Реферат №2 ӨСӨЖ "Фольклордың синкреттілік сипаты туралы ғылыми тұжырымдар мен зерттеулер"



Pdf көрінісі
Дата18.05.2023
өлшемі46,77 Kb.
#94619
түріРеферат
Байланысты:
Жұбановтану және филология мәселелері №2 ӨСӨЖ



Қ. Жұбанов атындағы университет
РЕФЕРАТ
№2 ӨСӨЖ
"Фольклордың синкреттілік сипаты туралы ғылыми тұжырымдар мен 
зерттеулер"
Қазақ фольклоры – әдебиеттің бастауы бола тұра, өзіндік қасиеттерге де бай. Фольклор – әрі танымдық, 
әрі эстетикалық қызмет атқарады. Фольклор тәрбиелік мақсатта да пайдаланылады. Сонымен бірге 
фольклордың утилитарлық (қолданбалы) функциясы да бар, яғни ол белгілі бір жағдайда тұрмыстық қажетті 
өтейді. Фольклор – көп заманның, бірнеше дәуірдің, әртүрлі қоғамның жемісі, сондықтан көпқатпарлы
көпсатылы және көпмағыналы, көпқырлы. Фольклор – адам тіршілігінің өн бойында қолданылып, әр 
саласында пайдаланылатын дүние. Фольклор – әрі әдебиет, әрі театр рөлін атқарды, оның шығарушылары 
әрі орындаушылары – жыршы мен ақындар, сондай-ақ тыңдаушылары мен көрермендері болды. «Жалпы 
халық мұрасын қазіргі мәдениетіміздің кәдесіне жаратуға болатын бізде бірнеше тәсіл мен бағыт бар» - деп, 
С.Қасқабасов ағамыз оларды саралап атап шықты. Олардың ең бастылары:
• 
Фольклор мен профессионалдық музыка. Бұл сала бойынша республикамызда біраз жұмыс істелгенін 
айту керек. Мәселен, халық әндерін өңдеу, солардың негізінде өзіндік музыкалық шығарма жазу, халық 
әндерін симфониялық музыкада пайдалану т.б.
• 
Фольклор және театр. Қазақстан театры өзінің алғашқы қадамын фольклордан бастағаны 
белгілі.Сондықтан бұл салада біздің жетістіктеріміз мол. Бірақ театрымыздың тарихына көз салсаң
фольклордан тек эпос жанрын ғана пайдаланыпты. Театр сахнасынан жас өспірімдер үшін қойылған ертегі – 
спектакльдерді көрмейміз, балет жағынан келсек, «Қалқаман – Мамыр» мен «Қамбар – Назымнан» басқа 
спектакль жоқ. Cатиралық пьесалар жазуға болады!
• 
Фольклор және кино. Шынын айту керек, осы уақытқа дейін біздің кино өнері халық мұрасын 
пайдалануға өте аз көңіл бөліп келеді. Мысал үшін, тіпті батырлық жырды былай қойғанда, «Ер Төстік» 
ертегісін алайықшы. Оны экранға түсіруге болмай ма?
• 
Фольклор және әдебиет. Халық поэзиясын, ертегілері мен жырларын әдеби түрде өңдеу, солар негізінде 
әдеби шығармалар жазу бізде кең қолданылады және көбісі балаларға арналады. 
Р.Бердібаевтың айтуында «схоластикалық көзқарас зардабы фольклортану пәнін де айналып өткен жоқ. 
Қайта ауыз әдебиеті де, оны тексеретін ғылым да көбірек қырсыққа ұшырады. Соның салдарынан 


 фольклортанудың міндеті, өзіндік орны мен мәні, ерекшелігі туралы ғылыми жұртшылық ұғымы тым 
бұлдыр болып келеді... Фольклор – ауыз әдебиеті әлі де меңгеріліп болмаған тұңғиық терең 
байлығымыз». Р.Бердібаевтың ой-пікірі келтірілген «Фольклортану пәніне мән берсек» мақаласында 
санамалап берілген бұрмалаушылықтарға тоқтала кетсек, 1. фольклортанудың құлашын жаздырмаған 
қырсықтың бірі – мәдени мұраны таптық көзқарас тұрғысынан қараушылық. 2....тағы бір тосқауыл – 
фольклортануды жалаң саясаттың қанжығасына байлап жіберушілік. Фольклор – ежелгі дүниетаным және 
көне мәдениет, әрі мұра. Ол – көп заманның, бірнеше дәуірдің, әртүрлі қоғамның жемісі, сондықтан 
көпқатпарлы, көпсатылы және көпмағыналы, көпқырлы. Ежелгі замандарда пайда болған ырымдар мен 
ғұрыптар, діни ұғымдар мен мифтер, – бір жағынан, фольклор, өйткені, олар сол тұстағы адамдардың ауызша 
шығарып айтқан әңгімелері және іс жүзінде атқарған ырым-кәделері. Бұл тұрғыдан қарағанда, олар – екінші 
жағынан, сол дәуір қоғамының мәдениеті болды, себебі сол замандағы адамдар атқарған ырым-кәделер мен 
айтылған әңгіме-мифтер сол қауым үшін мәдени рөл де атқарды. Үшінші жағынан, әртүрлі ырымдар, 
ғұрыптар, діни нанымдар мен мифтер алғашқы қауым адамының дүниені танып-білу процесінде 
қалыптасқан руханият еді. Олар, түптеп келгенде, сол бір көне дәуір адамдарының дүниетанымы еді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет