"Прокариотты",Көк-жасыл балдырлар бөлімі. "Эукариотты балдырлар"



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата26.01.2023
өлшемі38,21 Mb.
#63141
  1   2   3
Байланысты:
Прокариотты,Көк-жасыл балдырлар бөлімі. Эукариотты балдырлар

"Прокариотты",Көк-жасыл балдырлар бөлімі. "Эукариотты балдырлар"

"Прокариотты",Көк-жасыл
балдырлар бөлімі.
"Эукариотты балдырлар"
Қазақстан-Ресей Медициналық университеті


Жоспар
Прокариот туралы сипаттама
Көк-жасыл балдырлар
Эукариотты балдырлар
Негізгі бөлім
1.
2.
3.
Пайдаланылған әдебиеттер


Прокариоттар
Прокариоттарға микроорганизмдер мен
көк-жасыл балдырлар жатады.
Прокариоттардың мөлшері өте
кішкентай, ұзындығы 1—10 мкм.
Прокариоттардың эукариоттардан
айырмашылығы — олардың айқындалған
органоидтері, яғни эндоплазмалық торы,
Гольджи жиынтығы, митохондриялары
болмайды. 


Жануарлардың және өсімдіктердің
жасушаларында жақсы айқындалған
түйіршіктер болады. Олар — нәруыз, май
және гликоген сияқты қор заттарынан
тұрады. Прокариоттың эукариоттан негізгі
айырмашылығы — онда қалыптасқан
ядросы және хромосомалары болмайды
Прокариот ДНҚ-сының эукариот ДНҚ-сынан
айырмашылығы — мұнда ДНҚ-ның сыртын нәруыздар
қаптап тұрмайды және пішіні сақина тәріздес болып
келеді. Бір сақиналы ДНҚ молекуласы тікелей
цитоплазмада болады және эукариот жасушасындағы
сияқты ядро екі мембрана арқылы бөлінбейді.


Ал қозғалу мүшесінің қызметін бір немесе
бірнеше талшықтары атқаруы мүмкін.
Прокариот жасушаларында мембрана
құрылымы болады, олар микроорганизмдердің
энергетикалық процестеріне қатысады.
Мысалы, көк-жасыл балдырлардың мембрана
құрылымында хлорофилл болады және олар
фотосинтез процесін жүзеге асырады.
Прокариоттар


Прокариоттардың маңызы
Ертеде прокариотты организмдер арқылы өте көп жұқпалы
аурулар тараған. Көптеген елдерде халыктың аурудан
қырылып қалғаны тарихтан белгілі. Олар — тырысқақ, күйдіргі,
оба (әр жануарларда әртүрлі аталады), т.б. аурулар. Қазақстанда
осы аурулардың табиғи ошақтары әлі күнге дейін бар. Жұқпалы
ауруларға жататын жіңішке ауруы, сарып, іш өту және сүзек
сияқты ауру түрлері адамдар үшін қазір де қауіпті. Көптеген
ішек ауруларын прокариоттар тудырады.


Ішек және асқазан аурулары тазалық сақтамаған
кезде қол орамал арқылы прокариотты
организмдерден жұғады. Сондықтан да қоғамдық
орындарға барғанда, қолды сабынмен жақсылап
жуған дұрыс және шыбын-шіркей, тарақандардан
сақтанған жөн. Қазіргі кезде ғылымның
жетістіктеріне байланысты, осы прокариоттар
тарататын қауіпті ауруларға қарсы емдеу
жұмыстары жақсы жолға қойылған.
Прокариоттардың өзінен өндірілетін биологиялық
белсенді заттар — антибиотиктерді пайдаланып
емдеу жұмыстары қолға алынды. Бірінші
антибиотик пенициллинді өткен ғасырдың 40-
жылдарында микробиолог Александр Флеминг
ашты.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет