Психология ғылым ретінде. Психикалық қызмет туралы түсінік. Жеке тұлғаның негізгі психикалық процестері, қасиеттері мен жай-күйі. Психология салалары. Психология әдістері



бет1/2
Дата23.11.2022
өлшемі17,94 Kb.
#52133
  1   2

Психология ғылым ретінде. Психикалық қызмет туралы түсінік. Жеке тұлғаның негізгі психикалық процестері, қасиеттері мен жай-күйі.Психология салалары. Психология әдістері.
1. Психология пәні және оның міндеттері.
Психология — адамның дара тұлғалық психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу. Психология психикалық құбылыстардың пайда болу және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін, яғни адамдардың жан-жүйесін зерттейтін сансалалы ғылым. Психологияның ерте заманнан бері келе жатқан ғылым, мұның даму тарихына екі жарым мыңдай жылдай болды. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Грекия. Психология атауы «псюхе»-қазақ тілінде «жан», «логос»- «ілім», «ұғым», «ой» деген гректің екі сөзінен тұрады.
Психология ғылымындағы күрделі міндеттердің бірі – заңдылықты сипатқа ие байланыстар мен қатынастарды көре білу. Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып – үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады. Соңғы жылдары психологиялық зертеулер айтарлықтай ұлғайып, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды. Психология ғылымынында жаңа болжамдар мен тұжырымдамалар пайда болып, психология жаңа тәжірибелік мәліметтермен толысуда.
2. Психикалық қызмет туралы түсінік.
Психологиялық қызмет - адамдарға мамандандырылған деңгейде психологиялық көмек көрсету үшін мекемелер мен ұйымдарда құрылған арнайы қызмет жүйесі. Психологтың мүмкіндіктері — клиенттің өтініші бойынша мәселелердің іс жүзінде шешуге психолог-кеңесшінің қабілетті не қабілетсіздік мүмкіндіктерінің тізімі.
•Психикалық процестер: Психикалық процестер мына түрлері болады
Танымдық
Эмоцианалды
Еріктік
Танымдық: Зейін; Түйсік; Қабылдау; Есте сақтау; Ойлау; Сөйлеу; Қиял.
Эмоцианалды:Сезім; Эмоция; Аффект; Стресс.
Еріктік: Мақсатқұмарлық; Табандылық; Жауапкершілік; Сенім; Жігерлік; Батылдық.
•Психикалық қасиеттер: Психикалық қасиеттер– бұл адамдардың бір- бірінен айырмашылығын білдіретін жеке тұлғаның дара психологиялық ерекшеліктері. Психикалық қасиеттерге темперамент, мінез, қабілеттілік жатады.
•Психикалық қалып:Психикалық қалып-тек өкілінің іс-әрекеті мазмұны және жағдайларына, сол әрекетке болған тұлғалық қатынастарына орайласқан уақытша көрініс беретін ерекшелігі (зерігу, үрейлену, абыржу, ашулану, қуану).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет