Процестер және синхрондау. Аппараттық синхронизациялау деңгейі.
ВТКО 301
Процесс (немесе басқаша есеп)
Процесс (немесе басқаша есеп) – программаны немесе операциялық жүйенің қандайда бір процедураларды орындауға бөлінген жадының виртуальді адрестік кеңістігі. Процесс операторлар тізбегін орындайды. Оператор өз кезегінде бөлінбейтін амалдар тізбегін орындайды. Бұл амалдар программаның күйін бөлмей тоексереді және өзгертеді. Бөлінбейтін амалдар мысалына жады сөздерін жүктейтін және сақтайтын үздіксіз машиналық инструкциялар жатады.
Көпміндетті (көппроцессорлы) жүйеде процесс келесі 3 жағдайдың біреуінде бола алады:
ОРЫНДАЛУ – процестің белсенді жағдайы, оның барысында процесс қажетті ресурстарға ие және тікелей процессорда орындалады;
КҮТУ – процестің белсенді емес күйі, процесс оқшауланған (заблокирован), ішкі жағдайларға байланысты ол орындала алмайды, белгілі бір жағдайдың орындалуын күтеді, мысалы, енгізу-шығару амалдарын аяқтау, басқа процестен хабарлама алу, өзіне қажетті қандайда бір ресурсты босатады.
ДАЙЫН БОЛУЫ – процестің белсенді емес жағдайы, бұл кезде процесс сыртқы жағдайлардың әсерінен оқшауланған: процесс өзіне қажет барлық ресурстарға (қорларға) ие, ол орындалуға дайын, бірақ процессор басқа процестің орындалуымен бос емес.
Процестерді жоспарлау алгоритіміне сәйкес өмір сүру барысында процесс бір жағдайдан басқа жағдайға ауысады, берілген операциялық жүйеде. Процестің графы келесі суретте көрсетілген:
Процесс құру дегеніміз:
1. берілген процессті сипаттайтын, ақпараттық құрылымдарды (дескриптор және
контекст) құру үшін.
2. дайын процестердің кезегіне жаңа процесті қосу үшін дескриптор енгізіледі.