«Ақыл кітабы» – Қожа Ахмет Йасауидің сопылық идеясын жыр еткен
Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қожа Ахмет Ясауи түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын, пәлсапашы. Түркістандық ғұлама, Йассауидың арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша. Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы — «Диуани Хикмет». Ақын өз кітабын қыпшақ даласы мен Орталық Азия түркілеріне кезінде түсінікті болған шағатай тілінде жазған. Мұның өзі араб тілінде жазылған Құран Кәрім мен түрлі хадис, тәфсирлердің күрделі қағидаларын жергілікті түркі халықтарының түсініп оқуына мүмкіндік берді. «Диуани хикмет» – көшпелі елдің ауыз әдебиеті үлгілеріне негізделіп, түркі халықтары фольклорының тілдік- тәсілдерін зор шеберлікпен пайдалана отырып жазылған көркем туынды. «Диуани хикметтің» түпнұсқасы сақталмаған. Ең ескі нұсқасы XV ғ-дың орта кезінде араб әрпімен көшірілген. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді. Йассауи хикметтерінің мәні – адам. Адам “кемелдікке” жетуі үшін қажетті білімді игеруі керек. Бұл білімнің қайнары – хикмет. Хикметтерде адам жаратылысы – Жаратқан иенің ұлылығын көрсететін, көркемдігі жағынан ең жоғарғы кейіпте жаратылған болмыс екендігі айқын көрсетілген. Қожа Ахмет Йассауи хикметтерінде адамның табиғаты Құранда айтылғандай – су мен топыраққа телінеді. “Асылың білсең су уа кил (топырақ) және килге (топыраққа) кетер йа” – дейді ол. Сопылық мағынада “топырақ” – адамның жаратылыс табиғаты, парасаттылық пен қарапайымдылық. Ал, нәпсіқұмарлық, менмендік, өркөкіректік – адамды адамшылықтан кетіретін қасиеттер. Жинақта бүкіл адамзатты толғандырған "Тіршілікті жаратушы кім?", "Өмір дегеніміз не?", "Адамның өмір сүрудегі мәні мен мұраты не?" – деген сұрақтарға Йасауи да жауап беруге тырысады. Йасауи хикметтері бойынша ғаламат ғарышты, шексіз өмірді, рух дүниесін жаратқан – құдірет пен хақ тағала. Ал адамның өмірінің мәні мен мұраты Алланың аманат етіп тапсырған рухани жанын дүние күнәсінен таза түрінде алланың өзіне о дүниеде қайтарып беру парызында деп түсіндіреді. Сөйтіп, адам Алланың тұтастығынан бөлініп жаралған тағдыр бола отырып, енді қайтадан сол тұтастыққа, Алламен рухани бірігуге дайын болуға тиіс деп табады. Хақ тағала сеніммен, рухани бірлікпен суарылған махаббаттың мазмұны жеке құлқынның ләззаты емес, қайта өзін-өзі дүние қызығынан шектеу дейді. Сондай махаббат қана нағыз пәк, берік болмақ деп, оның небір керемет поэтикалық бейнелерінің түркі халықтары ұғымындағы махаббат ғажайыптары суреті арқылы көркем үздік образдар жасайды. Ғылым мен ілімге (сопылыққа) тек махаббат жолымен ғана жетуге болатынын айтады: Махаббаттың дариясына шомылушы Ғылым, амал қыл, қалар көп үлгісі, – дейді. «Диуани хикмет» әрбір адамды имандылыққа, ізгілікке, жоғары адамгершілік қасиеттерге жетелейтін құдіретті күш, айқын бағдарлама деуге болады. Қожа Ахмет Йасауи әрбір адамның қадір-қасиетін, өмірде алатын орнын оның ішкі жан дүниесінің тазалығымен өлшейді. Адамның өз бойындағы ізгі адамгершілік қасиеттерді ұдайы жетілдіріп отыруы немесе бүкіл адамгершілік қасиетінен жұрдай болуы сол кісінің имандылығына байланысты деген түйін жасайды. Ал имандылық дегеніміздің өзі Алланың құлына ғана тән, адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, оны құдай жолына салып отыратын киелі күш деп түсіндіреді. Ақынның айтуы бойынша, имандылықтың ең басты көрінісі – мейірімді, кешірімді, өзгелерге жанашырлықпен қарау болып табылады. «Диуани хикметте» әрбір адамға қажетті қанағат-ынсап сезіміне ерекше мән беріліп, нәпсіні тыя білу мұсылмандықтың басты шарттарының бірі екенін ақын оқырманға қайта-қайта ескертіп отырады. «Ақыл кітабы» адамның ішкі жан-дүниесінің түрлі теріс ой-пиғылдардан, жаман ниеттерден таза болуын талдап, Алла алдында пәк, кіршіксіз болуға шақырады. Бүкіл әлемдегі түркі халқы «Диуани хикмет» арқылы исламның рухани әлемімен, сол дәуір үшін ілгерішіл саналған сопылық ағымның философиялық ой-пікірлерімен танысты. «Диуани хикметте» жырланған адамгершілік, имандылық, қанағат, кішіпейілділік, жомарттық жайындағы этикалық-дидактикалық тұжырымдар бертін келе, қазақ ақын-жыраулары поэзиясынан өзінің көркемдік жалғасын тапты.Қожа Ахмет Йассауи дүниетанымында әулие – даңғыл жол, өйткені ол – халқына жақсы мен жаманның, ақиқат пен жалғанның арасын айыруға жөн сілтейтін, Алла рахметінің қоғамдағы көрінісі болып табылатын дана тұлға.Ясауи былай дейді: "Кімде-кім құдайды есіне алса, ол онымен табысқанын көре алады". Сондықтан да Ясауи үшін құдайды тану өзін-өзі танумен бірдей. Ясауиден бұрын түркі нәсілдері Тәңірге табынатын болса, енді олар Аллаға сыйынатын болды. Ясауи сопылығы арқылы бүтін шығыс философиясымен, әлемдік діни философиямен хабардар боламыз. Ахмет Ясауи халқымыздың рухани жебеушісі, кейінгі ұрпақ тәуіп етер қасиетті әулие. Оның мазараты мәдениетіміздің мерейі, ұлтымыздың мақтанышы. Йасауи сопылық әдебиетті тудыра отырып, қазақ әдебиетінде адам бейнесін, оның қоғамдағы қызметін, өмір мұратын жоғары дәрежеге қойып жасауға жол салды. Йасауи хикметтері қоғам өміріне, адам тіршілігіне жоғары талап қойған сыншылдық дәстүр әкелді. Оның бұл сыншылдық дәстүрі Дулат, Сүйінбай, Шортанбай, Мұрат, т.б. жырларында, тіпті күні бүгіндері де жалғасын тауып жатыр.
Диуани хикмет, «Ақыл кітабы» – Қожа Ахмет Йасауидің сопылық идеясын жыр еткен, этикалық-дидактикалық мазмұндағы әдеби шығармасы. Ақын өз кітабын қыпшақ даласы мен Орталық Азия түркілеріне кезінде түсінікті болған шағатай тілінде жазған. Мұның өзі араб тілінде жазылған Құран Кәрім мен түрлі хадис, тәфсирлердің күрделі қағидаларын жергілікті түркі халықтарының түсініп оқуына мүмкіндік берді. «Диуани хикмет» – көшпелі елдің ауыз әдебиеті үлгілеріне негізделіп, түркі халықтары фольклорының тілдік-стильдік, модельдік тәсілдерін зор шеберлікпен пайдалана отырып жазылған көркем туынды. «Диуани хикметтің» түпнұсқасы сақталмаған. Ең ескі нұсқасы XV ғ-дың орта кезінде араб әрпімен көшірілген. Бертін келе «Диуани хикмет» Қазан (1887–1901), Стамбұл (1901), Ташкент (1902–11) баспаларынан жарық көрген. Қожа Ахмет Йасауи хикметтерінің жазылу тарихын, поэтикасын, сопылық-философиялық идеясын, қоғамдық-әлеуметтік мән-мағынасын, ислам дінін таратудағы рөлін М.Ф.Көпрүлузаде, Н.С.Банарлы, Е.Э.Бертельс, А.К.Боровков, Э.Р.Рустамов, В.И.Зохидов, т.б. ғалымдар жан-жақты зерттеді. Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикметте» «Аллаға жақындай түсу үшін» әрбір адам өзінің өмір жолында төрт басқыштан өтуі керектігін айтады. Біріншісі – шариғат. «Шариғат» – ислам діні қағидалары мен шарттарын тақуалықпен мүлтіксіз орындауды әрі құдайға құлшылық жасауды талап етеді. Екіншісі, «тариқат» – дін ғұламаларына шәкірт болып, жалған дүниенің түрлі ләззаттарынан бас тарту, Аллаға деген сүйіспеншілікті арттыра түсу болып табылады. Бұл басқыш сопылықтың негізгі идеясын, мұрат-мақсатын аңғартып тұр. Үшіншісі, «мағрифат» негізінен дін жолын танып-білу сатысы деуге болады. Бұл басқыштың негізгі талабы – күллі дүниедегі болмыс-тіршіліктің негізі «бір Алла» екенін танып-білу, түсіну. Төртіншісі, «хақиқат» («фано») – Аллаға жақындап, оны танып-білудің ең жоғары басқышы. Сопылық түсінік бойынша, «шариғатсыз» «тариқат», «тариқатсыз» «мағрифат», «мағрифатсыз» «хақиқат» болуы мүмкін емес. Бұлардың бірі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады. Қожа Ахмет Йасауи Аллаға (яғни Хаққа) жету жолында міндетті түрде төрт асудан мүдірмей өтуі керек деген пікір айтады. Ақынның айтуы бойынша, Хаққа жету жолындағы әрбір асудың он-оннан мақамы (тоқтамы) бар. Демек, осы төрт асудың қырық мақамын игерген пенде ғана «жабарут» (адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік), «мәләкут» (өмірдің мәнмағынасына қанық болу), «лахут» (бұл жалғаннан безіп, о дүниенің рухани әлемін меңгеру), «насут» (жоғарыда аталған үш өлшемнің басын қосып тұрған күш) деп аталатын рухани дүниенің сырын пайымдауға мүмкіндік алады. «Диуани хикмет» әрбір адамды имандылыққа, ізгілікке, жоғары адамгершілік қасиеттерге жетелейтін құдіретті күш, айқын бағдарлама деуге болады. Қожа Ахмет Йасауи әрбір адамның қадір-қасиетін, өмірде алатын орнын оның ішкі жан дүниесінің тазалығымен өлшейді. Адамның өз бойындағы ізгі адамгершілік қасиеттерді ұдайы жетілдіріп отыруы немесе бүкіл адамгершілік қасиетінен жұрдай болуы сол кісінің имандылығына байланысты деген түйін жасайды. Ал имандылық дегеніміздің өзі Алланың құлына ғана тән, адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, оны құдай жолына салып отыратын киелі күш деп түсіндіреді. Ақынның айтуы бойынша, имандылықтың ең басты көрінісі – мейірімді, кешірімді, өзгелерге жанашырлықпен қарау болып табылады. «Диуани хикметте» әрбір адамға қажетті қанағат-ынсап сезіміне ерекше мән беріліп, нәпсіні тыя білу мұсылмандықтың басты шарттарының бірі екенін ақын оқырманға қайта-қайта ескертіп отырады. «Ақыл кітабы» адамның ішкі жан-дүниесінің түрлі теріс ой-пиғылдардан, жаман ниеттерден таза болуын талдап, Алла алдында пәк, кіршіксіз болуға шақырады. Бүкіл әлемдегі түркі халқы «Диуани хикмет» арқылы исламның рухани әлемімен, сол дәуір үшін ілгерішіл саналған сопылық ағымның философиялық ой-пікірлерімен танысты. «Диуани хикметте» жырланған адамгершілік, имандылық, қанағат, кішіпейілділік, жомарттық жайындағы этикалық-дидактикалық тұжырымдар бертін келе, қазақ ақын-жыраулары поэзиясынан өзінің көркемдік жалғасын тапты. Мұсылман әлемінде аты әйгілі, орта ғасырлық сопылық әдебиеттің ірі өкілі, Қожа Ахмет Ясауи артына мәні өшпестей аса елеулі мұра қалдырды. Оның «Диуани Хикмет» атты екі әлемнің де мән-жайын сипаттайтын туындысы адамгершілік, имандылық, әділдік, инабаттылық тәрізді күрделі мәселелерді сипатттап ашып көрсетуге арналған. Бұл дүниедегі адамдар арасындағы әр алуан қарым-қатынас: мансап пен байлық, билік, кедейлік пен қанағатшылдық, нәпсі мен тәубашылдық, Хаққа сыйыну секілді түйінді жәйттер дін талабы тұрғысынан сарапталады. Бұл дүниенің баянсыздығы мен мен ол дүниенің бақилығын салыстыра отырып, қанағат, адамгершілк, мейірім-шапағат, адалдық, ізеттілік жайында сөз қозғайды. Осыған орай, ол Мұхаммед пайғамбардан үрдіс болып келе жатқан жол: жиған малдың қызығын тек өзі көрмей, өзге жетім-жесір, мүсәпірлерге де қайырымды болу, жасаған күнәңді дер кезінде түсініп, тәубаға келу, Аллаға сол туралы шын көңілден жалынып-жалбарынудың қажеттігін ұтымды түрде сипаттайды.
Қожа Ахмет Ясауидің өз хикметтеріне алтын арқау еткен басты мәселесі: Алла Тағаланың пенделеріне деген кеңшілігі мен олардың жасаған күнәларын кешудегі қайырымдылығы, нұр шапағатын талмай сипаттап бергендігі дер едік. Ол бұл мақсатта Құдай дидарына ғашық болған пенделерінің өзге қызықтың бәрінен баз кешіп, күндіз-түні тек Аллаға құлшылық етуі қажет, бұл жолда жан мен тәнін де аямауы керек. Сонда ғана хақ дидарын көруге болады деген пікір ұсынады:
- Сүннатларын махкам тутиб уммат булгил,
Кеча, кундуз айтыб улфат булгил.
Нафсидан кечиб, жафасини рахат билгил,
Андаг ғашық еки кузи қирян иурур…
Лала дегил, ғалам сені кафир десун,
Кафир тию Мансур сифат дарға ассун.
Башиң берил хақ курсатсин,
Башиң берган хақ дидарын курар ирмиш.
Бұдан байқалғандай, әулиенің Құдай салған қиыншылық пен азапты да шыдамдылық, сабырмен жеңе білу, төзімділік таныту жөн, тынбай жылап дертін тарт, Құдай көзді тек көру үшін ғана емес, жас ағызып жылау үшін де берген дейді. Бұлай болмаған күнде Хақ Тағаланың кісі күнәсін кешу-кешпеуі екіталай, өйткені бәріне де оның әмірі ғана жүреді дегенді ескертеді:
- Таубе қылсам кечармикун қадир Алла,
Иуқ ирса ниткум анда мен ру сияһ,
Таңла барсам имек аяғ барча куә,
Хақ алдида һар не шилар асан иурур.
Өмірдің қызығы мен қиыншылығын пенде бастан қанша кешірсе де, қиыншылыққа төзіп, қуанышқа сабыр, шүкірлік етуі шарт. Бұл үшін ол үнемі бір Құдайға жалбарынып, соның кешірімін алуы қажет. Біздің халықта: «Аруақ ұрған оңалмайды, Құдай ұрған оңалады» деген мәтел бар. Немесе кейде: «Күнәсін мойындағанды Құдай да кешеді» – дейді. Сондықтан адам, алдымен, өзінің Аллаға деген көңілін, сенім-нанымын, пиғылын жөндеп алуы керек. Өмірдің қуанышынан қайғы-қасіреті көбірек, сол себепті ол Құдайға деген сенімін кемітпей, қайта оның шарапатына, кешірімділігіне нық сенгені дұрыс. Қожа Ахмет Ясауи бір Аллаға деген қалтқысыз сенім-нанымның ақыры оған жан-тәнімен берілген шын сүйіспендікке, ғашықтыққа ұласуын қалайды. Егер адам тек сырттан ғана құдайшыл болып, іштен басқа пейілде болса, ол екіжүзділікке, опасыздыққа ұрынады деп баяндайды. Мұндай алдамшы, аяр жандар сабырсыз, төзімсіз келеді, оның соңы надандыққа (жәһілдікке) ұрындырады деген ой ұсынады. Ол надандықтың адам баласына келтірер зияны мен бүлігін жеріне жеткізе, өлтіре сынап, бұған жаңалықты ғана қарама-қарсы қояды, үміт-тілегін де даналарға арнайды:
Наданмен өткен өмірің тозақ болар,
Надан барса тозақ одан қашар.
Наданмен тозаққа қарай қылма сапар,
Надандардың ортасында суық шалғандай болдым мен-ә.
Надан хәлін менен сұрама, көңілім қапа,
Хақтан қорқып, қайғы тұтсам, күлер «қақа».
Араны ашық, нәпсі ұлық, мысалы лақа,
Надандардан қорқып саған келдім мен-ә.
Жер астына қашып кірдім надандардан,
Қолым жайып дұға тілеймін жомарттардан.
Ғаріп жаным мың садаға даналардан,
Дана таппай жер астына кірдім мен-ә!
Қожа Ахмет Ясауи Құдайға беріліп құлшылық етушілердің өзін жалған ғашықтар, шын ғашықтар деп жүйелейді.
Түркі халықтарының әдебиетіндегі сопылық ағым өкілдері және Қожа Ахмет Йасауидің ақындық мектептері Қожа Ахмет Йасауи негізін салған хикмет жанры Орта Азиядағы түркі халықтары діни поэзиясының бастауы әрі негізгі жанры болып табылады. «Түркі тілді діни поэзия» дегеніміздің өзі сопылық поэзия болып табылатындықтан, тек йасауийа жолының ғана емес, нақшбанийа тариқатының түркі тілді өкілдері де хикмет жанрымен жырлауды үрдіс етіп алды. Діни бағыттың бүкіл ортағасырлық поэзиядағы басты бағыт болып саналатынын, ал «түркі халықтарының лирикалық позэиясы сопылық поэзия негізінде туындағанын (А.Бомбачи) ескерсек, көрнекті ғалым Ә.Қоңыратбаев атап көрсеткендей, Әлішер Науаиге дейінгі Орта Азиядағы ақындық мектеп Қожа Ахмет Йасауи мектебі болғанына көзіміз жете түседі. Сүлеймен Бақырғани. Йасауидің ақындық мектебінің ең көрнекті өкілі - Сүлеймен Бақырғани (Хакім ата). Йасауидің тікелей шәкірті болып табылатын бұл тұлғаның өмірімен шығармашылығы бірқатар зерттеулерге арқау болды. Бақырғани жайлы аңыздық деректер өте көп, біршама нақты мәліметтер де кездеседі. Хакім ата 1104-1186 жылдары өмір сүрген деп саналады. Ақын өмірінің алғашқы кезеңіне қатысты аңыздардың назар аударуға тұрарлық тұспалды мәні бар. Солардың бірі Құл Сүлейменнің Йасауиге мүрид болып, қызмет етіп жүрген кезімен байланысты. Бірде Қызырмен сұхбаттасып отырған Йасауиге тамақ әзірлеу үшін шәкірттері отын әкелуге шыққанда, жаңбыр жауып кетеді де, балалардың әкелген отыны су болып, тұтанбай қояды. Тек өз тонына орап жеткізген құл Сүлейменнің отыны ғана құрғақ болып шығып, тұтанып, ас дайындалады. Шәкіртіне разы болған Қожа Ахмет оған: «Хакімдік іс қылдың, сенің атың Хакім ата болсын» дейді. Осы сәтте балаға Қызырдың да назары түсіп, батасын бергендіктен, сол күннен бастап Құл Сүлейсменнің бойына бөлекше дарын бітіп, хикмет айта бастайды. Аңыздағы осы деталь ерекше назар аударуды қажет етеді: Йасауидің хикмет айтуы «Хактан пәрмен» арқылы болса, Бақырғанидің хикмет айта бастауы да Қызырдың батасымен байланысты болады. Шегініс жасап айта кету лэзім: «Киелі ілім, қасиетті өнер тылсым күштердің қолдауы нәтижесінде дариды» деген ұғым - қазақы ділдің де темірқазық құндылықтарының бірі. Ұлтымыздың арқалы ақындарының көпшілігінің өлеңге қадам басуы түсіне енген ақ сақалды қарияның (оны әдетте Қызыр деседі): «Өлең аласыңба, көген аласың ба?» деп таңдауды өзіне тастауынан басталады. Талапкер дарын ерікті-еріксіз өлеңді таңдайды да, ұйқыдан оянысымен өлеңдетіп жүре береді». Мән берілуге тиіс тағы бір нәрсе: Қызырдың назары түскен жан не өлеңді, не көгенді таңдауы керек, яғни өнер мен байлықтың бірін ғана алуға хақысы бар. Мұның өзі өнер жолына түскен жан дүнияуи игіліктерден бас тартып, рухани құндылықгарды насихаттау жолында барлық азап пен тауқыметке дайын болуға тиіс деген ұғымды білдіреді. Бұл да рухани кемелдікке жету үшін мал мен бақты тәрк етіп, саналы түрде кедейлікке - ғаріптікке түсетін, ел-жер кезіп, жоқшылық көріп, Хақ жолдағы уағыздайтын сопы-дәруіштердің жолы. Осы дүниетанымдық сәйкестіктерден қазақ даласындағы ақындық өнер мектебінің Йасауи дәуірінен бері үзілмей келе жатқаны, оның өкілдеріне заманалар бойы ортақ тағдыр, ортақ құндылықтар, ортақ ұстанымдар тән болып келгені аңғарылады.
Бейнелілік жүйесі аса бай Йасауи хикметтерінде жиі кездесетін образ
Йасауидің образ-персонаждар әлемі аса бай. Сопылық поэзияның шарттарына сәйкес «Ақырдың пайғамбары», «пайғамбарлар мөрі» саналатын Мұхаммед пайғамбар бейнесі –«Диуани хикметте» Йасауидің ұстаз-пірі саналатын Арыстан баб пен тылсым Йасауи хикметтеріндегі персонаждар жүйесі бірнеше сатыдан құралған. Ақын өз Хикметтер авторының тұрақты адресаты – дидар талап мүридтер, алқа Йасауи сомдаған образдар объект-кейіпкер ретінде көрініс беріп отырса, хикметтердегі Қорыта келгенде, түркі сопылық поэзиясының тұңғыш толымды туындысы «Диуани
Хикметі» Ұлттың азаматтық тарихымен егіз өрілген әдебиет тарихы – ел
Қожа Ахмет Йасауи шығармашылығы – түркі халықтарының әдебиет тарихындағы Сопы ақын дүниеге келген топырақта – Қазақстан жерінде жасалып «Диуани хикметті» өзіне дейін дүниеге келген түркі жазба әдебиетін Йасауи поэзиясының бүкіл болмыс-бітімінен автордың өзі сусындап өскен байырғы Буындық өлшемге негізделген түркі өлең жүйесі туралы сөз етілгенде «Диуани хикметте» метрикалық өлең жүйесіне тән аруз қалыптары да Йасауи ақын қолданған көркемдік құралдары оның болмысты бейнелі түрде. Қорыта келгенде түркі халықтарының әдебиет тарихында айрықша шығармашылығымен өшпес.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Қазақ совет энциклопедиясы. 1-том. –Алматы: 1972, 647-б.
Қожа Ахмет Иассауи. Диуани хикмет. -Алматы: Арыс, 2001.
Дүйсенбаев Ы. Мұхтар Әуезов (Естеліктер, ойлар). -Алматы: Қазақ
Көпрүлү М.Ф. Ясауи танымы мен тағылымы (Ауд. К.Коч).
Сүйіншәлиев X. Ғасырлар поэзиясы: Зерттеулер. -Алматы: Жазушы,
Қожа Ахмет Йасауи. Диуани хикмет (Ақыл кітабы).
(Дайын. Ахметбек А. Қожа Ахмет Иассауи. -Алматы: Санат, 1998.
Сыздықова Р. Ясауи хикметтерінің тілі. -Алматы: Сөздік-Словарь, 2004.-552