Қр денсаулық сақтау министрлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет1/41
Дата15.11.2023
өлшемі270,6 Kb.
#122596
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ЖҰҚПАЛЫ ЖӘНЕ ТРОПИКАЛЫҚ АУРУЛАР КАФЕДРАСЫ

2013-2014 О/Ж ИНТЕРНАТУРА ҮШІН ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР БОЙЫНША ТЕСТТІК ТАПСЫРМАЛАР




ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР БОЙЫНША 2013-2014 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ИНТЕРНАТУРАҒА АРНАЛҒАН ТЕСТТІК ТАПСЫРМАЛАР


Іш сүзегі (29 тест)

  1. 30 жастағы ер кісі, диагнозы: Іш сүзегі, ауыр ағымы. Асқынуы –ішектен қан кету. Іш сүзегінде ішектен қан кетудің үш белгісі:

+a) пульстің жиілеуі, тері жабындыларының бозаруының артуы, мелена
b) АҚ төмендеуі, метеоризмнің артуы, құрсақ бұлшықеттерінің дефансы
c) АҚ жоғарылауы, естің бұлыңғырлануы, тахикардия
d) тахикардия, іштің жайылған ауру сезімі, қан аралас диарея
e) АҚ төмендеуі, тахикардия, сол жақ мықын аймағының тұрақты ауру сезімі



  1. 23 жастағы ер кісі, аурудың 8-ші күнінде қызбаның көтерілуі, басының қатты ауруына, әлсіздік, денесіне бөртпенің шығуына шағымданып келді. Аймақтық дәрігер «Іш сүзегі» диагнозына күдіктенді. Іш сүзегінде бөртпе қай жерде орналасады:

+a) кеуде және іш терісінде
b) арқа терісінде
c) кеуде және қолда
d) іште және аяқта
e)дененің барлық бөлігінде



  1. Іш сүзегінің спорадикалық түрде кездесуіндегі негізгі инфекция көзі:

+a) бактерия тасымалдаушылар
b) аурудың жеңіл және атипиялық түрімен ауыратын науқастар
c)аурудың жасырын кезеңіндегі науқастар
d)ауру шыңындағы науқастар
e)іш сүзек реконвалесценттері



  1. 29 жастағы әйел адам, жұқпалы аурулар ауруханасына аурудың 6-ші күнінде «Іш сүзегі» диагнозымен келіп түстті.

Іш сүзегінде оң жақ мықын аймағында болатын триада симптомы:
a)ішек спазмы, пальпация кезінде ауру сезімі, «қол астында» шұрылдауы
+b)ішектің шұрылдауы, пальпация кезінде ауру сезімі, перкуторлы дыбыстың қысқаруы
c)пальпация кезінде ауру сезімі, бұлшықет дефансы, іштің тітіркену симптомы
d)сигма тәрізді ішектің спазмы, пальпация кезінде ауру сезімі, ішектің шұрылдауы
e)кіндік аймағының пальпация кезіндегі ауру сезімі, «қол астында» шұрылдауы, гепатомегалия



  1. Іш сүзегіндегі бөртпе сипаты:

a) геморрагиялық
b)дақты-папулёзді
+c)розеолёзді
d)везикулёзді
e) «есекжем» типі бойынша

6. Іш сүзегінде асқазан-ішек жолдарының зақымдалу симптомдарына тән:


a) асцит
b) сигма тәрізді ішектің спазмы
c) эпигастрий аймағының ауру сезімі
+d) Падалка симптомы
e) Ортнер симптомы

7. Іш сүзегіне тән симптомдар:


a) қызбаның болмауы
b) денеде петехиальді бөртпелердің болуы
+c) брадикардия, гипотония, пульс дикротиясы
d) Курвуазье симптомы
e) көптеген бөртпелер

8. Іш сүзегімен ауырған науқас «қара» түсті нәжіске шағымданады, қандай асқыну дамыған:


a) перфорация
+b) қан кету
c) жаралы колит
d) ішектің жеделөтпеуі
e) инфекционды-токсикалық шок

9. Іш сүзегінің диагнозын этиологиялық тұрғыдан дәлелдеу үшін қандай зерттеу жүргізу керек:


a) жалпы қан анализі
+b) гемокультура
c) рентгенологиялық зерттеу
d) УДЗ
e) лапароскопия

10. Іш сүзегімен дифференциалды диагноз жүргізуді қажет ететін ауру:


a) тағамдық токсикоинфекция
b) дизентерия
c) менингококкцемия
d) геморрагиялық қызба
+e) ку-қызбасы

11. Іш сүзегіне тән белгі:


+a) тұрақты қызба
b) сарғаю
c) геморрагиялық қызба
d) колит
e) «шымшу»симптомы

12. Іш сүзегіне тән:


+a) қызба
b) бас аурудың болмауы
c) бөртпе аурудың бірінші күні байқалады
d) профузды іш өту
e) бетінің қызаруы

13. 30 жастағы ер кісі, «Іш сүзегі, ауыр ағымы» диагнозымен, аурудың 10-ші күнінде, ауруханада жатқанының 4-ші күнінде науқаста кенеттен іштің кебуі, іштің қатты ауру сезімі, ауыздың құрғауы, ішекте перистальтика дыбысының жоғалуы және дене қызуының күрт төмендеп, тахикардия пайда болған.


Іш сүзегі кезінде арнайы асқынуды анықтаңыз:
a) дегидратация
+b) ішек перфорациясы
c) тыныстың жеделжетіспеушілігі
d) бауырдың жеделжетіспеушілігі
e) бүйректің жедел жетіспеушілігі

14. Іш сүзегінің арнайы асқынуы:


a) гиповолемиялық шок
+b) инфекциялық-токсикалық шок
c) қан түкіру
d) бауырдың жедел жетіспеушілігі
e) бүйректің жедел жетіспеушілігі

15. 23 жастағы, ер кісі, аурудың 8-ші күнінде қызбаның көтерілуі, басының қатты ауруына, әлсіздік, денесіне бөртпенің шығуына шағымданып келді. Аймақтық дәрігер «Іш сүзегі» диагнозына күдіктенді.


Іш сүзегіне тән терідегі бөртпе сипаты:
a) петехиальды бөртпе
b) эритема
c) дақты-папулезді бөртпе
+d) розеолалар
e) везикулалар

16. Іш сүзегіне тән патоморфологиялық өзгерістер:


a) ішектегі серозды қабыну
b) тоқ ішектегі жаралы-некротикалық процесс
+c) жіңішке ішектегі жаралы-некротикалық процесс
d) псевдомембранозды колит
e) ішектің қалыпты шырышты қабаты

17. Іш сүзегі патогенезінің басым тізбегі:


+a) бактериемия
b) вирусемия
c) қан тамырларының өткізгіштігінің жоғарылауы
d) экзотоксиннің бөлінуі
e) асқазан-ішек жолдарынан қоздырғыштың табылуы

18. Іш сүзегіне тән қызба:


a) интермиттирлеуші
b) субфебрильді
c) гектикалық
+d) тұрақты
e) ремитирлеуші

19. Іш сүзегіне тән классикалық қызба қисығы:


+a) трапеция тәрізді (Вундерлих)
b) 3-күндік
c) ұстама тәрізді
d) субфебрильді
e) бұрмаланған

20. Іш сүзегінің негізгі патоморфологиялық өзгерістері АІТ қай бөлімінде шоғырланады:


a) сигма тәрізді ішекте
b) тік ішекте
+c) мықын ішекте
d) көлденең тоқ ішекте
e) асқазанда

21. Іш сүзегінің клиникасына тән белгі:


a) беттің қызаруы
b) геморрагиялық синдром
c) ұлғайған, тығыз көкбауыр
+d) брадикардия
e) дене температурасының қалыпты болуы

22. Іш сүзегіне тән симптом:


a) бұлшық еттегі ауру сезімі
b) қалтырау және тершеңдік
c) белдегі ауру сезім
d) полиаденит
+e) тұрақты қызба

23. Іш сүзегінде бөртпенің пайда болу мерзімі:


a) аурудың 1-3 күні
b) аурудың 4-7 күні
+c) аурудың 8-10 күні
d) аурудың 14 күні
e) барлық қызбалық кезеңде

24. Іш сүзегіне ерте диагноз қою үшін қолданылатын лабораториялық әдіс:


+a) қанды егу
b) өтті егу
c) зәрді егу
d) Видаль реакциясы
e) тікелей емес гемагглютинация реакциясы

25. Қай жұқпалы ауру кезінде бактериологиялық әдіс қолданылады:


a) амебиаз;
b) тениоз;
c) вирусты гепатит;
+d) іш сүзегі;
e) лейшманиоз.

26. Іш сүзегімен жиі қай жастағы адамдар ауырады:


+a) 15-20 жас
B )5-7 жас
c) 40-50 жас
d)2-4 жас
e) 60 жастан жоғары

27. 45 жастағы әйел адам, аурудың 5-ші күнінде үйінде аймақтық дәрігерге қаралды.


Қарау кезінде: дене қызуы – 38,50С, жағдайы орташа ауырлықта, дене жамылғысы бозғылт, тілі ісінген, тілінде тісінің іздері бар. Іші кебінген, оң жақ мықын аймағында ауру сезімі, ішектері құрылдап және перкусия кезінде перкуторлы дыбыстың қысқаруы, бауыр мен көк бауырдың ұлғаюы, іштің қатуы айқындалған.
ай ауру туралы ойлауға болады?
a) жедел дизентерия
b) сальмонеллез
c) тырысқақ
d) іш сүзегі+
e) листериоз

28.Іш сүзегін жұқтыру механизмі:


a) трансмиссивті
b) аспирациялық
+c) фекалды-оралды
d) тұрмыстық-қатынас
e) парентералді

29. Іш сүзегіне тән асқыну:


a) мидың ісінуі
b) тыныс орталығының парезі
+c) ішектен қан кету
d) жұмсақ тіндерінің некрозы
e) гиповолемиялық шок




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет