«Қр азаматтық іс жүргізу қҰҚЫҒЫ» ПӘнінің мазмұны тақырып№1. Азаматтық іс жүргізу құқығының құқық саласы және ғылым ретінде оқу пәні және жүйесі



бет1/7
Дата29.11.2022
өлшемі24,87 Kb.
#53549
  1   2   3   4   5   6   7

«ҚР АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ» ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫ


Тақырып№1. Азаматтық іс жүргізу құқығының құқық саласы және ғылым ретінде оқу пәні және жүйесі
Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша сот билігі және сотқа жолдану құқығы. Азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау нысандары. Қоғамдық қатынастардың жаңару жағдайларында азаматтық істер бойынша сот әділдігінің ролі.
Азаматтық іс жүргізу нысанының мәні, негізгі белгілері және маңызы.
Азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі. Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні, әдістері, жүйесі. Азаматтық сот өндірісінің түсінігі. Азаматтық іс жүргізу нысаны (түсінігі, мәні, негізгі белгілері және азаматтық істі қарап шешудегі маңызы).
Азаматтық іс жүргізу құқығының азаматтық, отбасылық, еңбек, конституциялық, әкімшілік құқықпен, қылмыстық іс жүргізу құқығымен және басқа құқық салаларымен байланысы.
Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздері.Жекелеген елдердің азаматтық іс жүргізу қайнар көздері. Азаматтық іс жүргізу нормалары, олардың құрылымы, уақытта және кеңістікте әрекет етуі.
Азаматтық сот өндірісінің мақсаттары және түрлері. Азаматтық іс жүргізудің сатылары.
2.Тақырып Азаматтық іс жүргізу құқығының қағидалары
Қазақстан Республикасының Конституциясындағы сот әділдігінің демократиялық негіздері.
Азаматтық іс жүргізу ққұқығы қағидаларының түсінігі, олардың маңызы және жүйесі. Азаматтық іс жүргізу құқығы қағидаларын жіктеу мәселелері. Азаматтық іс жүргізу қағидаларының ара қатынасы. Жалпықұқықтық заңдылық қағидасы және оның азаматтық іс жүргізуде жүзеге асырылуы.
Азаматтық істер бойынша ұйымдастырушы функционалдық қағидалар:
Сот әділдігін тек қана соттың жүзеге асыруы, соттардың тәуелсіздігі және олардың тек заңға бағынуы, Азаматтық істердің жеке дара және алқалы құрамда қаралуы, азаматтар мен ұйымдардың заң және сот алдында теңдігі, жариялылық қағидасы, іс жүргізу тілі қағидасы.
Азаматтық істер бойынша функционалдық қағидалары: Диспозитивтік қағидасы, айтысушылық қағидасы, тараптардың іс жүргізудегі теңдігі, ауызшалық, тікелейлік қағидалары.
Шет елдердің азаматтық іс жүргізуінің негізгі ерекшеліктері.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет