Рахманқұл Бердібай Қазақстандағы аса ірі фольклортанушы. Оның «Жыршылық дәстүр»



бет2/4
Дата15.11.2023
өлшемі149,61 Kb.
#123271
1   2   3   4
Әуелбек Қоңыратбаев


Қазақ әдебиетінің барлық саласында дерлік қалам тартқан Ә.Қоңыратбаев қытымыр заманда өмір сүріп,тағдыр қыспағына көп ұшырағанына қарамастан артына мол мұра қалдырлы.Оның қаламынан шыққан еңбектер бүгінгі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ.Қоңыратбаев еңбектерінің салмақты жағы қазақтың әдеби және фольклорлық мұрасын зерттеуінде жатыр.
Ә.Қоңыратбаев негізінен ауыз әдебиетін зерттеуші ретінде танылып,кандидаттық(“Қазақтың лиро-эпосы”,1945),докторлық(“Көне түркі поэзиясы және қазақ фольклоры,1971)диссертацияларын фольклортану ғылымынан қорғаған.Ол қазақ фольклорынан орта мектепке арналған оқулық жазған,кейін 1991 жылы “Қазақ фольклорының тарихы”деген атпен жарыққа шығады.Бұл еңбек негізінен бүгінгі қазақ фольклортануында қолданылып жүрген жүйеге сай құрылған.Азын-аулақ өзгешеліктері де жоқ емес.Мысалы,біздің қазіргі қиял-ғажайып ертегілер деп жүргенімізді автор “мифтік ертегілер”дейді.Қазақ эпосына батырлық,лиро-эпостық жырлармен бірге тарихи жырларды да жатқызған.
Ары қарай қазақ эпосын тегі мен жанрына қарай он салаға бөлген:
1.Ертегілік эпос(“Ертөстік”, “Құламерген”)
2.Түрік қағанаты дәуірінде туған жылнамалық эпос(“Күлтегін”, “Орхон жазулары”)
3.Оғыз эпосы(“Оғызнама”, “Қорқыт ата кітабы”)
4.Тайпалық эпос(“Алпамыс”), “Қобыланды”)
5.Лиро-эпос(“Қозы-Көрпеш”, “Қыз Жібек)
6.Ноғайлы эпосы(“Орақ Мамай”)
7.Тарихи эпос(“Досан батыр”, “Бекет”)
8.Шығыс дастандары(“Рүстем дастаны”)
9.Авторлық эпос(“Еспембет”, “Өтеген батыр”)
10.Кеңес дәуіріндегі эпос(“Амангелді,Төлеген туралы жырлар)
«Қазақ совет әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші» (1950), «Қазақтың «Қозы Көрпеш» жыры туралы» (1959), «Жеті алып» (1959), «Сүр көжек» (1963), «Әдебиетті оқыту методикасы» (1966), «Эпос және оның айтушылары» (1975), «Шеберлік сырлары» (1979), «Қазақ эпосы және түркология» (1987), «Керуен» (1989), «Қазақ фольклорының тарихы» (1991), «Қазақ әдебиетінің тарихы» (1994), «Абайдың романтизмі» (1994) атты қазақ фольклоры мен көне түркі поэзиясы туралы монографиялық зерттеу еңбектері, қазақ әдебиетін оқыту мәселелеріне арналған бірқатар әдістемелік оқулықтары, «Қорқыт ата кітабы» (1986), «Тотынама» (1991) аударма кітаптары жарық көрді. 
Ә.Қоңыратбаев сюжетсіз өлеңдерге қатысты: «Елдің тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпы, түрлі наным-сенімдерге байланысты туған сюжетсіз ұсақ өлеңдерді тұрмыс-салт жырлары дейміз», — деп [3,б. 44] анықтама береді-де, содан кейін барып жырларды мазмұны мен тақырыбына қарай былайша бөліп қарастырады. Олар: 1) Бақташылық жырлары, яғни төрт түлік мал туралы жырлар; 2) Діни-әдет ғұрыптар тудырған жырлар (жарапазан, бәдік); 3) Үйлену жырлары (той бастар, жар-жар, сыңсу, жұбату, беташар); 4) Ұлыс жырлары, бөбек жырлары; 5) Жаназалау жырлары (естірту, қоштасу, жоқтау) т.б. Ә.Қоңыратбаевтың төрт түлік малға байланысты туған жырларды «бақташылық жырлары» деп бөлекше атағанын байқаймыз. Оны ғалым былайша түсіндіреді: «Бір кездері жабайы, аңдарды ұстап, үй түлігіне айналдырған шаруаларды халық төрт түлік малдың „пірі“ деп ұғынып, солар жайында түрліше, аңыздар тудырып отырған. Сол кезеңнен бастап бақташылық жырлары туса керек», — дейді-де, өз ойын: «бұрын жабайы, аңдарға сыйынған халық енді төрт түлік малды құт санап, олардың Шопан ата, Шекшек ата, Жылқышы ата, Ойсыл қара, Зеңгі баба деген иелеріне табынған», — деп жалғастырады. Демек, ғалым бұл атауды көшпелі мал шаруашылығымен, яғни мал бағумен айналысқан халқының тұрмысымен байланыстырады. Бәдік айтысы туралы Ә.Қоңыратбаев: «бәдік жырларында магия, тотемизм, мифологиялық сарындар бар. Оны дуализм дейді. Дуализмнің арғы тегі жақсылық пен жамандық тартысы түрінде келеді. Бәдікті бір ғана адам кеселі емес, мал емдеуге-де қолданған», — деп тұжырымдайды. Ә.Қоңыратбаев жарапазанды: «бір кезеңде діни әдет-ғұрыпқа байланысты айтылған өлеңдер», — деп атап, «жарапазан жырларынан ислам дініне байланысты әдет-ғұрып көбірек орын алған. Бақсылық сарынында «тәңірі» сөзі басым болса, жарапазанда «алла», «құдай», «пайғамбар» дейтін сөздер үстем, — дейді. Сондықтан жарапазанды діни әдет-ғұрыпқа байланысты туған жыр деп қабылдайды.
Осылайша Ә. Қоңыратбаев өз тұжырымын нақты мысалдармен дәлелдейді. Қорыта айтқанда, Ә.Қоңыратбаевтың тұрмыс-салт жырларына байланысты ғылыми тұжырымдары мен қазақ фольклористика ғылымының дамуына, зерттеуіне қосқан үлесі мол. Ә.Қоңыратбаев әрбір жырдың шығу тегіне, өзіндік ерекшеліктеріне жіті мән беріп қарап, толымды да тұшымды пікірлер айтты. Десек те, ғалым еңбектерінің зерттелмеген қырлары да жетерлік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет