Программалау ортақ тақырыптары: «Жанды табиғат»



бет1/149
Дата22.11.2022
өлшемі338,37 Kb.
#51819
түріПрограмма
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   149

Қысқамерзімді жоспар
1-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Өміріміздегі қайталаулар

Бөлімі:

Ұзақмерзімді жоспар тарауы:
1-бөлім. Программалау (ортақ тақырыптары: «Жанды табиғат»,
«Жақсы» деген немене? «Жаман» деген немене?)

Педагогтің аты-жөні:





Күні:





Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:




Сабақтың тақырыбы:

Өміріміздегі қайталаулар




Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.4.1.1 қайталауды қолданатын алгоритмдер құрастыру (циклі);




Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:
Циклдің адам өміріндегі маңызын түсінеді.
Оқушылардың көбі үшін:
Күнделікті тұрмыстағы іс-әрекеттерге циклдік алгоритм мысалдар келтіреді.
Кейбір оқушылар үшін:
Циклдік алгоритмдерді құрастыруды үйренеді.

ретінде

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің ісәрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ)
Ұйымдастыру кезеңі:
1-7 мин.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
І. Қызығушылықты ояту
«Жаңалық ашамыз» ойыны
Заттардың негізгі қасиеттерімен қоса қосалқы қасиеттерін ашу үшін тапсырма беріледі. Бұл кәдімгі жеңіл ойдан арылу, айналаға сын көзбен қарау, жаңалық ашуға ұмтылу үшін керек.
Мысалы, «Сіріңке жанып, жарық беріп қана қоймайды, бір жағынан салмағы мен ұзындығын жоғалтады; су – сұйық, бірақ оны қатырған кезде құрылыс материалы ретінде қолдануға болады (мұз қала салу) т.с.с.
Оқушыларға қарапайым заттардың өзгеше қасиеттерін ашу тапсырылады.
Мысалы, полиэтиленді қақпақ, қаламсаптың пайдаланылған өзекшесі, шеге, балмұздақ т.с.с.
Бұл тапсырма талантты және дарынды балалардың қабілетін ашуға көмектеседі.
Сонымен қатар оқушыларға психологиялық тұрғыдан жағымды әсер сыйлайды.

Топтастыру:

Топтастыру. «Фигуралар» әдісі
Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру. Алдымен оқушылар фигуралар салынған хатқалта ішінен көзбен көрмей, қолына ілінген қағаз фигураны алады. Сол фигура бойынша ұқсас топтарға бірігеді. I топ . Үшбұрыштар



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет