«Тіл татулықтың тірегі»



бет1/2
Дата02.02.2023
өлшемі23,23 Kb.
#64794
  1   2
Байланысты:
Тіл туралы іс-шара


«Тіл – татулықтың тірегі»
Мақсаты: Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу..
Безендірілуі: “Қазақ тілі – болашағым, ертеңім...” атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, гүл шоқтары қойылады, нақыл сөздер, шарлар, қазақ тілін зерттеуші ғалымдардың портреттері ілінеді. 
Сахнаға екі бастаушы шығып, М.Қанафияұлының “Жасай бер, ана тілім!” өлеңін оқиды.

1 - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар!
2 - жүргізуші: Армысыздар оқушылар!
Мұғалім:
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі сен қалдың!-

-Мен ауызбіршіліктен айнымайтын ақжүрек жұртымның қуатты ұлтқа, шуақты ұлысқа айналарына кәміл сенемін.


Ел тәуелсіздігі баянды болғай ! Мен білімді ұрпаққа сенемін. ХХI ғасыр заман талабына сай бейімделген жастарға сенемін!


Оқушылар тіл туралы жазылған қанатты сөздерді оқи отырып, бір-біріне сұрақтар қою арқылы пікір алысады.
 
1-бала: - Мен саған “осы тіл не үшін керек?” деген сұрақты қойғым келіп отыр.
2-бала: - Досым –ау, тіл бір-бірімізбен сөйлесу, түсінісу үшін қажет қой. Апай “Тіл – қарым-қатынас құралы” деп түсіндірді емес пе?
1-бала. - Жарайды, тіл – қарым-қатынас құралы-ақ болсын, онда адамдардың бәрі бір ғана тілде сөйлеп, түсінісе бермей ме? Ана тілі деп бөлгені несі?
3-бала: - Ой, айтқышбегім-ай. Кез келген адамның өз анасы болатыны сияқты дүние жүзіндегі халықтардың да өз анасы, өз тілі, өз Отаны бар емес пе?
4-бала: - Балалар, ана тілі дегеніміз – ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой. Ал ана деген – бәрінен қастерлі, аяулы да асыл жан.
5-бала: - Мен сендерге Әли Әпекұлы деген ақынның ана тілі туралы мына өлеңін оқып берейін:
Ана тілім – бала шағым өркенім,
Ана тілім – болашағым, ертеңім,
Ана тілім – сайын далам, жер, көгім,
Ана тілім – арман, ойым, өрнегім.
Ана тілді білмесем,
Шат-шадыман күлмес ем,
Жер бетінде сайраңдап,
Қазақ болып жүрмес ем.

6-бала: - Керемет екен. Ал Әбділда Тәжібаев атамыздың мына өлеңі естеріңде ме?


Туған тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы
Өссе тілім – мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім – мен де бірге өшемін.

7-бала: - Ақын апаларымыз да тіл туралы тамаша өлеңдер шығарған.


Тұрсынхан Әбдірахманова деген әрі ғалым, әрі әнші, әрі ақын апамыз былай депті:
Ана тілім – бәрін сөйлер шежірем,
Тілсіз нені білдіре алам, не білем?!
Тілім барда ғана мынау ғаламның
Кілтін табар саналысы сезінем.
О, адамдар, қадіріне жетіңдер,
Ана тілің – анаң, сыйлап өтіңдер!
8-бала: - Дұрыс-ақ, бірақ кейде өзінің ана тілін сыйламайтын, білгісі келмейтіндер де кездесіп қалады. Олар туралы не айтар едіңдер?

9-бала: - Әрине, адамның бәрі бірдей емес, түсінігі төмен, білімі таяз кейбір мәңгүрт жандар болатыны рас, ондайлар жайлы қырғыз ақыны Сарноғаев былай деген:


Ана тілін білмеген –
Ақылы жоқ желік бас.
Ана тілін сүймеген –
Халқын сүйіп жарытпас.

10-бала: - Ал халқымыздың кемеңгер жазушысы Ғ.Мүсірепов атамыз:


«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Ана тілін өгей ұлдар ғана менсінбейді» деген, сондықтан өз тілімізге, өз ұлтымызға өгей болмайық, достар!

11-бала: - Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы, ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл ғой.


Бәрі: ХОРМЕН Ана тілін қастерлеп, құрметтейік!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет