Дәріс №7. Мәтіндік ақпаратты енгізу және бейнелеу компоненттері Жоспар Мәтіндерді шығару.Мәтіндерді енгізу және редакторлеу. Біржолдық редакторлар.Мәліметтерді енгізу және шығару терезелері.. Көпжолдық редакторлар. Компоненттердің қасиеттері, оқиғалары және әдістері.
Кілттік сөздер:редакторлар, қасиеттер, оқиғалар, әдістер, енгізу, шығару терезелері
Иллюстрациялық материал: слайд
Белгі (Label) объектісі программа терезесінде мәтіндерді (жазбаларды) құру үшін пайдаланады. Жоғарыда аталған Width, Height, Font, Color, Name, Caption, Cursor, Enabled, Left, Top қасиеттерімен қатар, ол мына қасиеттерге де ие:
Редактрлеу өрісі (Edit) обьектісі пернетақтадан символдар жолын енгізу және редакторлеу үшін қолданылады. Компонент Standard парақта орналасқан(7.1-суретте таңдалып тұрған компонент)
Мұнда жол бойынша курсордан басқа пернелерді пайдаланып ығыстырулар және пернелерінің көмегімен символдарды өшіру, текстің бөлігін қиып алу және т.б. операцияларды орындауға болады. Біржолды редактор және -тен басқа пернелерге әсер етпейді.
MaskEdit- бір жолдық редактор, мәліметтерді енгізу- шығаруда маска қолданылады.
Пайда болған жолды (Text қасиеті) санға немесе санды жолға түрлендіру қажет болған жағдайда Pascal-да Vаr және Str стандартты функциялары немесе Delphi ортасынын функциялары: StrToFloat немесе FloatToStr пайдаланады. Бізге белгілі қасиеттерден басқа Edit редактрлеу өрісі мына қасиеттерге ие: