешов, қала 

әкі мі  Бауыржан Махатов және ішкі 

іс тер бөлімі қызметкерлері қатысты.

Жиында алғашқы болып сөз ал-

ған аудан прокуроры жиналыстың 

не гізгі  күн  тәртібімен  таныстырып, 

ат қа рылып  жатырған  істерге  тоқ та-

лып өтті. 

Биылғы жылы қылмыс саны өт-

кен жылғыға қарағанда 37% төмен-

де генін, десе де, 2 адам өлтіру фактісі 

анық талғаны  белгілі  болды.  Сондай-

ақ, әкімшілік құқық бұзушылық та 

жиі орын алатыны сөз етілді. Со-

ны мен қатар, жол ережесінің жиі 

бұзылып отырғандығы да сынға ілін-

ді. 22 көлік апаты орын алып, 11 адам 

көз жұмғаны және 30 адамның түрлі 

жарақат алу фактілері тіркелген. 

Күн тәртібі бойынша үшінші мәселе 

айып пұл төңірегінде болды. Бұл жа-

ғын да жіті бақылауда ұстау керектігі 

баса айтылды.

Тағы бір тілге тиек етілген мәселе 

балықшыларды бақылауы жөнінде. 

Соңғы екі айда 4 кісі суға кетіп, со-

ның 3-еуі әлі күнге дейін табылмай 

жатыр. Іздестірілуде. Бауыржан Тоқ-

мыр за  осындай  жағдайдың  алдын 

алу үшін ішкі істер қызметкерлері 

тарапынан балықшылармен кез 

де-


сіп, түсіндірме жұмыстарын жүр гі-

зу ді тапсырды. Сондай-ақ, бұл істі 

ауыл дық  округ  басшылары  бақылау 

жүр гізуге  тиісті. 

Жиын соңында барлық ішкі 

істер қызметкерлерін қырағылық 

та ны тып,  барынша  белсенді  жұмыс 

жасауға шақырды. Ел тыныштығы, 

тұрғындардың қауіпсіздігі солардың 

қолында екендігі ескертілді.



«Толқын» ақпарат.

Балық аулау-аралдықтар үшін дәстүрлі кәсіп, әрі, 

өңір экономикасының негізін құрайтын салмақты 

бөлігі екені жасырын емес. Бүгінгі таңда аудан-

да теңіз байлығын игеріп, кәсіпке ден қойғандар 

саны жетерлік. Күні кеше жергілікті жерде балық 

ресурстарының жағдайына бағытталған мәні зор 

«Заңсыз балық аулаудың алдын алу және қыс 

мезгілінде балық аулаудағы қауіпсіздікті қамтамасыз 

ету» жөнінде мәжіліс  өтті.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлей ме нов-

тың төрағалығымен өткен басқосу Арал ауданына 

қарасты Қамыстыбас ауылдық округінде болған еді.

Жиынның негізгі мақсаты қазіргі таңда балық 

аулауда браконьерлікке тыйым салу мен табиғат 

пайдаланушыларды теңіз бен көл жүйелерін тиімді, 

белгіленген ережеге сай игеруге бағыттау әрі қыс 

мезгілінде балықшы қауымның қауіпсіздігін ұйым-

дас тыру  болатын.  Себебі,  браконьерлердің  оз быр -

лығы-тек айналасына ғана емес, тікелей өз өмір  ле-

ріне де қатер төндіріп отыр. Қазіргі күні бұл-қоғамды, 

жұртшылықты алаңдатып отырған күрделі мәселе. 

Аталған мәселелерді көтерген жиын ға облыстық 

тө тенше  жағдайлар  депар та менті,  табиғи  ре-

сурс тар  және  та биғатты  пайдалануды  реттеу 

бас қар масы,  жұмылдыру  басқармасы,  Арал  ау-

даны  про курату расы,  облыс  бой ынша  көліктік  ба-

қы  лау  инс пекциясы,  аудандық  ішкі  істер  бөлімі, 

ау дан  дық  жергілікті  полиция  қыз меті,  аудандық 

кірістер  басқармасы,  Қызылорда  об лыс тық  орман 

шаруа шы лы ғы  және  жануарлар  дү ниесі  аумақтық 

инспекциясының Арал инспекция бөлімі, аудандық 

жұмыспен қамту орталығы, облыс бойынша мем ле-

кет тік  еңбек  инс пек торы,  табиғат  пайдаланушылар, 

қала, кент, ауылдық округ әкімдері, БАҚ өкілдері 

түгелдей қамтылды. Сала басқармаларының басшы-

лары мен мамандары хабарлама жасап, атқарылған 

жұмыстардың жай-жап сарын баяндап өтті.

Атап айтқанда, қысқы мезгілде су айдын да рын-

дағы қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қам та ма-

сыз ету жөнінде атқарылған жұмыстар бойынша 

облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бас-

тығы О.Бержанов баяндап өтсе, облыс аумағындағы 

су алқаптарында балықтардың заңсыз аулануына 

жол бермеу мақсатында атқарылған шаралар мен 

проблемалық мәселелерге облыстық табиғи ре

 

сурс-


тар және табиғатты пайдалануды реттеу бас қар ма-

сының басшысы Е. Бекжанов талдама жасап өтті.

Сонымен қатар, облыс бойынша көліктік бақылау 

инспекциясының басшысы Е. Жолдасов та Кіші Арал 

теңізінде  шағын  көлемді  ке  ме  лердің  қауіпсіз  пайда-

лануын қамтамасыз ету жайын тарқатып атап өтті. 

Бұдан бөлек, өзге сала бойынша да бірқатар ұсыныс-

пікірлер ортаға  салынды. Соның ішінде, жиынға 

қатысушылар Арал аудандық прокуратурасының 

бір ай мониторинг жүргізу нәтижесімен әзірленген 

«Заңсыз балық ау лауға қарсы іс-қимыл жобасын» 

қолдады.  Бұл  жо ба ның  тиімді  тұстары  баршылық. 

Жоба негізінен ба лық ауланған сәттен бастап бірізді 

электронды жүйе арқылы есепке алыну керектігін 

қамтамасыз етеді. 

Балық дегеніңіз – дұрыс пайдалана білсек, азай-

ған қоры молаятын, сақтай білсек, сарқылмайтын ре-

сурс. Демек, осы саланы өркендетуді ұтымды ұйым-

дастыра алсақ, оның табысы да мол болмақ. 

Осы ретте, балық шаруашылығы талай ұрпақты 

да асырай алатынын, берекесі мол кәсіп еке 

нін 


баса айтқан аудан әкімі М. Оразбаев бұл саланы 

бо ла шақта ретке келтіру мәселесі күн тәртібінен 

түспейтіндігін атап өтті.

Сая  ЕРАЛИЕВА,

 Арал ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.

Елбасымыз кезекті Жолдауында, «Бо 

ла-


шақта өркениетті дамыған елдердің қа та рына 

ену үшін, заман талабына сай білім қажет. 

Қазақстанды  дамыған 30 елдің қа 

та 


рына 

жеткізетін-білім»,-деген  болатын.  Шын ды ғын-

да, ел дамуына сүбелі үлес қосып, оның атын 

жер-жерге танытуда ғылым мен білімнің алар 

орны ерекше екені даусыз. 

Рас, бүгінде білім берудің мазмұны жа-

ңа рып, жаңаша көзқарас пайда болды. Орта 

білім берудегі озық тәжірибелер бүгінгі күннің 

талабы болғандықтан, осы талап деңгейінде 

жұ мыс атқару әр ұстазға жүктелер үлкен мін-

дет, үлкен сын болып отыр. Бұл ретте, қол-

да нысқа енген бағдарламалар мен түрлі мақ-

сат тағы семинарлардың тек оқушы үшін ғана 

емес, мұғалімнің де кәсіби дамуына үл 

кен 

ықпалын тигізетіндігін айта аламын. Се бе бі, 



ауданның әр елді мекенінен жиналған мұ ға лім-

дер орта білім беру мазмұнын жаңарту ая сында 

ұйымдастырылған курстарда бас қосып, білімін 

жетілдіріп, басқа мектеп мұғалімдерімен үнемі 

байланыс  жасап,  өзара  тәжірибе  ал ма са ды. 

Бұл-әр мұғалімнің кәсіби дамуы үшін тап тыр-

мас мүмкіндік. Осы ретте, біз қатысып жат қан 

семинар төңірегінде сөз қозғамақпыз. 

Тиімді оқу мен оқытудың сипаттары, жа-

ңар тылған  білім  беру  бағдарламалары,  кри те-

риал ды бағалау моделі және белсенді оқыту 

тәсілдерін игеру аясында біздер білім бе рудің 

жаңаша бағыттарымен танысып жа 

тыр 


мыз. 

«Өрлеу» біліктілігін арттыру ұлттық ор 

та-

лығы АҚ-ның Қызылорда обылысы бой ынша 



педагогикалық қызметкерлердің білік 

ті 


лігін 

арттыру институтының тренері М. Ас 

қа 

ро-


ва ның  бұл  бағыттағы  өзіндік  ұстанымы  мен 

үй 


ретіп жатқан тәжірибесі біздерді қа 

нат-


тандыруда. Жалпы, мұғалімнің алдындағы 

мін дет  ауыр,  жауапкершілік  жоғары.  Отандық 

іс-тә  жі  рибе  негізінде,  әлемдік  тәжірибелерді 

бас  шы  лыққа  ала  отырып,  функционалды  са-

уат  тылығымызды  арттыра  білсек,  жақсы  нә-

ти  же  ге  жететініміз  сөзсіз.  Бұл-менің  өзіндік 

ой-пікірім. Бастысы, еліміз ұстанған бағыттан 

тай қы  масақ,  біздер  алмайтын  асу  болмайды 

деп бі лемін.

Г. СӘДУАҚАСОВА, 

№83 орта мектеп мұғалімі.



2

ЫРДА Ы  


Т-БЕРЕКЕ   ОН АН  ЖЕР

Қыр төскейінде мал бағып, ырыс 

пен берекенің бел ортасында отырған 

елдің бірі-Тоқабай ауылы. Округ 

атауы-Жіңішкеқұм. Жаңа ғасырдың 

басында қайта құрылған округ тұр ғын-

дары бүгінде төрт түлік малдан береке 

тауып отыр. Жері де мал бағуға аса 

қолайлы. Бұл елдің малдары құдықтан 

су ішпейді. Ауылдың жан-жағында 

жер асты суларының көзі бірнешеу. 

Сондықтан болар, малдары қоңды.

Соңғы жылдары Тоқабай ауы лын-

да мемлекеттің қолдауы арқасында 

біршама жұмыстардың атқарылғанын 

нық сеніммен айта аламыз. 2008 жы-

лы ауыл орталығынан 1 млн. тең ге ге 

«Наурыз» алаңы салынса, 2009 жы-

лы 1 млн. теңгеге Ұлы Отан соғы сы 

кезінде қайтыс болған боздақ 

тар 

ға, 


елге келіп қайтыс болған ар 

да 


гер-

лерге арналған «Тағзым» алаңы са-

лынды. 2013 жылы аудандық бюд-

жет тен 5 млн. теңге қаржыға ша ғын 

спорт алаңы мен «Өңірлерді да мы ту» 

бағдарламасы шеңберінде респуб 

ли-

ка лық бюджеттен 1 млн. 786 мыңға 



ба  лалар ойын алаңы салынды. Ауыз 

су тасымалы үшін жаңа автокөлік бе-

рілді. 2014 жылы, бір жылдың ішін-

де ауылымызда «Геотерм»  өн 

діріс-

тік компаниясы 160 метр терең дік тен 



тұщы скважина қазып, су ағыз 

ды. 


Интернет желісі де іске қосыл 

ды. 


Об лыстық  бюджеттен  22000000  тең-

ге қаржы бөлініп, аудан орта 

лы 

ғы-


нан Тоқабай елді мекеніне дейін 

гі 


жолға жөндеу жұмыстары жүр 

гізіл-


ді. Сондай-ақ, аудандық бюд 

жет-


тен 1700000 теңге қаржы қара 

лып, 


жарық тандыру  жұмыстары  жүр гізіл-

ді. Сонымен қатар, 1350000 тең ге қар-

жыға биотермиялық яма (мал қорымы) 

салынды. Аудандық бюджеттен ауыл-

дағы 3 ауыз су құдығына 1200 000 теңге 

қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары 

жүргізілді. Құдық қоршалды, аузына 

қақ пақ  орнатылды,  су  ақпау  үшін 

құдықтың үсті жабылды, автокөлік 

кіріп-шығатын жолға тас төселді, жол 

салынды. Ауылдық емханаға жа 

ңа 


жедел жәрдем автокөлігі беріл ді. 2015 

жылы да осы жұмыстар жал 

ға 

сын 


тауып, аудандық бюджеттен 550000 

теңге қаржы қаралып, мал тоғы 

та-

тын ванна салынды. Тамыз айы 



ның 

14-і күні сол кездегі Білім және ғылым 

ми нис трі  А.  Сәрінжіпов  және  облыс 

әкімі Қ. Көшербаевтың қатысуымен 

жаңа мектеп ғимараты пайдалануға 

берілді. Биыл №20 балалар және жас-

өс пірімдер  спорт  мектебінің  Тоқабай 

бокс бөлімшесі ғимаратына 3341000 

теңге қаржы бөлініп, күрделі жөндеу 

жұмыстары жүргізілді. Тоқабайға де-

й 

ін 


гі 30 шақырым тас жолға аудан-

дық бюджеттен 9000000 теңге қаржы 

бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. 

Мемлекет тарапынан осындай 

қам қор лықтарды  көре  отырып,  ауыл 

тұрғындары да ауылдың әлеуметтік 

мәселесін шешуде ұйымшылдық та-

ны 


тып келеді. Жылда ауыл белсен-

ді ле рі, қоғамдық келісім кеңесі ауыл 

әкім шілігімен  бірігіп,  ауылдың  әлеу-

мет тік  мәселелерін  шешуде  ұйым-

шыл дық танытуда. Жаңадан екі ауыз 

су құдығы қазылды, құдыққа барар 

жолға тас төселді, екі скважинаға 

жөн деу  жұмыстары  жүргізілді,  ауыл 

ір гесіндегі  қорымның  айна ла сы  қор-

шалды, аузына дарбаза орна 

тыл 

ды, 


Жеңістің 60-65 жылдық мере 

келе 


рі 

қарсаңында ас беріліп, ат шап ты ры-

лып, кең көлемде аталып өтілді. 2014 

жылы шаруа қожалықтары, тұрғындар 

демеушілік жасап, 500000 теңгеге жу-

ық қаржыға мешітке күрделі жөн-

деу жұмыстары жүргізілді. Арнайы 

комиссия құрып, мешіттің іші, сыр-

ты толығымен қайта сыланды, ша ты-

ры толығымен ауыстырылды, пеш-

тері жөнделді, сырланды, әктелді. 

Қоры тын ды сымен  мешіт  басына  мал 

сойылып, Құран бағышталды. Белсен-

ділік танытқан жекелеген азаматтарға 

ауыл әкімінің Алғыс хаты табыс етілді. 

Жанқожа бабаның 240 жылдығына 

орай, арнайы есеп-шотқа 150000 тең-

ге қаржы аударып, Қазалы кентінде үй 

тігіп, ас бердік. Жылда түрлі ак ция лар 

өткізіліп, тұрмысы төмен отба 

сы 

ла-


рына қаржылай, заттай көмек беріліп 

отырады. 

2015 жылы Жеңістің 70 жылдығы 

кең көлемде аталып өтілді. Ауыл тұр-

ғындары, шаруа қожалықтары 500000 

теңгеден астам қаржы жинады. Боз-

дақтарға гүл шоқтары қойылып, Құран 

бағышталды, ауылдық мешітте Құран-

хатым жасалды. Байқоңыр қаласынан, 

Қазалы және Арал аудандарынан кел-

ген қонақтар 9 үйге жайланып, ас бе-

ріл ді.  Ат шабатын төбеге 4 ақ боз үй 

тігілді. Ат бәйгесіне 50-ден астам ша-

бан 


доз 

дар аттарын алып келіп, бақ-

тарын сынады. Жеңімпаздар жеті бас 

ірі қараны және бағалы сый лықтарды 

өзара бөлісті. Қоғамдық келі сім кеңе-

сінің ұйғарымымен көршілес Шәкен 

ауылында мешіт салы 

нуына орай, 

Арал-Қазалыға ортақ  әулие «Әу лие 

Қара молда Ата» қоғам дық қорына 1 

мил 

лионнан астам қаржы жиналып, 



аударылды. Бұн 

дай жұмыстар ауыл 

әкімшілігі мен қоғам дық ұйымдардың 

бірлесіп жұмыс жасауы арқасында 

болып жатырғаны белгілі. 

«Жұмыспен қамту-2020 жол кар та-

сы» бағдарламасы бойынша кәсіптік 

оқулардан өтіп, жұмысқа тұрып, несие 

алып, кәсібін ашып жатырғандар 

бар шылық. 2012 жылы Қ. Қартабаев 

2200000 теңге, Т. Әбжәмиева 1000000 

теңге көлемінде несие алды, 2013 жылы 

Н.Сариев 2000000 теңге, М. Ақтауов 

1000 000 теңге несие алып, кәсіптерін 

дөңгелетуде. Биыл Ж. Омарова 

1900000 теңге несие алып, мал басын 

кө бей ту де.  Сонымен  қатар,  2013  жылы 

«Қуа ныш»  шаруа  қожалығы  «Арал 

ырысы» несие серіктестігі арқылы 

5000000 теңге, «Досжан-Думан» ша-

руа қожалығы 1800000 теңге несие 

алып, мал басын көбейтуде. «Құлан» 

бағ дар ламасы  бойынша  «Прекешов 

Жанғазы» шаруа қожалығы 4,5 млн. 

теңге несиеге асыл тұқымды 3 айғыр, 

12 байтал алып, малдарын асыл 

дан-

ды руда.  2014  жылы  «Зейнеп»  шаруа 



қожалығы 3800000 теңге несие алып, 

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 

2 асыл тұқымды бұқа және 38 сиыр 

алды. Сонымен қатар, «Қуаныш» ша-

руа қожалығы 2  асыл тұқымды бұқа 

малдарын алды. «Сыбаға» бағ 

дар 

ла-


масы бойынша жылына 4 қожалық 

асыл тұқымды бұқа алып, малдарын 

асылдандыруда. Сонымен қатар, 

«Бек» шаруа қожалығы өз қаражаты 

есе бінен асыл тұқымды қазақы (жабы) 

жылқы басын көбейтіп, асылдандыру 

жұ мыс тарымен 

айналысуда. 

Биыл 

«Берекет-1» шаруа қожалығы 



 

20000000 тең ге қаржы алып, «Құлан», 

«Сы ба ға»  бағдарламалары  бойын ша 

мал дарын  асылдандыруда.  «Диплом-

мен ауылға» бағдарламасы бойынша 

ауыл фельдшері Е. Әлиев баспаналы 

болды.

Ауыл көлемінде барлық атаулы ме-



рекелер ескерусіз қалмайды. Мәселен, 

Жаңа жыл мерекесінде жылдағы 

дәс түрмен  ауыл  әкімінің  шыршасы 

өткізіледі. Онда жаңа жылдық сый лық-

тармен қоса, 2-3 оқушыға қысқы киім 

беріледі. Сонымен қатар, оқушыларды 

ынталандыру мақсатында жылда үздік 

оқушыға ауыл әкімінің Алғыс хаты жә-

не арнайы стипендия беріледі.

Біздің мұндай көрсеткіштерге қол 

жеткізіп отырғанымыз, алдымен елдегі 

тыныштық пен ауылдағы ағайынның 

ауызбіршілігі, сондай-ақ, еліміздегі 

сарабдал саясаттың жемісі. Біз сол 

себепті де бейбіт заманымызға шүкір 

деуіміз керек.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет