Тақырыбы: Биологиялық мембрана арқылы зат тасымалы. Белсенді емес және белсенді тасымал. Мақсаты: Белсенді және белсенді емес тасымалының механизмін оқып үйрену. Тасымал түрлерінің функциясын түсіну және оны зерттеудің әдістемесімен танысу. Берілген тақырыпқа байланысты есептер әдістемесін меңгеру.
Оқыту міндеттері:
Адам ағзасында өтіп жатқан процесстерді түсіндіруде физико-химиялық заңдарды қолдануды үйрету
Студенттерде логикалық ойлауды, негізделген ойлар мен тұжырымдарды қалыптастыру.
Тақырыптың негізгі сұрақтары: Биологиялық мембрана арқылы жүретін зат тасымалы.