Психологияға кіріспе



Дата08.12.2023
өлшемі15,08 Kb.
#134874

  1. Психологияға кіріспе

Ең алдымен “Психология” сөзінің этимологиясынан бастайық. “Пси­хология” термині грек тілінен аударғанда psyche (жан) және logos (сөз, білім, ғылым), “жан туралы білім” немесе “жан туралы ғы­лым” дегенді білдіреді.
Психология тарихында адамның ішкі дүние құбылыстары жан немесе жан құбылыстары ұғымын білдірді.Тарихшылар “Психология” ұғымының шығуы жайлы әртүрлі пікірлер айтты. Кейбіреулері “пси­хо­логия” сөзінің авторы Меланхтон пікірлесі Лютер Ф. деп са­на­са, енді біреулері – философ Гоклениус деп санайды. “Психо­ло­гия” сөзі ғы­­лыми әдебиетте XVIII ғасырда пайда болған. Философиялық тілге бұл терминді ең алғаш неміс философы Христиан Вольф өзінің 1732–1734 жылдары жарыққа шығарылған “Рациональная психология” жә­не “Эмпирическая психология” еңбек­терінде енгізген болатын.
Психолгия- психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады.
Ежелгі Грецияда психикалық құбылыстар туралы түсініктер атақ­ты философтар Гераклит, Демокрит, Анаксагор, Гиппократ, Со­крат, Платон және Аристотель еңбектерінде берілді.
Жан туралы алғашқы философиялық түсінікті (шамамен б.з.б. 520–460 ж.ж.) Гераклит Эфесский айтқан. Антикалық философияға дү­ниеге космоцентрлік көзқараспен қарау тән. Гераклит Космосты мәңгі от бейнесінде, ал жанды (“психея”) оттың ұшқындары бей–не­сін­де түсіндірді. Антикалық көзқарастар Космос құрылғысы мен адам дүниесінің ұқсастығы туралы түсініктерге негізделді. Сондықтан да Гераклит “шағын дүние (микрокосм) жан барлық әлем дүниесі мак­ро­косм­ға ұқсас”, – деп тұжырымдады.
Келесі грек ойшылы Демокрит (б.з.б. 430–370) пікірінше, жан – шар тәрізді от атомдарынан тұратын материалды зат. Демокрит бар­лық жан құбылыстарын физикалық және механикалық себептермен тү­сіндіруге тырысты.
Анаксагор (б.з.б. 500–428 ж.ж.) дүние түрлі сансыз бөлшек­тер­ден тұрады деп санады. Олардың қозғалысы ақылмен реттеледі. Ақыл тер­мині (“нус”) табиғат және адам мінез-құлқы үрдістерінің тәртібі мен заңдылықтарын сипаттайтын ежелгі гректік философиясының бас­ты категориясы болды.
Гиппократ (шамамен б.з.б. 460–377 ж.ж.) есімімен темперамент және оның түрлері туралы ілімді байланыстырады. Гиппократтың ойын­ша, организмдегі темпераменттердің әр түрлілігі төрт түрлі сұйық заттардың (қан, шырын, сары өт және қара өт) бір-бірінен аз-көп­тігіне байланысты. Мәселен, организмде қан пропорциясы басым бол­са, ол сангвиникалық, ал шырын басым болса, флегматик, ал, қара өт басым болса меланхолик, сары өт басым болса, холерик темпера­мен­ті деп аталған.
Қазіргі психологияда психологиялық танымның объектісі адам пси¬хикасы, яғни көптеген субъективті құбылыстардан тұратын пси¬хо¬логиялық процестер, қасиеттер мен жай-күйлерінің жиынтығы болып табылады. Олар: а) когнитивті (танымдық процестер): түйсіну, қабылдау, зейін, ес, қиял, ойлау және сөйлеу; Адам бұл процестер көме¬гі¬мен қоршаған орта мен ішкі дүниесін таниды. ә) Адамның пси¬хи¬ка¬лық өмірінде эмоциялық құбылыстар маңызды рөл атқарады. Олар арқылы адам сыртқы және ішкі ортада өтетін заттар мен құбылыстар¬ға өз қатынасын білдіреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет