Реферат
Орындаған: Оғланбаева Эльвира
Пән: Сакральды Маңғыстау
Тақырыбы: Маңғыстаудың киелі жерлері.
2022 жыл
Маңғыстау Қазақстанның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Өлкемізге Маңғышылақ жарты аралы және Үстіріт жазығының оңтүстік батыс бөлігі кіреді. Маңғыстау облысының жер бедері сан алуан. Оған жазық жерлер Үстіріт жазығы, Бозашы түбегі, таулы жерлерден құралады. Сонымен қатар Маңғыстауда көптеген тарихи жерлер өте көп. Сол жерлердің бірі Шерқала, Отпан тау-Адай ата кесенесі, Шақпақ ата жер асты-мешіті, Бекет ата мешіті, Қарақия ойпаты.
Шерқала
Ақтау қаласынан 150 шақырым қашықтықта, Қаратау тізбегінің батыс бөктерінде Самал шатқалы бар. Оған жақын жерде Шерқала тауы орналасқан. Маңғыстаудағы көптеген шатқалдардың бұлақтары суға толып, кейде сарқырамаға айналады. Жазда олардың дені құрғап қалады, алайда Самал шатқалындағы бұлақтар жыл он екі ай бойы тоқтаған емес. Шатқалда долана, тікенді бұта, қамыс, көптеген дәрілік өсімдіктер өседі. Сырттай қарған адам оны әр нәрсеге ұқсатып жүр. Кейбіреулері төңкерулі кесеге ұқсатса, енді біреулер таудан кәдімгі киіз үйдің бейнесін көреді. Шерқала жайындағы аңыздардың бірінде, ертеректе қаптаған жаулардан бір топ айбынды жауынгерлер қорған еткен деген делінеді. Тауды қорғаушылардың қалғаны тау ішіндегі жерасты жолдарына тығылып, сол жерде мәңгі қалып қойыпты. Осындай батырлық пен тәуелсіздіктің тірегі-Жолбарыс қала немесе Шерқала деген атаумен осылай пайда болған. Екінші бір аңыздарда, түрікмендер мен ноғайлылар арасында үлкен соғыс болған екен. Жаудан жеңіліп, шегінуге таяған мәжбүр болған түрікмендер Шерқаланың басын паналаған. Жаулар не азығы жоқ, не суы жоқ, бәрібір төмен түседі деген оймен тау етегін торуылдап жата беріпті. Қанша уақыт өтседе түрікмендер төмен түспепті. Оған таңданған ноғайлылар тау басына тыңшы жіберепті, мәселені анықтаса, түрікмендер сонау төбеден құдық қазып, қауға салып, су ішіп күнелтіп отырған көрінеді. Мән жайды білген соң ноғайлылар тау түбінен терең үңгір қазып, құдықты тауып, оған түскен қауғаның жібін кесіп тастай берген. Ақыры сусыз қаталаған түрікмендер ақыры азаптан қырылыпты. Содан бері бұл тау шерлі қала немесе Шерқала атанған екен.
Достарыңызбен бөлісу: |