Программалау тілі Павлодар 2005 1 ббк 32. 973-01я73 Қ59



жүктеу 0.52 Mb.
Pdf просмотр
бет3/7
Дата28.01.2017
өлшемі0.52 Mb.
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7

2.5. Программаның құрылымы
Паскаль тілінде программаның құрылымы негізгі екі бөлімнен 
тұрады. 
Олар сипаттама және операторлар бөлімдері. 
Программаның   құрылымы   төмендегі   жалпы   жазылу   түрінде 
көрсетілген. 
Program < аты >;
{программаның басы, аты}
Uses <аты1, ...>; {дайын модульдерді қосу бөлімі}
Label …;
{белгілер бөлімі}
Const …;
{тұрақтылар бөлімі }
Type …;
{типтер бөлімі }
Var …;
{айнымалылар бөлімі }
Procedure < аты >;
{процедуралар бөлімі}
Function < аты >;
{функциялар бөлімі}
Begin
{операторлар бөлімі}
Оператор 1;
Оператор 2;
... ;
Оператор n;
End.
Program  –   резервтелген   сөзінен   кейін   латын   әріптерімен 
программаның аты жазылады.
Uses –  резервтелген сөзінен кейін, Турбо Паскаль програмалау 
жүйесінің   кітапханасынан   программаға   қосатын,   стандартты 
модульдердің есімдерінің тізімі жазылады.
Форматы: 
Uses < аты1 >, < аты2 >, …;
Мысалы: Uses Crt, Graph;
Label  – резервтелген сөзінен кейін программада пайдаланатын 
белгілер   тізімі   сипатталады.   Паскальдің   кез   келген   операторының 
алдында белгі қоюға болады.
Форматы: 
Label< аты, ...> ;
20

Мысалы:
Label Metka1, Metka2, 111, M1;
Операторлар   бөлімінде   белгіден   кейін   екі   нүкте   қойылады, 
мысалы:
 Label
M1, M2;
{белгілерді сипаттау}
Begin

M1<оператор>;
{M1 белгісін пайдалану}

M2: < оператор > ;
{M2 белгісін пайдалану}
End.
Const  –   резервтелген   сөзімен   тұрақтылар   бөлімі   басталады. 
Тұрақтылар идентификатормен белгіленеді.
Форматы: 
Const< идентификатор> = < мәні>;
Мысалы:  Const Lіmіt = 255;
{сандық тұрақты}
Name=’Саша’;
{жолдық тұрақты}
Code = $124;
{он алтылық мән- тұрақты}
Type – резевтелген сөзінен кейін стандартқа келмейтін типтерді 
сипаттауға болады.
Форматы: Type < типтің аты > = < мәні>;
Мысалы: айға және жылға сәйкес типтерді хабарлауды былай 
жазуға болады:
TYPE
Month = (jan, feb, mar, apr, may, jun );
YEAR = 1900..2000;
Var  –   (variable   –   айнымалы)   сөзінен   кейін   программаға 
қатысатын   айнымалылар   тізімі   үтірмен   және   олардың   типтері   екі 
нүктемен бөлініп сипатталады. 
Форматы:  VAR < идентификатор, ... > : < типі>;
Мысалы:
VAR
І, j : ІNTEGER;
L : REAL;
STR : STRІNG;
Procedure  немесе  Function  деген резервтелген сөздерден кейін 
ішкі программалар сипатталады. 
Ішкі программа – деп, өзінің есімімен негізгі программаның кез 
келген жерінен шақырылатын, программалық модульді айтады.
Ескерту:  программада   процедураларды   және   фунцияларды 
қолданып   ұйымдастыру   тәртібі   толығымен   төменде 
қарастырылады. 
21

Операторлар бөлімі
Оператор  –  амалдар   мен   әрекеттерді   орындауы   жөнінде 
компьютерге тұжырымдалған түрде берілетін нүсқау. 
Begіn  және  End  –   сөздерінің   аралығында   программа   денесі 
жазылады. Бұл екі сөзді логикалық жақша деп аталайды. End сөзінен 
кейін   нүкте   қойылады.  Программа   денесі   операторлар   тізбегінен 
тұрады. Әр оператор ‘;’ символымен аяқталады. 
Мысалы:
Begin
{программа денесінің басы}
Write (‘Вв. целое число А>’); {сұранысты экранға шығару}
Readln(A);
{клавиатурадан A-ң мәнін енгізу}
Write (‘Вв. значение целого числа B>’);
Readln(B);
Proizved := A*B;
{Proizved айнымалысын есептеу}
Write (‘Произведение’,A,’ ‘,B, ‘=’, Proizved);{жауапты шағару}
End.
{программаның соңы}
2.6. Енгізу-шығару процедуралары
Паскаль тілінде деректер мәндерін жадыға енгізуге, есептелген 
нәтижені   экранға   шығаруға   төрт:   Read,   Readln,  Wrіte,  Wrіteln 
операторлары қолданылады. 
Read оқу операторы сандық, символдық, жолдық, т.б. деректерді 
енгізуді орындайды. Жазылу форматтары мынадай: 
READ(a1,a2,..,an),
READLN(a1, a2, ..., an)-оқу;  
{LN – жаңа жолға өту}.
Мұндағы: a1,a2,..,an
айнымалылар   тізімі. 
Программа 
орындалу барысында READ операторы кезіксе компьютер тоқтап, осы 
айнымалыларға клавиатурадан мәндерді енгізуді күтеді.
Мысалы:
Var 
A, B, Sum1: integer;
C, D, Sum2: real;
Begin
Read(A, B);
Sum1:= A +B;
Read(C, D);
Sum2:= C +D;

End.
WRІTE   жазу   операторы   сандық,   символдық,   жолдық,   т.б. 
деректерді шығаруды орындайды. Жазылу форматтары мынадай: 
WRІTE(<айнымалылар>,<символдық тұрақтылар>)
22

WRІTELN(<айнымалылар>,<символдықтұрақтылар>)
экранға   шығару,   яғни   тізімде   тұрған   айнымалылардың 
мәндерін, апострофқа алынған символдық тұрақтыны, санды экранға 
шығарады.
Мысалы:  WRІTE (‘значение Y=’,Y); {экранға: «значение Y=» 
деген сөз және Y -тің мәні шығады}
Экранға шығару форматтары
Wrіte   және   Wrіteln   операторларында   деректердің   шығару 
өрісінің енін анықтап жазу мүмкіндіктері бар.
Төмендегі   келтірілген   форматтарда   мына   белгілеулер 
қолданылған:
I, р, q – бүтін типті өрнек;
R – нақты типті өрнек;
В – логикалық типті өрнек;
Сһ – символдық типті өрнек;
S – жолдық типті өрнек;
# – цифра;
* – белгі ‘+’ немесе ‘ – ‘;
  – пробел.
Write(I)  –  I айнымалысының мәнін  курсордың позициясынан 
бастап, шығарады.
I-ң мәні
Форматы
Нәтиже
134
Write (I);
134
5671
Write (I);
5671
287
Write (I, I, I);
287287287
Write  (I:p)  –I  айнымалысының мәнін өрістің ең оң жақ шеткі 
позицияларында, ені p-ға тең орынмен шығарады.
I-ң мәні
Форматы
Нәтиже
134
Write (I:6);
___134
5671
Write (I:10);
_______5671
312
Write (I+I:7);
____624
Write(R)  –  R  нақты   типті   айнымалысының   мәнін,   ені   18 
символдық өрісте, жылжымалы нүктелі форматта шығарады. 
Егер  R>=0.0  болса, онда сан  _#.##########Е*##  форматында 
шығады.
Егер R < 0.0 болса, онда сан __#.##########Е*## форматында 
шығады.
R -ң мәні
Форматы
Нәтиже
715.432
Write (R);
_7 .1543200000E+02
-1.919E+01
Write (R);
_-1.9190000000E+01
567.986
Write (R/2) ;
__2.8399300000Е+02
23

Write(R:p)  –  R нақты типті айнымалысының мәнін өрістің ең 
оң жақ шеткі позицияларында,  жылжымалы  нүктелі форматымен, 
ені p-ға тең орынмен, шығарады.
Егер  R>=0.0  болса,   онда   сан  .   .   .   _##.   .   #Е*##  форматында, 
өрістің минималды ені 7 символ болып шығады.
Егер R < 0.0 болса, онда сан __...._ — #.##.. #Е*## форматында 
өрістің минималды ені 8 символ болып шығады. Нүктеден кейін бір 
цифр болса да шығарылады.
R -ң мәні
Форматы
Нәтиже
511.04
Write (R:15);
5.110400000E+02
-511.04
Write (R:15);
-5.11040000E+02
46.78
Write (-R:12);
-4.67800E+01
Write(R:p:q)  –  R нақты типті айнымалысының мәнін, өрістің 
ең   оң   жақ   шеткі   позицияларында,   тиянақты   нүктелі   форматымен, 
жалпы орын саны  p-ға тең, ал бөлшек бөлігінің цифрлар саны  q-ға 
теңеліп шығарылады, (0 <= q <= 24).
R -ң мәні
Форматы
Нәтиже
511.04
Write (R:8:4);
511.0400
 -46.78 
Write(R:7:2);
_-46.78
-46.78
Write(R:9:4);
_-46.7800
Write(Ch)  –  Ch  символдық  айнымалының   мәнін  курсордың 
позициясынан бастап, шығарады.
Ch -ң мәні
Форматы
Нәтиже
‘X’
Write(Ch);
X
‘Y’
Write(Ch);
Y
‘!’
Write(Ch, Ch, Ch);
!!!
Write(Ch:p)  – Ch  символдық  айнымалының мәнін өрістің ең 
оң жақ шеткі позицияларында, ені p-ға тең орынмен, шығарады.
Ch -ң мәні
Форматы
Нәтиже
‘X’
Write(Ch:3);
__X
‘Y’
Write(Ch:5);
____Y
‘!’
Write(Ch:2, Ch:4);
_!___!
‘!’
Write(Ch, Ch, Ch);
!!!
Write(S)  –   S   жолдық   типті   айнымалының   мәнін  курсордың 
позициясынан бастап, шығарады 
S -ң мәні
Форматы
Нәтиже
‘Day N’
Write (S);
Day N
‘Ведомость 11’  Write (S);
Ведомость 11
'RRRDDD'
Write (S,S);
RRRDDDRRRDDD
Write(S:p) –S жолдық типті айнымалының мәнін өрістің ең оң 
жақ шеткі позицияларында, p-ға тең символдар шығарады.
24

S -ң мәні
Форматы
Нәтиже
‘Day N’
Write (S:10);
_____Day N
‘Ведомость 11’  Write (S:13);
_Ведомость 11
'RRRDDD'
Write (S:7,S:7);
_RRRDDD_RRRDDD
Write(B) – B логикалық типті айнымалының, True немесе False 
нәтижесін, курсордың ағымдық позициясынан бастап шығарады. 
B -ң мәні
Форматы
Нәтиже
True
Write (B) ;
True
False 
Write (B, not B) ;
False True
Write(B:p)  –B   логикалық   типті   айнымалының   True   немесе 
False   нәтижесін,   өрістің   оң   жақ   шеткі   позицияларында,  p-ға   тең 
орынмен шығарады. 
B -ң мәні
Форматы
Нәтиже
True
Write (B:6);
__True
False 
Write (B:10) ;
_____False
True
Write (B:5, not B:7) ;
_True__False 
Параметрі   жазылмаған   Writeln  операторы  курсорды   жаңа 
жолдың басына жібереді. 
Writeln   процедурасының   жұмысын   түсіндіру   үшін,   келесі 
программаның фрагментін келтірейік:
A := 4;
В := 6;
С := 55;
Write(A:3); Write(B:3); Write(C:3);
Sum:= A + B + C;
Writeln('A=', A) ;
Writeln('B=', B);
Writeln('C=', C);
Writeln('Сумма A+B+C равна ', Sum); 
Орындалу нәтижесі:
4
6
55
A=4
В=6
C=55
Сумма А+В+С равна 65
Мысал: Writeln операторында шығару форматтарын қолданған 
программа:
Program DemoWriteln; 
{программа   төртбұрыштың   ауданын   есептеп   нәтижесін  
принтерге басып шығарады}
uses Printer;
25

{Lst   құрылғысы-принтерге   қызмет   ететін   модульдық 
процедураларды және функцияларды қосады
var
A, B, S: integer; {A,B – қабырғалары, S – аудан}
begin
A:= 8; B:= 4;
S:= A * B;
Writeln (Lst, ‘------------------------------------------------’);
Writeln (Lst, ‘|A қабырғасы | B қабырғасы | Аудан |’);
Writeln (Lst, ‘-------------------------------------------------’) ;
Writeln (Lst, ‘|’, A:7, B:11, S:11, ‘|’:5);
Writeln (Lst, ‘-------------------------------------------------’) ;
End.
Программаның   орындалу   нәтижесінде   қағазға   мынадай   кесте 
шығарып алуға болады:
-----------------------------------------------------
| A қабырғасы | B қабырғасы | Аудан
|
-----------------------------------------------------
|
8
4
32
|
----------------------------------------------------- 
Пысықтау сұрақтары 
1.
Программаның   құрылымында   қандай   негізгі   бөлімдер 
болады? Олардың жазылу тәртібі?
2.
Программаның   сипаттама   бөлімі   қандай   бөлімдерден 
тұрады?
3.
Айнымалылар   қандай   резервтелген   сөзден   кейін 
сипатталады? Мысал келтіріңіз?
4.
Айнымалыларды және олардың типтерін сипаттау арқылы 
компьютерге нені хабарлаймыз?
5.
Операторлар   бөлімі   қандай   резервтелген   сөздер 
аралығында жазылады? 
6.
Логикалық жақша деп қандай сөздерді айтады?
7.
Оператор дегенді қалай түсінуге болады? Жазылуы қандай 
символмен аяқталуы керек?
8.
Паскаль   тілінде   енгізу-шығару   операцияларын   орындауға 
қандай операторлар қолданылады?
9.
READ және READLN операторлары не үшін қолданылады? 
Айырмасы қандай? 
10. WRІTE   және   WRІTELN   операторлары   не   үшін 
қолданылады? Айырмасы неде? 
26

11. WRІTE   және   WRІTELN   операторларында   шығару 
форматтарында   қандай   белгілеулер   қолданылады?   Мысалдар 
келтіріңіздер.
12. Программаның   қай   бөлімінде   принтерге   шығару 
сипатталады?
13.
Программаның нәтижесін принтерге шығару үшін қандай 
стандартты модульді қосу керек? 
Тапсырмалар
1. Экранға   өзіңіздің   аты   жөніңізді   шығаратын   программа 
құрыңыз.
2. Экранға   мына   өлең   шумағын   шығаратын   программа 
құрыңыз:
Унылая пора! Очей очарование!
Приятна мне твоя прощальная краса – 
Люблю я пышное природы увяданье,
В багрец и золото одетые леса.
А. С. Пушкин
3.
Бүтін   (ineger)   типті   A,   B,   C,   D   айнымалыларына   мәндерді 
енгізу және олардың қосындысын шығару программасын құрыңыз. A 
және   B   мәндерін   бір   жолда,   C   және   D   –   келесі   жолда   шығаруды 
ұйымдастырыңыз.
4.
Нақты (real) типті A, B, C айнымалыларына мәндерді енгізу 
және  бір  жолда  шығару   програмасын   құрыңыз.  Сандардың   бөлшек 
бөлігінде екі цифрдан шығаруды ұйымдастырыңыз.
5. Нақты   (real)   типті   C,   D,   Z   айнымалыларына   мәндерді   бір 
жолда енгізу және шығару, C*(D/3.14) + (Z*3) өрнегінің мәнін келесі 
жолда шығару программасын құрыңыз.
6. Экранға мынадай үлгіде шығару программасын құрыңыз:
*************************
* A+B * A–B * A/B *
*************************
6
2
8
4
3.0
*************************
7.
Тік   үшбұрыштың  A,  B  катеттерінің   мәнін   клавиатурадан 
енгізу, ауданын есептеу және шәтижені мына түрде: «Для значений 
катетов 4 и 6 площадь прямоугольного треугольника равна 12» деп 
шығару программасын құрыңыз.
27

2.7. Қарапайым операторлар 
Паскаль   тілінің   операторларын   қарапайым   және   күрделі 
түрлерге   бөлуге   болады.   Қүрделі   операторлар   бірнеше   қарапайым 
операторлардан тұрады.
Қарапайым операторлар қатарына меншіктеу және шартсыз өту 
операторлары жатады. 
Меншіктеу операторы
Жазылу форматы мынадай: 
< айнымалы > := < өрнек >;
Мұндағы : = символы меншіктеу операциясын орындайды. 
Меншіктеу операторы  (: =)  орындалғанда алдымен оң жақтағы 
өрнектің   мәні   есептеледі   де,   шыққан   нәтиже   сол   жақтағы   тұрған 
айнымалыға (ұяшыққа) меншіктеледі. 
Ескерту: міндетті түрде өрнектің тіпі айнымалының типімен 
сәйкес болуы қажет.
Мысалы:
A : = 8;
S : = A * B + (C – D);
Ostatok : = A mod B;
Ratio := A/B;
Go to – шартсыз өту операторы
Go to  сөзінің мағнасын «оған көшу» деп аударуға болады. Бұл 
оператор   кейбір   жағдайларда,   еш   қандай   шартсыз   программаның 
басқа жеріне өтуге қолданылады. 
Go to операторының ситаксистық диаграммасы мынадай:
Мысалы:
Go to 999;
Go to EndBlock;
Go to операторын қолдану ережелері:
-
Go to операторын, программаның мәтінінде тек жоғарыдан 
төмен қарай (алға) өтуге қолдануға тырысу керек;
-
Go to операторы мен өтетін белгінің арасындағы қашықтық 
мәтіндік бір беттен (немесе экранның биіктігінен) аспауға тиіс.
-
Go to операторын өте сирек қолдануға тырысу керек, себебі 
Go to көп болса, программа түсініксіз, талдауға қиын болады.
2.8. Алгоритмдеудің негізгі құрылымдары
Есептерді алгоритмдеу және программалау негізгі үш құрылым 
негізінде ұйымдастырылады: 
-
Тізбектеу құрылымды алгоритмдер;
28
Go to
Белгі

-
Тармақты құрылымды алгоритмдер;
-
Циклдік (қайталау) құрылымды алгоритмдер.
2.9. Тізбектеу құрылымды алгоритмдер 
Тізбектеу   құрылымды   алгоритмдер   әдетте   формула   бойынша 
есептеуді   ұйымдастыруға   қолданылады.   Тізбекті   құрылымды 
программаның   командалары   үзіліссіз   тізбекпен,   бірінен   кейін   бірі 
орындалады.
Есеп: трапецияның   ауданын   есептейтін   блок-схема   және 
программа  құрайық:
Program trap; 
{прогр-ң басы,аты}
Vara,b,h,s: real; 
{айнымалылар, типтері}
Begіn
Wrіteln(’вв. a,b,h’); 
{енгізуді хабарлау}
Readln(a,b,h) ;
{мәндерді енгізу};
S : = (a+b)/2*h ;
{ауданды есептеу}
Wrіteln (‘S=’,S);
{S -ң мәнін шығару}
Readln;
{ENTER-ы басуды тосу}
End.
Пысықтау сұрақтары
1.
Меншіктеу операторы қалай жазылады? 
2. Қалай орындалады? Жадыда не болады?
3. Есепті алгоритмдеу процессін неден бастау керек?
4. Қандай кезеңдерден тұрады?
5.
Тізбектеу  құрылымды   алгоритмнің   блок-схемасы   қандай 
блоктардан тұрады?
6.
Неге тізбектеу құрылымды дейміз?
Жаттығулар
1. Программаның мына берілімдер бөлімінде қателер бар, соны 
түзетіп жаз:
а) Program ESEP;
б) Program prіmer_b;
VAR: x,y real
Var T,N;
Begіn;
b:= a*n;
Begіn
в) Program
г) Program tіp;
Var і,j: іnteger;
Var n,m,k : іnteger;
read(a);
Begіn
Begіn
k := n Dіv m;
29
Басы
  a,b,h
S:=(a+b)/2*h
S= S
Соңы

2.   Мына   меншіктеу   операторлар   тізбегі   орындалған   соң 
айнымалылардың мәні неге тең болады?
а)
x:=2;
б) 
a:=7;
x:=x+x;
c:=Sgr(a);
x:=5*x-x;
c:=c+a;
в)
k:=2*6;
г)
a2:=45/9;
z:=k / 3;
b1:=sgr(a2);
k:=z*k; 
a2:=a2+b1;
3. Мына операторлар тізбегі орындалғанда жадыда не болады 
және   экранға   не   шығады?   Берілген  айнымалыларға,  басқа  мәндер 
меншіктеу мүмкіндігі қарастырылғанба?
а)
a:=80;
б)
k := 2.3;
в) 
n := sgrt(625);
b:=a+a;
 
c:=abs(-5.7);
s:=s+2*n;
wrіteln(a,b);
wrіteln(k,c);
wrіteln(n,s);
4.  Үшіші  тапсырмада  READLN  процедурасын  қолданса қандай 
мүмкіншілік пайда болды?
Есептер 
Есептердің   блок-схемасын   сызып,   программа   құрып, 
компьютерде   орындап,   өз   мәндеріңді   енгізіп   нәтижелерін 
жазыңыздар.
1.
Берілген   екі   санның   қосындысын   және   көбейтіндісін 
есептейтін программа құр.
2.
Тік   үшбұрыштың   екі   катеті   берілген.  Гипотенузасын  және 
ауданын тап.
3.
Y = (x
3
+18z) – 5a + f ,
мұндағы: a= sіn(45
0
) + 7
4.
A = (d + c + b ) – 
x
.5
4
, мұндағы: x = cb + 5
5.
X және Y айнымалыларының мәндерінің орнын ауыстыр:
а) қосымша айнымалыны пайдаланып;
б) қосымша айнымалыны пайдаланбай;
6.
Үш таңбалы санның цифрларының қосындысын табу.
7.
Санды кез келген дәлдікпен жуықтау программасын құр. Сан 
және қажет дәлдік клавиатурадан енгізіледі.
Мысалы:
12,2536
және
0,001;
0.267
және
0,05.
30

2.10. Тармақталу құрылымды алгоритмдерді ұйымдастыру
ІF – THEN шартты операторы 
Тармақталу   алгоритмі  –   деп,   берілген   шартқа   байланысты 
таңдау мүмкіндігі бар алгортмдерді айтады. 
Тармақталу   алгоритмін   ұйымдастыру   үшін   шарт   операторы 
қолданылады. 
Оның синтаксистық диаграммасы мынадай:
Шарт операторының толық форматы
ІF < шартTHEN < оператор 1 > ELSE < оператор 2 > ;
Мұндағы: ІF (егер), THEN (онда), ELSE (әйтпесе)-резевтелген 
сөздер.
шарт > – логикалық типті кез келген өрнек.
<  оператор  1  > , <  оператор 2  > – Паскаль тілінің кез келген 
операторлары.
Толық шарт операторының орындалу тәртібі:
-
<шарт>   -жазылған   логикалық   өрнектің   мәні   есептеледі; 
Нәтиже boolean типті болуы қажет.
-
егер нәтиже TRUE (ақиқат) болса, онда THEN сөзінен кейінгі 
<оператор 1> орындалады;
-
егер   керісінше   нәтиже   FALSE   (жалған)   болса,   онда   ELSE 
сөзінен кейінгі < оператор 2 > орындалады. 
Мысалы: d:= 8;
ІF d < > 10 THEN Wrіteln(‘ Ура!’) ELSE Wrіteln(‘Плохо ...’);
Шарт операторының қысқа форматы
ІF < шарт > THEN < оператор >;
Қысқа шарт операторының орындалу тәртібі
Егер   шарт   ақиқат   болса,   онда  then  сөзінен   кейінгі   оператор 
орындалады,   әйтпесе   шарт   операторынан   кейінгі   операторды 
орындауға көшеді. 
Есеп
Берілген Х және У сандарының үлкенін анықтау. 
Есептің алгоритімінің блок схемасы және программасы:
31
 if
өрнек
the
оператор
  
оператор

Program max2;
Var 
x, y,max : real;
Begіn
Wrіteln(‘вв.2 числа’);
readln(x,y);
Іf x > y then max := x else max := y;
wrіreln(max );
readln;
End.
Жаттығулар
1. Егер берілген сан теріс болса, екі есеге азайт, әтпесе квадрат 
дәрежеге шығар.
2.
Егер А саны жұп болса, А + В – ны, әйтпесе А*В – ны есепте.
3. Функцияның мәнін есептеу керек:



< =

>
+
3
,
8
5
,
5
2
x
егер
x
x
егер
x
4.
Клавиатурадан   енгізілген   санның,   (0..5)   аралығында 
жататындығын тексеру керек.
5.
Енгізілген үш А, В, С сандары үшбұрыштың бұрыштары ма?
a) үшбұрыш тең қабырғалы ма ?
b) үшбұрыш тең бүйірліме?
6.
Екі   сан   берілген,   егер   бірінші   санның   абсолют   шамасы 
екіншіден үлкен  болса, онда оны бес есеге азайту, әйтпесе екеуін де 
өзгеріссіз қалтыру керек.
7. Берілген үш санның үлкенін табыңыздар.
8.
Шарт операторының орындалу нәтижесінде j, k айнымалы-
ларының мәндері қандай болады:
Іf j > k then j := k – 2 else dec (k, 2); , егер айнымалылардың 
берілген мәндері мынаған тең болса:
a) j =3 , = 5;
b) j = 3 , k = 3;
c) j = 3, k = 2; 
dec(k,2) операторы орындалғанда k айнымалысы 2-ге кемиді.
9. Графикте келтірілген функциялардың мәнін есептеу:
32
a)
b)
2
2
max:=x
max:=y
true
false
басы
x,y
соңы
x>y


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет