Қр денсаулық сақтау министрлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет2/41
Дата15.11.2023
өлшемі270,6 Kb.
#122596
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Дизентерия (11 тест)
30. Дизентерияның ауыр түрінің этиотропты емінде қолданылатын дәрі:
a) доксициклин
b) ампициллин
+c) ципрофлоксацин
d) цефазолин
e) гентамицин

31. Дизентерияның жеңіл түрінің этиотропты емінде қолданылатын дәрі:


a) доксициклин
b) ампициллин
+c) фуразолидон
d) цефазолин
e) гентамицин

32. Дизентерияға тән синдром:


а) гастрит
+b) колит
c) энтероколит
d) гастроэнтерит
e) гастроэнтероколит

33. Жедел дизентерияға тән ішектегі патоморфологиялық өзгерістер:


а) жаралы -некрозды проктосигмоидит
+b) катаральді-эрозивті проктосигмоидит
c) фибринозды-некрозды проктосигмоидит
d) жаралы проктосигмоидит
e) катаральді проктосигмоидит

34. 40 жастағы ер адам, бас ауыруына, әлсіздікке, іштің ауыру сезіміне, 10 ретке дейінгі жиі іштің өтуіне шағымданып, ауруханаға түсті. 20 күн бойы ауырады: тәулігіне 5 рет іштің өтуі, іштің ауыру сезімі, субфебрильді температура. Түскен кезде: жағдайы қанағаттанарлық, оң жақ мықын аймағындағы ауыру сезімі, соқыр ішектің тығыздануы анықталады. Нәжісі сұйық, қан қосылған, шыны тәрізді.


Ықтимал диагноз?
a) жедел дизентерия
b) сальмонеллез
c) тырысақ
+d) амебалық дизентерия
e) иерсиниоз

35.34 жастағы ер адам аурыуның 2-ші күні ішіндегі толғақ тәрізді ауыру сезімге, әлсіздікке, дене қызуының жоғарылауына, іштің 15 ретке дейін өтуіне шағымданып, ауруханаға түсті. Температурасы 38,8ºС. Қан қысымы-100/70 мм с. б. Пульсі 92 рет\1 мин. Сигма тәрізді ішек жиырылған, пальпация кезінде ауыру сезімді. Нәжісі аз мөлшерлі, шырыш пен қан қосылған.


Болжам диагнозы:
a) тағамдық токсикоинфекция
+b) жедел дизентерия
c) сальмонеллез
d) амебиаз
е) тырысқақ

36.25 жастағы әйел адам, табиғатқа шыққан демалыстан кейін жедел ауырған. Температурасы 39,2оС, қалтырау, бастың ауыруы және айналуы, құсу (бір рет) пайда болған. Кейіннен ішінің толғақ тәрізді ауыру сезімі, тәулігіне 20 ретке дейін іштің өтуі (бастапқыда көп мөлшерлі, нәжісті, екі күннен кейін нәжістік сипаты жоғалып, шырыш пен қан қосылған) болған. Тенезмдер, дефекацияға жалған шақырулар байқалған.


Қандай негізгі клиникалық синдромдар диагноз қоюға мүмкіндік береді?
а) энтериттік және дегидратациялық
+b) колиттік және интоксикациялық
c) дегидратациялық
d) қызбалық
e) диареялық

37. Студент, 18 жаста, ;жатақханада тұрады, жедел ауырған, дене қызуы 39оС дейін көтерілген, қалтырау байқалып, басы ауырған, әлсіздік дамыған, іші бүріп ауырып, 1 рет құсқан, тәулігіне 7-8 рет іші өткен. Іші жұмсақ, сол жақ мықын аймағында ауру сезімі байқалады.тұйық, тұрақты. Нәжісі ботқа тәрізді, шырыш пен қан араласқан.


Сіздің болжама диагнозыңыз:
а) амебиаз
+b) дизентерия
c) сальмонеллез
d) тағамдық токсикоинфекция
e) созылмалы гастроэнтерит, өршу

38. 27 жастағы әйел адам жедел ауырған: жүрек айнуы, қайталамалы құсу, кіндік айналысындағы ауру сезімі пайда болған. Аурудың үшінші күні дене қызуы – 38,50С-қа дейін жоғарылап, әлсіздік қосылған. Тексергенде: ішінің сол жақ мықын аймағында ауру сезімі, жиырылған ауру сезімді сигма ішек анықталады. Нәжісі аз мөлшерлі, шырышты. Болжама диагнозыңыз:


а) сальмонеллез, жайылмалы түрі, септикалық вариант
b) жедел дизентерия, гастроэнтероколиттік түрі
+c) жедел дизентерия, колиттік түрі
d) тағамдық токсикоинфекция
e) эшерихиоз, дизентерия тәрізді түрі

39. 24 жастағы ер адамға «Жедел дизентерия, колиттік түрі, жеңіл дәрежесі» диагнозы қойылған. Даяшы қызметін атқарады. Сіздің тактикаңыз?


+а) эпидемиялық көрсеткіштер бойынша жұқпалы ауруханаға жатқызу
b) үй жағдайында емдеу
c) асқазанды жуу, жағдайы жақсарғанда – амбулаторлық жағдайда емдеу
d) клиникалық көрсеткіштер бойынша жұқпалы ауруханаға жатқызу
e) антибиотиктерді тағайындау және амбулаторлы жағдайда тексеру

40.39 жастағы әйел адам, табиғатқа шыққан демалыстан кейін жедел ауырған. Температурасы 39,2оС, қалтырау, бастың ауыруы және айналуы, бір рет құсқан пайда болған. Кейіннен ішінің толғақ тәрізді ауыру сезімі, тәулігіне 20 ретке дейін іштің өтуі (бастапқыда көп мөлшерлі, нәжісті, екі күннен кейін нәжістік сипаты жоғалып, шырыш пен қан қосылған) болған. Тенезмдер, дефекацияға жалған шақырулар айқалған.


Этиотропты препаратты таңдаңыз:
а) доксициклин
b) линекс
c) неомицин
+d) ципрофлоксацин
e) цефтриаксон




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет