Бекет Ата жер асты-мешіті. Бекет ата жер асты мешіті - Оңтүстік үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген тұмсығының үзіліп қалған Оғыланды шоқысына қашалған тарихи-сәулет ескерткіші. Үш-төрт қанат киіз үйдің көлеміндей үш бөлме. Дерекке сүйенсек, Бекет ата 1750 жылы туылып, емші, көріпкел ғана емес, физика, математика, астрономия заңдылықтарын жақсы білген ғұлама ретінде аты танылған. Бұхарада оқып, ілім жзинаған соғ, өз өңіріне қайта келіп, бес мешіт салдырады. Пайғамбар жасында дүние салады. Бекет атаның мүрдесі осы жер асты мешітіндегі бөлмелердің біріне қашап орналыстырылған. Маңғыстау обылысындағы Үстіртте орналасқан Бекет Ата жер асты мешітіне арнайы зиярат етушілер көп. Кей аңыздарға қарағанда қорым, Қожа Ахмет Яссауидің шәкірті Шопан Ата салдырған жер асты мешітінің төңірегіне салынған. Маңғыстау жер асты мешіті сияқты мешіттер өте аз, осы мешіт өзінің түрімен басқа мешіттерге қарағанда ерекшеленеді.
Қарақия ойпаты. Қарақия ойпатының тереңдігі 132 метрді құрайды. Ал ұзындығы болса 50 шақырымға жетеді. Қарақия ойпаты, ол теңіз деңгейінен 132 метр төменде жатыр. Бұл ойпат тереңдігі жөнінен дүние жүзінде 3 ші орынды алады. Бұл ойпат Үстірт шоқысының бір бөлігі, ал сілемелері неоген шөгінділерінен тұрады. Қарақия төбесінен айналаны тамашалауға зор мүмкіндік бар. «Қарақия» сөзі «қараңның араны» деген мағынаны береді екен. Ойпат бұрынғы жылдары Каспий теңізінің бір бөлігі болғандықтан, теңіз толқындары Қарақия шығанағына шығыпты. Сондай ақ ойпаттың солтүстік шығысында тарихи ескерткіштер, ежелгі адамдардың қоныстанған мекені болған екен.