Алғашқы киношежіре 1925 жылы түсірілді. 1928 жылы РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі жанынан акционерлік "Востокфильм" кино қоғамы құрылды. 1929 жылы Алматыда оның өндірістік бөлімі ашылды да, ол Қазақстанның өмір-тұрмысы туралы "Соңғы хабар" атты киножурнал шығарып тұрды. Реж. В.А. Турин ел өміріндегі тарихи оқиғалардың біріне саналатын Түркістан - Сібір темір жолы магистраінің құрылысы жайлы "Түрксіб" атты деректі фильмін қойды. 1934 ж. Алматыда "Кеңестік Қазақстан" киножурналын үзбей шығарыл тұратын Респ. киношежіре студиясы құрылды. Осыдан кейін қазақ киносы жаңа өркендеу жолына түсті. "Ленфильм" студиясының ұжымы қазақтың алғашқы кино қайраткерлерінің қатысуымен "Амангелді (фильм)« көркем фильмін жасады. Қазақ көркем фильмдерінің тарихы осы туындыдан басталады.
2 және 3 кезеңдері
2. IІ-ші Дүниежүзілік соғыс жылдарында «Мосфильм" мен «Ленфильм" киностудияларының бөлімшелері Алматыға көшірілді. Бұл студиялар Алматыда өзара бірлесіп, ЦОКС (Біріккен орталық киностудия) деген атпен өзінің қызметін бастадыҚазақ киностудиясы алғашқы ұйымдасқан кезінен бастап 100-ден астам көркем фильм және 500-дей деректі фильм шығарды
3. (1946-1960)
-дүниежүзілік соғысынан кейінгі жылдарда халық батырлығы туралы, заманауи тақырыпқа арналған картиналар шықты
1980 жылдары республиканың деректі киносына И.Вовнянко, С.Әзімов, О.Рымжанов, В.Рерих, С.Махмұтов, В.Тюлькин, т.б. қосылды. "Құмшағыл оқиғасы" (1987), "Аралды жоқтау" (1988), "Жоқтау. Өлі теңіз шежіресі" (1989 - 1990), "Полигон" (1990) фильмдері арқылы экранға қоршаған ортаның шынайы әлеуметтік қарама-қайшылықтары шығарылды. Кеңестік қоғамдағы демократиялық жаңартулар Қазақстанның көркем фильмдерінің эстетикасына да әсерін тигізіп, қазақ "жаңа толқын" өкілдерінің шығуына жол ашты.
Төртінші кезең (1961-1990 жылдары)
Бесінші кезең (1980-1990 жылдары)
Қазақ киносы қазірдің өзінде жақсы дамып, көптеген жақсы комедиялар мен драмалар шығып жатыр, соңғы жылдары өте жақсы «Томирис» фильмі шықты, қазақ кино мәдениетінің дамығаны көрініп тұр.