Реферат пәні: Бастауыш мектеп дидактикасы



Дата26.10.2022
өлшемі18,52 Kb.
#45562
түріРеферат

РЕФЕРАТ

Пәні: Бастауыш мектеп дидактикасы


Тақырыбы: Бастауыш мектепте оқыту принциптеріне қойылатын дидактикалық талаптарды жетілдіру

Орындаған:Жеңіснұр Назира
Тексерген: Кожамкулова Назгуль Сейфулинкызы

Оқыту процесінің қозғаушы күштері. Оқыту процесінде кездесетін қарама-қайшылықтарды шешу — оқыту процесінің қозғаушы күші болып табылады. Оқу процесінің негізгі қозғаушы күші оқушылардың алдына қойып отыратын мұғалімнің міндеттері мен оларды орындауға қажетті оқушылардың білімдері, іскерлігі және ақыл-ойлары арасындағы қарама-қайшылық. Басқа қарама-қайшылықтар, оқу материалын баяндау жүйесі мен оқушылардың меңгеруі арасында, мұғалімнің түсінігі мен оқушы түсінігі, теориялық білімдер және оларды тәжірибеде қолдану, оқу процесіндегі қиындықтың деңгейлері, сипатын дұрыс анықтау және оларды оқушылардың түсінуі, мұғалімнің материалды жатық баяндауы және әрбір оқушының оны түсінуі араларында болады.
Мысалы, ынтымақтастың педагогикасы дәстүрлі педагогиканың кемшіліктерімен күресіп, ондағы көптеген қарама-қайшылықтарды шешуге ат салысты. Олар:
• оқушылардын, қызығушылығы және сабақ тақырыбы арасындағы қайшылық;
Оқушылардың пікірінше мұғалімдерімен жанжалдасуының себептері:
1. Мұғалімнің оқушының намысына тиіп, дөрекілік, ұстамсыздық көрсетуі.
2. Бағаны дұрыс қоймау.
3. Мұғалімнің сабақты қызықсыз өткізуі.
4. Үй тапсырмасын орындамау.
5. Сабаққа қатыспау.
4. Білім, іскерлік, дағды. Білім - адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналыру үшін оны ойлау операциясы, талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу және жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Оқушы ойлау операциясына сүйеніп өз білімін шындыққа айналдырады. Бұл дамытып оқытудың негізгі ережесі, яғни оқушылардың таным іс-әрекетін дамыту, оларды өз бетімен ізденуге, зерттей білуге және жаңа білімді еркін игеруге үйрету.
Оқушылардың білімі - оқыту процесінің, ең бірінші кезекте оқу материалдарын меңгерудің нәтижесі. Сондықтан оқушылардың білімді меңгерген, меңгермегенін оқыту жобаларымен-бағдарлама, оқулықтарымен салыстырып анықтайды.
Білім - қандай да бір іс-әрекетті жасау негізі. Іс-әрекет жеке тұлғаны калыптастырады.
Білім - қоғамдық-өндірістік тәжірибеде қолданылады, меңгерілген білім көмегімен адам жаңа білімдер жасауға қатысады, еңбекке дағдыланады, қоғамдық-материалдық байлықтың артуына, рухани мәдениеттің дамуына өз үлесін қосады. Осылайша жеке тұлға сапалы білім керектігін, оның пайдасын көреді. Білім жеке тұлғалық бөлікке енеді. Бұл жағдайда оқыту балаға тек білім беретін процесс емес, ол баланын, жеке тұлғалық бағыттарын, жақсы мен жаманға көзқарастарын қалыптастырады.
Әл Фараби "Бақытты болу, кәмелетке келу, қоғамдық тіршілікті жақсарту - барлығы да білімділікке байланысты. Білім мен өнерді меңгергеннен кейін адамда іскерлік пен өз бетінше әрекеттену, одан соң парасаттылық пайда болады"- деген.
Білім толық, жинақы, жүйелі, берік, пәрменді болу керек.
Аталған белгілер ақыл-ой сапаларын қалыптастырады. Олар: белсенділік, өздік, өнімділік, сыншылдық, ұғымталдық, тұрақтылық, тереңдік.
Білім өздік жұмыс және сабақтан тыс шығармашылық іс-әрекетте қолданылады, сөйтіп, ой жұмысы тұрақты, терең жүреді.
Ой тұрақтылығы дегеніміз - ойдық маңызды, оқу материалдарына тоқталуы, оларды ойда сақтау керек жерде қолдана білу.
Ойдың тұрақтылығы ақыл-ой жұмысының жоғары деңгейіне, ұзақ уақыт ақыл-ой жұмысымен айналысуға байланысты.
Ойдық терендігі оқылған объектіні терең білуден, оны өз бетімен зерттеп, ішкі байланыстарын, басқа объектілермен байланыстарын аша білуден көрінеді. Материалға шығармашылық тұрғыдан қарау, алынған білімдерді теориялық және тәжірибелік жұмыста қолдану, білімнің ішкі мотивтерге және сенімге айнауы ойдық тереңдігін көрсетеді.
Сонымен біз білімнің аса маңызды қасиеттеріне тоқталдық.
Ол қасиеттер білімді меңгеру процесі арқылы пайда болады. Меңгеру - аниқатты білу арқылы болмысты тану процесі.
Меңгеру нәтижесінің сапасы оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларын бағалау арқылы анықталады. Білім сапасы- білімді меңгеру нәтижесі.
Іскерлік — бұл кез келген іс-әрекет емес, ол табысты, тиімді орындалатын іс-әрекет. Іскерлік дегеніміз - іс әрекетті жақсы істеуге керекті жұмыс тәсілдерін белгілі бір жағдайларға байланысты таңдау және қолдану, адамның жұмысты жаңа жағдай-дп оиімді, сапалы, уақытында істей білу қабілеті.
Іс-әрекет іскерлікке айналу үшін педагогикалық жағдайлар жасалады.
Іскерліктің құрамы күрделі. Оған "елес, ұғым, білім, дағды, зейінді шоғырландыру, бөлу, ауыстыру, қабылдасау, ойлау, іс-әркет процесін реттеу және өзін-өзі бақылау дағдылары" енеді. Осы бөліктердің бірлігі арқылы оқушы өз жұмысының нәтижесін түсініп, оған жету үшін іс-әрекеттің тиімді тәсілдері арқылы жұмыс істеп жақсы нәтиже алады. Дидактиктер іс-әрекетке байланысты теориялық және практикалық (өлшеу, есептеу, энергия көздерін, реактивтерді қолдану, т.б.) іскерліктерді бөледі. Ал психологтар психикалық процеске керек ес, қабылдау, ойлау іскерліктерін атайды.
Танымдық іскерлік (бақылау жүргізе білу, тәжірибе жасау, әдебиетпен жұмыс және басқалары оқу еңбегінің жалпы іскерліктері оқушының өз жұмысын жоспарлауынан, оны тиімді ұйымдастырудан, бақылаудан көрінеді.
Психология және дидактика тәжірибесі оқу бағдарламаларына өте маңызды оқу іс-әрекеттерін енгізуді талап етті. Олар:
• арнайы іскерлік;
• оқу жұмысын тиімді ұйымдастыру іскерлігі;
• ақыл-ой іскерлігі.
Білім мазмұнын жетілдіру әр түрлі білімді қолдануға керекті іскерліктерді жинақтауды, бағдарламаға енгізуді талап етті. Осыған байланысты "Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламаларына (І-ІУсыныптар)" (Алматы,1997), "білім, білік, дағдыларды күнделікті бақылап бағалауға қойылатын негізгі талаптар" деген бөлім енгізілді.
Бірінші топ — арнайы (немесе жеке) іскерліктер оқушылардың бойында нақты оқу пәндерін оқу процесінде қалыптасады. Олар оқу материалымен, жұмыс істеуге керекті және оны түсінуге елеулі ықпал етеді.
Екінші топ - оқушының оқу жұмысын тиімді ұйымдастыру іскерліктері: оқу материалдарын меңгеру, талдау, оларды түрлі танымдық міндеттерді шешуге қолдану, жұмысты безендіру, Өз жұмысын бақылау, оның нәтижелерін түзету, өзінің іс-әрекетін басқару.
Үшінші топқа интеллектуалдық іскерліктер енеді. Олар: талдау және жинақтау, қорытындылау және саралау, абстракция және нақтылау, салыстыру және ұқсату, себеп-салдарлық байланыстарды табу.
Әрбір топтағы іскерліктер оқушының теориялық, ішкі және сыртқы, репродуктивтік және өнімді іс-әрекетінде көрінеді.
Қ. Жарықбаевтың анықтамасы бойынша "дағды- алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматтандырылуы". Дағды — іс-әрекеттің автоматтандырылған бөлігі, ол іс-әрекетті жақсы, көп күш жұмсамай, жасауға мүмкіндік береді.
Іс-әрекетке дағдыланған адам, іс-әрекетке керекті қимыл-қозғалыстарды, жаттығуларды шапшаң жасайды.
Дағдылар ақыл-ой, тілдік, сенсорлық, ерік-жігер, мәдени, гигиеналық болып бөлінеді. Ақыл-ой дағдылары: әдебиеттерді, сызбаларды оқу, есте сақтау, өткенді тұрақты түрде қайталау. Тілдік дағдылар: сөйлемдерді дұрыс құру, дәйекті дәлелдерге сүйеніп сөйлеу және жазу, таза сөйлеу, қыстырма сөздерді қолданбау. Қозғалыс дағдылары: киіну, өзіне-өзі қызмет ету, жүріс. Еңбек дағдылары: түрлі еңбек құралдарымен, станоктармен, машиналармен жұмыс істеу. Сенсорлық дағдылар: ана тілін, кеңістік және уақытты қабылдау.
Ерік-жігер дағдылары: іс-әрекеттегі белсенділік, тәртіптілік, талап қоя білу. Мәдени дағдылар: ұжымды, басқа адамдарды құрметтеу, өзін-өзі тәрбиелеу.
Гигиеналық дағдылар: денені таза ұстау.

Оқыту процесінің негізгі құрамдық бөліктері. Дидактика тарихында оқыту мақсаты туралы екі көзқарас болды. Біріншісі: мақсат - жеке тұлғаның ақыл-ойын, есін және басқа қабілеттерін дамыту деген тұжырым. Екіншісі: мақсат - ғылым негіздерін меңгерту, өмірге қажет нақты білімдер беру.
Қазіргі оқыту мақсаты білім туралы мемлекеттік құжаттарда белгіленген. Ол мұғалімнің сабақ жоспарларында нақтыланады.
Оқу материалын меңгертудің әрбір кезеңінде мұғалім өзінің алдына 4 түрлі дидактикалық мақсат қояды. Олар:
• оқушыны оқу материалымен таныстыру және оны бірінші рет бекіту;
• оқығанды еске түсірту, іс жүзінде репродуктивтік және продуктивтік деңгейде қолдандыру;
• білім және іскерлікті қолдану арқылы жүйелеу;
• білім, іскерлікті бақылау және есепке алу.
Оқыту мазмұны - оқыту процесінде оқушы меңгеретін ғылыми білімдер, тәжірибелік іскерлік, дағды, іс-әрекет және ойлау тәсілдері, оқыту мазмұны пән бойынша жасалған мемлекеттік оқу жоспарында, мемлекеттік оқу бағдарламаларында, оқулықтарда жазылған.
Оқыту процесінің бастапқы кезеңінде мұғалім оқушыларды оқу материалдарымен және оны қолдану әдістерімен таныстырды. Оқу материалының жаңа бөлігін меңгеру және бекіту қатар жүреді. Оқытудың мақсаты - оқу материалының негізгі ойын және тәжірибелік маңызын оқушыға меңгерту.
Бкінші кезенде оқу материалы қайталанады және оқушылар маған білімдерін қолданады. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты -алған білімді нақтылау, кеңейту, кең түрде жаңғырту, тәжірибелік қолдану.
Үшінші кезеиде мұғалім оқушылардың тәжірибелік жұмыстарын ұйымдастырады, сол арқылы ұғымдарын жүйеге келтіреді. Оқушы алған білімін мұғалімнің көмегімен де және өз бетімен де қолданады, меңгерген білімдерін бір-бірімен салыстырады. Бұл кезеңдегі оқыту нәтижесінің көрсеткіші:
• оқушылардың мәселелерді өз бетімен шешуі;
• білімді түрлі жағдайларда қолдана білуі.
Оқыту процесін кезеңдерге бөлу, талдау оның ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Бірінші ерекшелік. Оқыту мен оқудық бірлігі. Олардың біреуін өзгерту, екіншісінің өзгеруіне де ықпал етеді. Оқыту барысында осы бөліктер арасында үйлесімді дидактикалық өзара әрекет болу керек.
Іс-әрекет субъектілерінің жақсы қарым-қатынасы оқытудық нәтижелерін көтерудің негізгі жолдарының бірі.
Оқыту процесінің екінші ерекшілігі: оқыту және оқудық өзара байланысы аркылы білім мазмұны оқушының іс-әрекетіне негіз болады.
Бір циклден екіншісіне жоспарлы түрде өту - оқытуды басқаруға қойылатын келесі талаптардың бірі.
Үшінші ерекшелік оқу ақпараттарын оқушылардың қалай қабылдасағанын, оны меңгеру нәтижесінде қандай ішкі процестер өтетінін, қандай жағдайлардың оқытуға ықпал ететінін бірден бағалауға болмайтындығында. Оқу процесінде жоспардан ауытқулар болуы мүмкін, оның алдын алу үшін мұғалім ең басты ұғымдарға назар аударады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет