ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі



бет1/2
Дата03.05.2023
өлшемі35,44 Kb.
#89439
  1   2

ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасы
К Ү Н Д Е Л І К

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША

МАГИСТРАНТ: ЖОЛАСБЕК БАҒИЛА ЗИЯНАТҚЫЗЫ

КУРС: 1
ФАКУЛЬТЕТ: ФИЛОЛОГИЯ


МАМАНДЫҚ: «7M02323 ҚОЛДАНБАЛЫ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ»

Тәжірибеге жолдама қызметін атқарып, міндетті түрде есепке тіркеледі



І БАҒЫТТАР

І курс магистранты,


Филология факультеті
Аты-жөні: Жоласбек Бағила Зиянатқызы
Тәжірибе өтуге бағытталды: А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасы
«23» қаңтар 2023 ж. мен «01» сәуір аралығында

Факультет деканы _________________ Б.У.Джолдасбекова


Тәжірибе жетекшісі _________________ А. Ж. Амиров

ІІ ТӘЖІРИБЕ ӨТУ ЖӨНІНДЕГІ АНЫҚТАМА


Магистрант: Жоласбек Бағила Зиянатқызы
Тәжірибе қабылданған орны: А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасы

ІІІ ТӘЖІРИБЕ БАРЫСЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫСТАР ЖАЗБАСЫ



Жұмыс түрі

Күні

Өткізу орны

Қолы


23.01-01.04.2023 аралығында өтетін педагогикалық тәжірибе бұйрығымен танысып шықтым. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі кафедрасының ұйымдастырған жиналысына қатысып, тәжірибенің өту барысымен, атқарылатын жұмыстардың негізгі жоспарымен, сонымен қатар, техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстым. Тәжірибе жетекшісінің нұсқаулығымен толық танысып, алғашқы екі аптаның пассивті тәжірибе ретінде өтетіндігіне құлағдар болдым.
Педагогикалық тәжірибе бойынша жиналыс өтіп, өту жайы, жоспары мен жетекшілер таныстырылды. Кафедра мамандары докторанттардың сұрақтарына жауап беріп, қалай өту, қалай тапсыру жайы пысықталды.

23.01.2023 ж



Кафедра






Педагогикалық тәжірибем жүзеге асатын, яғни сабақ жүргізетін негізгі пәнмен, ол пәнді жүргізуге байланысты құжаттармен: силлабуспен, ПОӘК-мен таныстым. Пән бойынша негізгі ғылыми мәліметтер мен әдебиеттерді жинақтай бастадым. Пән лекторы, әрі отандық ғылыми жетекшім Абитжановамен сұхбат құрып, алдыға қойылатын негізгі мақсаттарды айқындап алдым. Жетекшінің жұмыс кестесімен таныстым.

24.01.2023 ж



Кафедра






7М01701- Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы бойынша білім алып жатқан магистранттардың "Қазақ тілінің функционалды грамматикасын оқыту әдістемесі" пәнінен дәрісіне қатыстым. 1 курс магистранттарының жалпы саны - 12. Дәріс 318 аудиторияда өтті. Ф.ғ.к. доцень Абитжанованың дәрісіне, оқытушының сабақ барысында қолданған әдіс-тәсілдеріне жіті мән беріп отырдым.

25.01.2023 ж

318





ЖОО-ның кітапханасынан өзім дәріс өткізетін пән көне қазақ тілі бойынша қажетті әдебиеттерді, материалдарды, монографияларды, ғылыми мақалаларды жинақтадым. Сабақ барысында пайдалануға қолайлы оқытудың жаңа технологияларымен, әдіс-тәсілдерімен таныстым. Білім алушыларға тиімді оқыту әдістерін анықтадым.

26.01.2023 ж



Сабақ кестесі
бойынша





Білім алушыларды бақыладым. Әлеуметтік-психологиялық климатты талдап, белсенді және пассивті магистранттарды анықтауға тырыстым.

27.01.2023 ж



318






Курстың академиялық презентациясымен танысып шықтым. Тәжірибе бойынша Абитжанова осы аптада өтетін лекция және семинар сабақтарын білдім.

30.01.2023 ж

Сабақ кестесі


бойынша





Осы аптадағы лекция және семинар тақырыптары бойынша ақпараттар жинап, білімімді жетілдірдім.

31.01.2023 ж

Сабақ кестесі
бойынша





Университеттің моральдық-этикалық құндылықтар шеңберіндегі курстың академиялық саясатымен танысып шықтым. Сонымен бірге академиялық тәртіп ережелерін, академиялық құндылықтарды қарастырдым. Жетекшімнің студенттеріне беретін лекциясы мен семинарына қатыстым.

01.02.2023 ж

Кафедра





Жетекшіммен топ студенттеріне арналған сабаққа және өзімнің диссертациялық тақырыбыма қатысты ақпараттармен қанықтым әрі студенттермен осы тақырып төңірегінде әңгіме қозғап, ғылыми зерттеулер мен жұмыстарға талдау жасадық.

02.02.2023 ж





Кафедра






Қазақ тілінің диахрониясы мен синхрониясы жайлы апайдың лекциясына қатыстым.

03.02.2023 ж

318





Ғылыми жетекшіммен ККСОН тізіміне енетін журналдарды саралап, алғашқы мақаланы қайда беретінімізді ақылдастық. Сонымен қатар, бұған дейінгі жинаған мәліметтеріммен таныстырдым.

06.02.2023 ж

Кафедра





Ғылыми жетекшінің дәрісіне қатысу, магистранттардың белсенділігін анықтау және осы аптада өтетін лекция және семинар сабақтарыман таныстым.

07.02.2023 ж



318






Тақырыптың ауқымын, зерттелу аясын қарадым. Одан бөлек, жетекшімнің лекциясы мен семинарына қатыстым.

08.02.2023 ж



318






Ғылыми жетекшінің дәрісі мен семинарларының стилін анықтап, білім алушылар үшін тиісті оқыту әдістерін белгіледім. Жұма күні магистранттар тапсыратын семинарға қатысты ақпараттарды толықтырып, кей ғылыми еңбектерді қарадым.

09.02.2023 ж



318






Магистранттардың семинарына кіріп, жетекшім екеуміз тақырып бойынша дайындалып келген сабақтарын сұрадық. Магистранттарды бағалау бойынша, яғни жиынтық бағалау бойынша жұмыстарға ерекше мән беріп, олардың аудиториядағы жұмыстарының белсенділігін, орындалған тапсырмалар бойынша белсенділігін анықтауға тырыстым.

10.02.2023 ж



318






Пән бойынша қорытынды бағалау формуласымен таныстым. Сонымен қатар, бағалау шкаласын қарастырдым. Әдебиет және ресурстарды шолып, ғаламтор ресурстарын қарап шықтым. Қажетті материалдарды белгілеп алдым.

13.02.2023 ж

Кафедра





Студенттерді бағалау бойынша, яғни жиынтық бағалау бойынша жұмыстарға ерекше мән беріп, олардың аудиториядағы жұмыстарының белсенділігін, орындалған тапсырмалар бойынша белсенділігін анықтауға тырыстым.

14.02.2023 ж



318






Ғылыми жетекшінің дәрісі мен семинарларының стилін анықтап, білім алушылар үшін тиісті оқыту әдістерін белгіледім. Жұма күні магистранттар тапсыратын тақырыпқа қатысты ақпараттарды толықтырып, кей ғылыми еңбектерді қарадым

15.02.2023 ж

318





Орхон-Енисей ескерткіштері мен қазақ тіліндегі дауысты, дауыссыз дыбыстар жүйесі. Дыбыстық өзгерістердің тарихилығы тақырыбында ғылыми жетекшімен бірлесе отырып МӨЖ қабылдадым.

16.02.2023 ж

318





Магистранттардың оқу үлгерімін бағалауға қатысу.

17.02.2023 ж

318





Ғылыми жетекшінің дәрістеріне қатыса отырып, Орхон ескерткіштері тілінің сөзжасамы, оның тәсілдері. Сөзжасамдық үдерістің диахрониясы мен синхрониясын қарастырдым.

20.02.2023 ж

318





МӨЖ орындау бойынша ғылыми жетекшінің кеңесіне қатысу.

21.02.2023 ж

318





Группамен онлайн форматта алдағы ашық сабақ және іс-шаралар туралы талқыладық.

22.02.2023 ж

Онлайн





Білге қаған ескерткіші тіліндегі сын есімдер. Сын есімдердің грамматикалық класс ретінде қалыптасуы. Сын есім жасайтын аффикстер. Сын есімдердің дамуындағы адьективация мен трансформация. Шырай категориясы бойынша пысықтау сұрақтарын дайындадым.

23.02.2023 ж

Кітапхана





Орхон ескерткіштері тіліндегі сөз таптары тақырыбында қосымша мәлімметтер қарадым. Студенттердің дайындығын тексердім. Магистранттар сабаққа белсенді қатысты.

24.02.2023 ж

318





Жаңа аптаның жоспарын бекітіп, ғылыми мақала бойынша жетекшіммен кеңестім.

27.02.2023 ж

Кафедра





Диссертация тақырыбы бойынша "Түркі тілдеріндегі категориялар" тақырыбы бойынша мақала жазуды бастадым.

28.02.2023 ж



Кітапхана







Пән бойынша шетелдік дереккөздермен танысу. Магистранттар үшін тың зерттеулер мен мәліметтер қарастыру.

01.03.2023 ж

Кафедра





Семинар сабақтарынан кейін пассивті және белсенді білім алушыларды анықтап, олармен байланысқа түсіп, жеке жұмыстар жүргізу.

02.03.2023 ж

318





Тәжірибе материалдарын күнделікке енгізу.

03.02.2023 ж

Кафедра





А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының Аналар мерекесіне орай ұйымдастырған іс-шараларға белсене қатыстым.

06.03.2023 ж



Кафедра






Ғылыми жетекшінің МӨЖ өткізу бойынша кеңесіне қатыстым.

07.03.2023 ж

Кафедра





Бір жыл бұрын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде төте жазу сабақтары оқытыла басталған еді. Жуырда ғана алғашқы қарлығаштары қанат қағып, ұлт ұстазы ұсынған әліпбиді танып шықты. Арнайы курсқа қатысып, сертификатқа ие болған студенттерді марапаттау рәсіміне қатыстым.

09.03.2023 ж

Кафедра





Ашық тәрбие іс-шарасына дайындықты бастадық

10.03.2023 ж

Кафедра





Күлтегін ескерткіші тіліндегі сан есімдер. Сан есімдердің шығу төркіні. Сан есімнің грамматикалық категориялары.
Қазіргі қазақ тіліндегі реттік, жинақтық, болжалдық сан есімдері. Олардың қалыптасу тарихы (Күлтегін ескерткіші негізінде) тақырыбы бойынша семинар өткіздік.

13.03.2023 ж

318





Докторанттар мен магистранттардың кафедра бойынша ғылыми семинарына қатысу. Семинар сабағына дайындық, материалдар жинақтау, әдістемелік материалдар даярлау.

14.03.2023 ж

Кітапхана





Педагогикалық тәжірибе күнделігіне тәжірибе мәліметтерін енгізу.

15.03.2023 ж

Кафедра





Университетке барып, академик М. Серғалиевтің 85 жылдығына арналған "Қазақ ой өрнегінің сарашысы" атты дөңгелек үстелге қатысып, "М. Серғалиевтің журналистік қыры" тақырыбында баяндама оқыдым. Дөңгелек үстелде шәкірттері естелік айтса, магистранттар еңбектеріне арнайы тоқталып, баяндама жасады. Осылайша тәрбие іс-шарамызды сәтті өткіздік.

16.03.2023 ж

318





Күлтегін ескерткіші тіліндегі есімдік, оның мағыналық топтары.
Есімдіктің қалыптасу жолдары. Түркі тілдеріндегі есімдіктердің даму ерекшеліктерін студенттерге түсіндірдім.

17.03.2023 ж

318 ауд.





Тоныкөк ескерткіші тіліндегі етістік және оның категориялары. Етістіктердің диахрониясы мен синхрониясы. Тоныкөк ескерткіші тіліндегі етістіктің функциялық тұлғалары. Көсемше, есімше, қимыл атауы, олардың қалыптасуын айттық.

20.03.2023 ж

Кафедра, кітапхана





Педагогикалық практика күнделігіне практика мәліметтерін енгізу.

21.03.2023 ж

Кафедра





Ғылыми жетекшімен біріге отырып магистранттардың оқу үлгерімін бағалауға қатысу. CОӨЖ бойынша консультация беру.

22.03.2023 ж



318





Силлабус бойынша Орхон ескерткіштері тіліндегі етістіктің рай, шақ категориясы. Орхон ескерткіштері тіліндегі шақ, жақ, етіс, рай категориялары. Олардың қалыптасу тарихы. Күлі-чұр ескерткішімен жұмыс жасалды.

23.03.2023 ж



318 ауд.





Жоғары оқу орнындағы педагогикалық тәжірибе шеңберінде дәрістер мен практикалық сабақтарға әдістемелік нұсқаулар даярлау.

24.03.2023 ж



Кафедра, кітапхана





Орхон ескерткіштері тіліндегі үстеулер. Үстеулердің арғы негізі туралы пікірлер. Орхон ескерткіштері тіліндегі одағай, еліктеу сөздер, шылаулар тақырыбында іздендім. Студенттермен пікірталас ұйымдастырдым.

27.03.2023 ж

318





Жетекшім екеуміз тақырып бойынша дайындалып келген сабақтарын сұрадық. Магистранттарды бағалау бойынша, яғни жиынтық бағалау бойынша жұмыстарға ерекше мән бердім.

28.03.2023 ж

318 ауд.





Ашық лекцияға слайд, kahot сұрақтарын дайындадым.

29.03.2023 ж

318





СӨЖ 4 Орхон ескерткіштері тілінің синтаксистік ерекшелігі
Д. Орхон ескерткіштері тіліндегі синтаксистік байланыс тәсілдері. Синтаксистік байланысу тәсілдерінің қалыптасуы мен дамуы.
Осы тақырыпқа мәліметтер жинақтадым. Студенттерге түсіндірдім.

30.03.2023 ж

318





Оқу практикасы бойынша материалдар жинақтау, есеп жазу және барлық қажетті құжаттаманы жинау, рәсімдеу, практика жетекшілеріне тапсыру.

31.03.2023 ж

Кафедра








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет