Қр-дағы инклюзивті білім беру үдерісінің тарихы. 1 Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы «Қазақстанның дүние жүзіндегі бәсекелестікке сай елу мемлекеттің қатарына ену стратегиясына»
23-билет
Қр-дағы инклюзивті білім беру үдерісінің тарихы.
1)Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы «Қазақстанның дүние жүзіндегі бәсекелестікке сай елу мемлекеттің қатарына ену стратегиясына» сай отандық білім беруді жаңарту курсы инклюзивтік білім беру жүйесінің беріктілігін сынау болып отыр.
Инклюзивтік білім беру Қазақстанда бүгінгі күні бастапқы сатыда болып отыр, оны енгізу даму жағынан артта қалған балалардың санының өсу салдарынан әлеуметтік-педагогикалық мәселеге айналып отыр. Соңғы жылдары республикада саны жағынан көбейіп отырған мүгедек балалар өмірінің негізгі көрсеткіш сапасы анағұрлым өзгерді.
Елімізде балалар құқықтары инклюзивтік білім берудің қазақстандық жолдарын ашатын «Бала құқықтары туралы», «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау туралы» Заңдармен қорғалады.
Қазіргі уақытта әлемдің қауымдастықта білім беру саясатындағы басымдылық саясаты дәл осы инклюзивті білім беруді енгізу бойынша әр елдің қайталанбас ерекшеліктеріне байланысты барлық мемлекет үшін қолданылатын нақты әдістемелер мен нұсқаулықтар жоқ, инклюзивті үрдістерді дамыту тәжірибесі оның дұрыс бейімделу барысында оларды пайдалану үшін маңызды болып табылады.
Қоғамдағы демократиялық қайта құрулар соңғы кездерде Қазақстанда үлкен назар аударылып отырған инклюзивтік білім беру идеясының тәжірибеде пайда болуы мен енгізілуіне ықпал етіп отыр.
Тәжірибені біздің елімізде оқыту 2000 жылы «Мүмкіндігі шектеулі балаларға базалық білі беруге көмек» Қазақстан Республикасының Үкіметі және ЮНЕСКО-мен бірігіп САТР Орталығымен Пилоты жобаның жүзеге асыру барысында басталды. Осы жобаның арқасында «инклюзивті білім беру» түсінігі орнықты енді.
Қазіргі кезде Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалар көбіне-көп арнайы мектеп-интернаттарда білім алады. Шындығында олар оқшауланған, қоғамдық өмірге аса бейім емес. Мәселенің бұлай қалыптасуына бүгінгі қоғамның да кінәсі бар. Өйткені біз мүмкіндігі шектеулі жандарға мүсіркей қараудан арыла алмай келеміз. Жалпы білім беретін орта мектептерде олардың оқып, білім алуына жағдай жасау енді-енді қолға алына бастады. Инклюзивті білім берудің негізі мектептегі барлық балаға олардың ерекшеліктерінен тыс сапалы білім беру болып табылады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медика-педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады.
Қазақстан 2008 жылы БҰҰ-ның «Мүгедектердiң құқықтары туралы» конвенциясына қол қойып, барлық мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасауға міндеттенген.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі мектептегі инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру болып табылады. Инклюзивті білім беру Қазақстанда қажетті деңгейде дамымаған.
Мүмкіндіктері шектеулі балалар саны өсуде. Егер 2005 жылы олардың саны 124 мыңды құраса, 2010 жылы 149 мыңнан асты. Олардың 41,4 %-ы ғана арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтылған. Қазіргі кезеңде мүмкіндіктері шектеулі 149246 баланың 29212-сі немесе 19, 5%-ы мектеп жасына дейінгі балалар. 37 арнайы балабақшада және 240 арнайы топта 10 мыңдай бала мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған, бұл 32,8% -ды ғана құрайды.