Радиологиялық зертханадағы қауіпсіздік техникасы 2 сағат Сабақтың мақсаты



бет1/2
Дата06.01.2022
өлшемі18,67 Kb.
#16799
түріСабақ
  1   2

1 зертханалық – тәжірибелік сабағы

Радиологиялық зертханадағы қауіпсіздік техникасы

2 сағат

Сабақтың мақсаты: Радиологиялық зертхананың жабдықтарымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасын зерттеу.Радиациялық қауіпсіздік нормалары (РҚН) мен негізгі санитарлық ержелермен (НСЕ) танысу.
Материалдар мен жабдықтар: РҚН, НСЕ ережелер, жеке қорғаныс заттар

– халат, бас киім, перчатка, полиетиленді алжапқыш, қолға киетін, жартылай халат және комбинезон, аяқ киім, респиратор, противогаз, көзілдірік, ЛУЧ- А және СРП -88 радиометрлері, әртүрлі материалдардан әзерленген пластиналар (пластикат, линолеум, плексиглас,шыны, плиткалар), дезакцивациялық сұйықтықтар.

Радиоактивті изотоптар мен басқа иондаушы сәулеленулер организмге биологиялық әсер етіп, адам денсаулығына қауіп төндіреді (сыртқы және ішкі сәулеленулер). Радиоактивті заттармен жұмыс істеген кезде міндетті түрде радиациялық қауіпсіздік нормалар мен негізгі санитарлық шараларды, басқа да иондаушы сәулеленулердің көздерінен сақтану қажет. Бұл негізгі радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін заңды құжаттар радиоактивті заттарды, қолданатын, өндеу жұмыстарын жүргізетін, сақтайтын, табиғи және жасанды радиоактивті изотоптарды тасымалдайтын, олардың қалдықтарын өндейтін барлық кәсіп орындар, ведомстволар мен министрліктерге бірдей болып саналады.

Радиоактивті заттар мен басқа да иондаушы сәулеленумен жұмыс істеуге арналған радиациялық қауіпсіздік нормалары мен негізгі санитарлық шараларының құжаттарын министрліктер, ведомствалар және санитарлық эпидемиологиялық қызмет органдарымен бірлесе отырып, келісіп,әзірлейді.

Негізгі санитарлық ережелердің дұрыс орындалуына жауапты министрліктер мен ведомстволар жетекшілік жасайды.

Радиациялық қауіптің төнуі радиоактивті көздерге (ашық және жабық), олардың физикалық және химиялық жағдайына, сәулелену энергиясына, түріне, изотоптың жартылай ыдырау кезеңіне, жұмыс орындарындағы радиоактивтіліктің ұзақтығына байланысты болады. Жабық радиациялық қауіп кезінде сыртқы ортаға радиоактивті заттар тікелей түспейді (сплавтар, стержндер, дисклер, т.б.). Бұндай көздер тек сыртқы сәулеленудің әсерлерінен кейін ғана барып организмге қауіп төндіреді. Ашық сәулеленулер деп радиоактивті сәулелену көздері, яғни радиоактивті заттардың сыртқы орталарға тікелей таралу мүмкіндігі бар заттарды (ұнтақтар, сұйықтықтар, газдар) айтады. Радиоактивті заттармен (препараттар, т.б.) ашық түрде жұмыс істеген кезде сыртқы сәулеленулерден қорғанудан басқа міндетті түрде адам организмінің ішіне түспеуін қамтамасыз ету керек. Жұмыс орындарының радиоактивті заттармен ластанбауы үшін, оған полиетиленді пленкалар, үзгіш қағаздар және т.б.

материалдарды қолданған жөн. Мұндай жұмыстарды лоток ішінде, қорғаныш бокстарда жүргізу керек.

Ашық радиоактивті заттармен жұмыс істейтін орындарды, бөлмелерге күнделікті, яғни жұмыс, істегеннен соң, ылғалды тазалау жұмысын жасайды, сонымен қатар кемінде айына бір рет едендерді, есік, терезе, қабырғаларды толық жуып отырады. Бөлмеге құрғақ жинау жұмысын жүргізуге болмайды, себебі бөлме қабырғаларына, еденге, т.б. жерлерге қонған радиоактивті тозаңдар ауаға көтеріліп, қызметкерлерге қауіп төндіреді. Зертханаларда әрдайым дезактивациялық заттар (қымыздық қышқылы, фосфаттар, жуғыш заттар) болуы міндетті. Жұмыс істеп болған әрбір адам өзі қолданған ыдыстарды, құрал- саймандарды жинап отырады. Сосын ол жерді радиометриялық аспаптармен бақылап отырады.

Ашық радиоактивті заттармен жұмыс істейтін адамдар арнайы киімдермен қамтамасыз етіледі: халат, бас киім, қолғап, полиетиленді алжапқыш, қолға киетін (нарукавник), жартылай халат және комбинезон, пневмо костюм (апат болған кезде, вивариді жинайтын кезде киетін арнайы киім), аяқ киім (резеңке етік, полиетиленді байпақ), ұнтақтармен жұмыс істегенде киетін- тыныс мүшелерін қорғайтын респиратор, противогаз, кӛзді қорғайтын оргшыныдан әзерленген көзілдірік.

Егер радиоактивті заттар (ұнтақ, сұйықтық) шашылса, төгілген жағдайда тез арада вентиляцияны сөндіріп, арнайы киімдер киіп, жинап алып, сол жерді және киген арнайы киімдерді радиометриялық прибормен тексереді. Арнайы киімдердің ластануы белгіленген деңгейден аспауы керек. Жұмыскердің арнайы киімдері былғанған жағдайда, оларды арнайы орындарда дезактивациялайды немесе радиоактивті қалдықтар сияқты жойып жібереді. Қолды, дененің кейбір ластанған жерлерін жедел түрде сабын немесе арнайы «ЗАЩИТА» ұнтағымен жуады.

Радиометриялық зертхана. Радиометриялық лаборатория зерттеу объектілеріне жақын орналасып, түрғын үй кешенінен алыс жерде салынуы қажет.

Зертханаларда радиоактивті заттармен жұмыс істеуге қажетті жағдайлар жасалған барлық бөлмелер мен жұмысқа керекті барлық қондырғылармен қамтамасыз етілуі тиіс. Радиоактивті заттармен ластануды болдырмау үшін ғимарат екі зонаға бөлінеді. Бірінші «лас» зонасыда радиоактивтілік белсенділігі жоғары заттармен (белсенділігі 10-8 Ки- ден жоғары) жұмыс істейтін бөлме, ал екінші «таза» зонада дайындалған үлгілерді өлшеуі құралдар тұратын бөлме мен белсенділігі төмен (белсенділігі 10-8 Ки-ден төмен) және белсенділігі жоқ заттарды зерттейтін бөлме орналасады.

Зертхана құрамына радиоактивті заттармен тікелей жұмыс істейтін химиялық бөлім мен препараттардың радиоактивтілік белсенділігін өлшеп, есептейтін бөлме, қолданылған ыдыстарды жуу бөлмесі, жуынатын бөлме, арнайы киімдерді сақтауға арналған гардероб кіреді. Жуынатын бөлме мен киім ауыстыратын бөлме «лас» зонаға кіре беріс жерде болады.

Зертхананың химиялық бөлімінде:

а) үлгілерді ашып, оларды зерттеуге дайындайтын бөлме; бұл бөлмеде

«ыстық» камералар мен белсенділігі жоғары радиоактивті препараттарды (1- 3 мКи- ден жоғары) сақтайтын сейф болады.

ә) аналитикалық бөлме- радиохимиялық талдау жүргізуге арналған; мұнда белсенділігі 1 мКи- ден аспайтын үлгілермен жұмыс істейді; бұл бөлме ауа сорғыш шкафтармен, арнайы канализациялармен және қажет жағдайда құрғақ камералармен қамтамасыздандырылған.

б) физико- химиялық бөлме- физико- химиялық талдау жасауға арналған;

Зертхана ғимараттарына қойылатын негізгі талаптар.
1. Аналитикалық бөлмесі үлгілерді дайындайтын бөлме мен жуу бөлмесінің ортасында орналасу керек. Себебі зерттеуге үлгілерді беруге ыңғайлы және ластанған ыдыстарды жууға ыңғайлы болады.

2. Едендер, жұмыс үстелдері мен ауа сорғыш шкафтар тегіс, олар қышқылға төзімді майлы бояулармен сырлануы қажет. Өйткені радиоактивті заттармен ластанған едендер мен жұмыс үстелдерін дезактивациялауға ыңғайлы.

3. Бөлмелердің қабырғалары, төбесі, есіктері де тегіс төзімді майлы бояулармен боялады.

4. Бөлмелердің барлық бұрыштарына радиоактивті тозаңдар тұрып қалмас үшін дөңгеленген болуы керек.

5. Бөлмедегі комуникациялардың (электр, газ, су құбырлары, канализациялар) жабық болуы шарт. Канализация құбырларын тазартуға, ауыстыруға ыңғайлы, құбырлардың артық бұрылыстары болмайтындай етіп орналастырады.

6. Ауа келетін және ауа соратын желдеткіштерде бірнеше ауа алмастырғыш сүзгілері болу керек.

7. Ғимарат жарықпен қамтамасыздандырылады, жарық сөніп қалған жағдайда тоқ беретін қосымша генератор болу керек.

8. Зертханада істен шыққан, жұмысқа қажетсіз артық қондырғылар мен заттар тұрмау керек.



Тапсырмалар:


  1. Радиациялық қауіпсіздік нормалары (РҚН) мен негізгі санитариялық ережелерді (НСЕ) оқу.

  2. Жеке қорғаныс заттары мен оларды қолдану ережелерімен танысу.

  3. Радиоактивті заттармен жұмыс жүргізетін орындарды дайындау.

  4. Радиологиялық лабораторияда жұмыс істеу ережелерін оқып, меңгеру.








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет