Реферат тақырып "Биологиялық мембраналардың өткізгіштік механизмі " Орындаған: Орынбай Майра Тобы: 106 А



бет1/3
Дата21.10.2023
өлшемі43,94 Kb.
#120496
түріРеферат
  1   2   3


НУО КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ

МЕББМ ҚАЗАҚСТАН- РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


БОӨЖ
Реферат

ТАҚЫРЫП
“Биологиялық мембраналардың өткізгіштік механизмі

Орындаған: Орынбай Майра
Тобы: 106 А
Қабылдаған: Сугуржанова Г.А

Мазмұны:
I.Кіріспе
1.Биологиялық мембрана туралы жалпы түсінік
II.Негізгі бөлім
1.Биологиялық мембраналардың құрылысы
2.Биологиялық мембраналардың қызметі
3.Биологиялық мембраналарды зерттеу әдістері
4.Флип-Флоп және Латеральды диффузия туралы ұғым
5.Биологиялық мембраналар арқылы зат тасымалдау
III.Қорытынды
IV.Қолданылған әдебиеттер

. I. «КІРІСПЕ»
Жасуша биофизикасының маңызды бөлігі – мембрана биофизикасы, оның медицинада маңызы зор. Тіршілікке тән барлық процестер биологиялық мембранада өтеді, оның бұзылуы көптеген патологияның себепшісі болады. Адам ағзасына емдеу мақсатында әсер ету – биологиялық мембраналардың қызметіне әсер етумен тығыз байланысты.
Биологиялық мембрана — жасушаның және жасуша ішіндегі бөлшектердің (ядро, митохондрия, хлоропластар, пластидтер) бетінде орналасқан молекулалық мөлшердегі (қалыңдығы 5 — 10 нм), ақуызды-липидтік құрылымды жұқа қабықша. Биологиялық мембрана фосфолипидтік құрылымына байланысты өткізгіштік қасиетіне ие, яғни жасушада тұздардың, қанттың, амин қышқылдарының, иондардың, т.б. заттардың алмасу өнімдерінің концентрациясын, олардың тасымалын және алмасуын реттейді


II.«НЕГІЗГІ БӨЛІМ»
1.«Биологиялық мембраналардың құрылысы»
Кез келген мембрана құрылымының негізін липидтердің екі моноқабатынан тұратын екі липидтік қабат құрайды. Биологиялық мембрана — аса күрделі құрылымды зат. Оның құрамында ферменттік белоктар, ерекше рецепторлар, электрондарды тасымалдаушы, энергияны өңдеуші құрылымдар сонымен қатар гликопротеиндер мен гликолипидтер болады. Биологиялық мембрананың липидті биқабатының іші гидрофобты болады, сондықтан ол көптеген полярлы молекулалар үшін өткірлігі төмен бөгет болып табылады. Бұл қасиеттің арқасында клетканың құрамының тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Кейбір клеткалар суда еритін молекулаларды тасымалдау жолдарды құрайды.
Биологиялық мембраналардың қалыңдығы 10 нм. жоғары болмайды, бірақ та оның құрамында негізгі молекулярлық элементтер /липидтер, ақуыздар/ көп болғандықтан олардың салмағы жасушаның салмағының жартысынан көбірек болады.Мембраналар тек қана жартылай өткізетін, пассивті қабықтар емес, олар жасушаның бүкіл маңызды қызметтеріне қатысады, олар бүкіл органеллалардың құрамына кіреді.
Клеткада өтетін бірқатар процесстер (АТФ синтезі, қозу, иондық және су құрамын сақтау) заттың мембрана арқылы тасымалдауымен байланысты.
Биологиялық мембрана құрылысының алғашқы моделін 1902 жылы Отвертон деген ғалым ұсынды. Ол мембрана арқылы липидтерде жақсы еритін заттар тез өтетінін байқаға .Осыны басты негізге ала отырып мембраналар фосфолипидтердің жұқа қабатынан тұрады деген идеяны ұсынған. Полярлық және полярлық емес орталардың шекара беттерінде (мысалы,су мен ауа,немесе су мен май) фосфолипидтер бірмолекулалық қабат құрайды. Осы бетте фосфолипидтердің полярлық бастары суда болса,полярлық емес ұштары ауада немесе майда болады.
Биологиялық мембрананың түрлері:
Плазмолемма(жасушаның сыртқы қабаты)
Жасушаішілік мембраналар(вакуоль,ядро және басқалардың қабықшасы)
Базальді мембрана(тіндер қабықшасы)
Жасушаның ішкі мембраналарына қарағанда плазмалемма холестеринге бай. Плазмалемманың бір ерекшелігі оның сыртында көмірсулардан тұратын гликокаликс қабаты орналасады. Бұл қабаттың қалыңдығы 3—4 мм-дей болады. Плазмалемма негізгі атқаратын қызметі: қорғаныштық, өткізгіштік және тасымалдаушы. Тасымалдаушы плазмалемма сулардың, иондардың және молекулалардың сыртқы ортадан жасушаға өтуін және кері өтуін реттеп отырады. Зат алмасу процесінде жасушада пайда болған қорытылған заттар да осы плазмалемма арқылы сыртқа шығарылып отырады. Плазмалемманың сыртқы бетіне рецепторлық ферменттер орналасады, олар жасушаның күйін басқа көрші жасушаларға жеткізіп тұрады. Плазмалемма жасушаның бөліну процесінде маңызды рөл атқарады. Оның сыртында микротүтікшелер, талшықтар сияқты әр түрлі өсінділер болады.
Басы- азотты және азотты емес негіздерден құралған
Денесі- глицериннен немесе сфингозиннен тұрады
Құйрықшасы -полярсыз май қышқылдарының СН тізбегінен тұрады



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет