Құрамы мен құрылысы 5 сынып. Қоршаған орта



Дата12.12.2022
өлшемі25,08 Kb.
#56629
түріСабақ
Байланысты:
Атмосфера 5 сынып


Атмосфера құрамы мен құрылысы 5 сынып. Қоршаған орта
Мақсаты:Білімділік: Атмосфера қабаты туралы оқушыларға түсінік бере отырып, оның жер қабықтары ішіндегі ерекшелігі туралы ұғым қалыптастыру. Атмосфера қабаттарының ерекшеліктерін, оның маңыздылығын айта отырып, оны зерттеу мәселелеріне тоқталу
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Атмосфераны зерттеу тәсілдерімен таныстыра отырып, оны қорғау мәселелерін қарастыру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру сәті: (сәлемдесу, сынып тазалығын және оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру.Назарларын сабаққа аудару)
Психологиялық тренинг
« Сенің ең жақсы жағың…» . Оқушылар қол ұстасып шеңбер жасап тұрады. / Бірінші оқушы екінші оқушыға « сенің ең жақсы жағың ақылдылығың» деген сияқты сөздер айтады.Ары қарай жалғастыра береді./
Сыныпты 2 топқа бөлу: батыс және шығыс жарты шарлар.
ІІ. Сұрақ-жауап
1 топ.

  1. Гидросфера дегеніміз не?

  2. Дүниежзілік мұхиттағы ең терең шұңғыма?

  3. Тұздылығы жоғары теңіз?

  4. Дүниежүзіндегі ең ұзын өзен?

  5. Дүниежүзілік мұхиттың беткі суының орташа температурасы?

2 топ.

  1. Дүниежүзінде неше мұхит бар, оларды атаңдар?

  2. Дүниежүзіндегі ең терең көл?

  3. Жер сілкіну нәтижесінде пайда болатын ірі толқындар?

  4. Дүниежүзілік мұхиттағы судың орташа тұздылығы?

  5. Қазақстандағы ең үлкен мұздық?

ІІІ. Қызығушылықты ояту
Жұмбақ жасыру арқылы бүгінгі тақырыпты анықтап аламыз.
Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің /Ауа/
Яғни, бүгін біздер жердің ауа қабығы атмосфераның құрамы мен құрлысымен танысамыз.
ІV. Мағынаны тану.
Жер шарын атмосфера деп аталатын ауа қабығы қоршап жатыр.Атмосфера(грекше атмос-бу, сфера-шар) – деген мағынаны білдіреді.Ол жердің ең сыртқы қабағы.Ауа дегеніміз – әр түрлі газдардың қосындысы.
Оқулықпен жұмыс.
Олардың ішінде негізгі орынды азот пен оттегі алады. Құрғақ ауа көлемінің 78℅-ын азот, 21℅-ын оттегі құрайды.Ауада азот көп болғанымен, тіршілік үшін ең маңыздысы – оттегі. Адам мен жануарлар оттегімен тыныстайды.Басқа газдардың ішіндегі ең маңыздысы – көмірқышқыл газ.
Атмосфералық ауаның құрамы, температурасы, тығыздығы және т.б. бір жерден екінші жерге бароғанеда және биіктік бойынша өзгереді. Атмосфераның жер бетіне таяу орналасқан ең төменгі қабаты – тропосфера (грекше тропос – бұрылыс, өзгеріс). Онда температура биіктік бойынша шамамен бірқалыпты төмендейді.
Оған себеп: атмосфераның бұл қабатындағы ауа оған түскен күн сәулелерінен тікелей жылынбайды, алдымен Жер беті жылынады да, жылу содан барып ауаға тарайды. Тропосфераның жоғарғы шегінде температура — 55°С-қа дейін төмендейді.
Тропосфераның үстінде стратосфера (грекше стратум – қабатталған) қабаты жатады. Оның төменгі бөлігінде біраз биіктікке дейін температура біршама тұрақты, ал жоғарға жағында айтарлықтай тез өседі. Температураның жоғарлауы осы қабатты шоғырланған озон газы қабатының күн сәулелерін сүзуіне байланысты.
Стратосферадағы ауа өте құрғақ болуымен ерекшеленеді. Атмосфераның бұл қабаты 50-55км биіктікке дейін барады.
кламаАтмосфераның үстіңгі бөлігінде ауаның температурасы алдымен 80-90км биіктікке дейін қайтадан төмендейді. Одан әрі температура тез көтеріліп, 1000°-2000°С-қа өседі.
Атмосфералық ауаның тіршілік үшін маңызы ерекше:
1. Фотосинтез үшін көміртегінің қос оксиді және тыныс алуы үшін оттегінің көзі.
2. Тірі организмдерді космостық сәулелерден қорғаушы.
3. Жерде жылуды сақтаушы және климатты реттеуші.
4. Зат алмасудың газ тәрізді өнімдерін қабылдайды, су буларын тасымалдайды, бұлт, жауын — шашын түзілетін және басқа да метеорологиялық процестердің жүретін орны;
5. Ұшатын организмдер үшін тіршілік ортасы және топырақ құнарлылығына әсер етуші ретінде қолданылады.
Шығармашылық жұмыс.
«Егер мен табиғатты қорғау министірі болсам…» тақырыбында эссе жазу.
VІ. Сабақты қорытындылау.
Бүгінгі сабақта атмосфераның құрылысы және құрылымы бойынша көп мағлұмат алдық.
VIІ. Үйге тапсырма беру: §24. Атмосфера құрамы және құрылысы.
VIIІ. Оқушыларды бағалау. Бағалау парағы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет