«Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ Жаратылыстану ғылымдары факультеті «Жалпы биология және геномика» кафедрасы
Реферат «Гемопоэз. Эмбрионалды және постэмбрионалды»
Орындаған: Аманчаева Меруерт
1-курс студенті БГ- 11
Астана
МАЗМҰНЫ
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1.Гемопоэз
2.2.Эмбриондық кезеңдегі қанның жасалуы
2.3. Ересек организмдегі қанның түзілуі
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер
1.Кіріспе Қан (гр. haemo; лат. sanguis — қан) — ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан ағзаның инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді.
Қан — ересек адам ағзасында шамамен бес литр қан болады. Қан — ағзадағы дәнекер ұлпасының бір түрі. Оның негізгі бөлігі жасуша аралық сұйық зат — плазмадан құралады. Плазмадан қан жасушалары — эритроциттер мен лейкоциттер және қан пластинкалары — тромбоциттер болады. Тромбоциттер сүйектің кемік майындағы жасушалардан түзіледі. Олардың жетілуі, қорға жиналып, бұзылуы басқа мүшелерде өтеді. Эритроциттер тасымалдау, лейкоцит фагацитоздау жəне тромбоцит қан ұшуға қатысады.Плазма негізінде еріген органикалық және бейорганикалық заттары бар судан тұрады. Плазма құрамының өзгеруі ағза үшін өте қауіпті. Қанға үздіксіз көптеген заттардың қосылуына қарамастан, плазманың құрамы өзгермейді. Плазмадаға артық заттар зәр шығару мүшелері арқылы шығарылады: қан өкпеде көмір қышқыл газынан, ал бүйректе — судың артық мөлшері мен онда еріген минералды тұздардан арылады.
2.1. Гемопоэз Қанның дамуын гемопоэз (haima – қан, poesis – жасалу) дейді. Гемопоэздің екі түрін ажыратады эмбриондық және постэмбриондық.
Эмбриондық гемопоэз қан мен ұлпаның эмбриондық кезеңіндегі түзілуі, ал постэмбриондық гемопоэз қанның физиологиялық регенерациясы. Эритроциттердің түзілуін эритропоэз, гранулоциттердің жетілуін гранулопоэз, тромбоциттердің дамуын тромбоцитозпоэз, моноциттердің түзілуін моноцитозпоэз, лимфоциттердің жасалуын лимфоцитопоэз деп атайды.