Рецензиясы 1 Зерттеу тақырыбының өзектілігі, оның жалпы ғылыми және жалпы мемлекеттік бағдарламалармен байланысы



бет1/3
Дата14.06.2023
өлшемі54,5 Kb.
#101243
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3

7М01301 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған магистрант Гүлнұр Ерболатқызы Кәукенованың «Сынып жетекшісінің қызметі бағытында жоғары сынып оқушыларында адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу» тақырыбындағы магистрлік диссертацияға ресми оппоненттің


РЕЦЕНЗИЯСЫ


1 Зерттеу тақырыбының өзектілігі, оның жалпы ғылыми және жалпы мемлекеттік бағдарламалармен байланысы (тәжірибе мен ғылым және техника дамуының қажеттілігі)
Адам болмысының табиғатына үңілу, оның рухани дүниесі мен жан әлеміндегі сырын ашу, қоғамдық қарым-қатынастарды зерделеу білім берудің басты қағидасы саналады. Сондықтан да қазіргі мектептің құрылымы мен білім беру мазмұнында болып жатқан өзгерістер оқу-тәрбие үдерісін оқушылардың адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу талаптарын қояды.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі: жеке адамның рухани және күш қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой- өрісін байыту» - деп атап көрсетілген. Осы міндетке сәйкес оқушылардың құндылық, саяси, эстетикалық көзқарастарын дамытып, әлеуметтік нормалар мен жалпы адами мінез-құлықтарды игеруі мен өз позициясының иегері бола алатын тұлға қалыптастырудың бірден-бір жолы адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу жалпыадамзаттық мәдениет негізінде жолға қойылуына байланысты екенін тәжірибе дәлелдеп отыр.
ҚР гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында: «Білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылыққа құлшынысымен оқушыларды баурап кететін субъектісі ретінде көрінуімен белгіленеді» - делінген. Білімді меңгеруде оқушы субъект ретінде көрінуі қажет. Осыдан, мектеп үшін оқушыға қоғамда қалыптасқан рухани байлықтар мен мінез-құлық нормаларын белсенді түрде меңгерту және жетілдіру жолымен жас ұрпақты сол қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылысына сәйкес қоғамдық жүйесіне ендіру маңызды болмақ.
Оқытушысы тек жеке дара адам ғана емес, рухани дамыған, шығармашыл, мәдениетті, адамгершілік құндылығын түсінетін, ғылым мен техника жетістіктері игерген, адамгершілік құндылықтарды жоғар дәрежедегі тұлға болуы тиіс. Осы міндетті шешудің бірден бір жолы сынып жетекшісінің қызметі бағытында оқушыларында адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу мүмкіндіктерін пайдалану болып табылады.
Coнымeн, ғылыми зepттeyлep мeн пcиxoлoгиялық-пeдaгoгикaлық eңбeктepдi жәнe мекепте oқy-тәpбиe тәжipибeciн тaлдaп, iздecтipy зepттey мәceлeмiздiң көкeйкecтiлiгiн aйқындaп, диccepтaциялық жұмыcтың тaқыpыбын «Сынып жетекшісінің қызметі бағытында жоғары сынып оқушыларында адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу» атты дeп тaңдаған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет