Дифференцировалдық сынақ тапсырмасы
Лекцияда өткен тақырыптардың біреуіне реферат жасалынады. Реферат келесі бөліктердең құралуы тиіс:
- реферат мазмұны;
- кіріспе;
- кем дегенде 3 негіщгі бөлім;
- қорытынды;
-әдебиеттер тізімі.
Реферат антиплагиат.ру сайтынан өткізілуі тиіс. Кейін реферат соңына антиплагиат нәтижесін скрин жасап қоямыз. Мысалы:
Реферат жұмысын безендіруге (оформление) мысал төменде келтірілген:
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті
Сәулет, құрылыс және дизайн мектебі
«Геодезия, жерге орналастыру және кадастр» кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: “Топографиялық-геодезиялық жұмыстарды автоматтандыру кезінде қолданылатын бағдарлама”
Орындаған:Тлеубекова А.Д.
17-ГТк-1
Қабылдаған: Бекишев Е.Т.
Өскемен қаласы
2020 жыл
Мазмұны:
|
Кіріспе
|
3
|
1
|
Қолданбалы бағдарламалар
|
5
|
1.1
|
Жалпы мәлімет
|
5
|
1.2
|
Жалпы қолданбалы бағдарламалар
|
5
|
1.3
|
Арнайы бағдарламалар
|
5
|
2
|
«MapInfo» бағдарламалық кешені
|
8
|
2.1
|
«MapInfo» бағдарламасы туралы түсінік
|
8
|
2.2
|
«MapInfo» бағдарламасының қолдану аясы
|
9
|
3
|
«MapInfo»бағдарламасында өңдеу жұмыстары
|
11
|
3.1
|
Тахеометриялық түсірістерді «MapInfo»бағдарламасында өңдеу
|
11
|
3.2
|
Ақпаратты іздеу және сұраныстар жасау
|
14
|
4
|
«MapInfo Professional» бағдарламасының мүмкіндіктері
|
16
|
4.1
|
«MapInfo Professional» бағдарламасымен жұмыс
|
16
|
|
Қорытынды
|
18
|
|
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
|
19
|
Кіріспе
Геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) және технологиялар бүгінгі күні ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік-экономикалық, саяси және экологиялық дамуда, өндірістік және еңбек әлеуеті салаларында ерекше орынға ие. Олар көптеген дамыған шетел мемлекеттерінде кеңістіктік (географиялық) мәліметтерді жинау, сақтау, талдау және графикалық бейнелеу үшін қолданылады.
Геоақпараттық жобаларды (GIS project) іске асыру бірнеше кезеңдерден құрылады. Топографиялық-геодезиялық жұмыстарда ГАЖ жердің бедері туралы нақты және сенімді мәліметтер алу үшін.
Сонымен қатар келесі нақты нысандарды сипаттау үшін:
жолдар;
су қоймалары;
орман алабтары;
ғимараттар мен құрылыстар.
Құрылыс аумағында бедер күйінің өзгеруін белгілеп қою үшін қолданылады.
ГАЖ ұғымы мәліметтер қорларын басқару жүйелерінің (МҚБЖ), растрлік және векторлық графиктер редакторларының және сараптамалық құралдар мүмкіндіктерін қамтиды. Картографияда, геологияда, метеорологияда, жерге орналастыру саласында, экологияда, жергілікті басқаруда, көлік саласында, экономикада, қорғаныста және т.б. салаларда ГАЖ қолданылады.
ГАЖ-дың топографиялық-геодезиялық қамтамасыз ету модулі бар, ол түрлі мекемелердің топографиялық-геодезиялық қызметтерінің жұмыстарын автоматтандыру үшін қолданылады. Олар:
Тірек негіздемесінің қалыптасуы, оның ұлғаюы мен теңесуі;
Топографиялық мәліметтерді өңдеуі;
Өлшемдерді автоматтандыру (бұрыштық және сызықтық), аудан мен көлемнің есептелуі;
Геометриялық есептердің позитивті шешілуі;
Карталар мен жобаларда ақпараттың толықтырылуы;
Арнайы регламенттік және қосымша есептік құжаттаманың қалаптасуы мен жүргізілуі.
Геодезиялық ақпараттарды бағдарламалық қамтамасыз ету - өлшеу жұмыстарындағы қазіргі заманғы технологияларының ең маңызды бөлігі болып табылады.
Бірнеше жыл бұрын геодезиялық зерттеулер әдеттегі үйренген қарапайым әдістермен жүргізілді, ал қазіргі таңда арнайы геодезиялық бағдарламаларсыз жүргізілетін геодезиялық жұмыстарды елестету қиын. Бүгінде геодезиялық зерттеулерді жүргізуді жеңілденіп қана қоймай, олардың сапасын және дәлдігін біршама арттыруға мүмкіндік беретін бағдарламалардың көптеген пакеттері әзірленді. Өлшенген деректер бағдарламаларға оңай импортталалады. Алынған өлшеудің нәтижелері талдау, өңдеу және әрбір өлшеу бойынша да, кешенде де жеке жүргізу үшін мүмкіндіктер пайда болған.
Геодезиялық бағдарламалар жүргізілген зерттеулер мен өлшеу барысында алынған нәтижелерді өңдеу дәлдігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, геодезиялық бағдарламалар деректерді өңдеу уақытын айтарлықтай қысқартады.
Мұндай бағдарламаларды пайдалану геодезиялық жұмыстарды жүргізу кезінде оңтайлы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Әр түрлі бағдарламалар диапазоны әрбір жұмыс түрі үшін пайдаланылатын бағдарламалық жасақтаманың оңтайлы нұсқасын таңдауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |