Реферат Пәні: «Мұғалімнің кәсіби жетістік технологиясы»



Дата15.04.2023
өлшемі26,32 Kb.
#83158
түріРеферат



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
«MIRAS EDUCATION УНИВЕРСИТЕТІ»

Реферат
Пәні: «Мұғалімнің кәсіби жетістік технологиясы»


Тақырыбы: Педагогикалық сендіру және иландыру

Орындаған: Еркін Әсия


Тобы: ПМ-2211 К-1
Қабылдаған: Елганова М.Т

Жоспар:




  1. Кіріспе бөлім

  2. Педагогикалық үдеріс

  3. Педагогикалық сендіру және иландыру

  4. Сендіру-иландыру формалары және оған қайылатын талаптар

  5. Қорытынды

  6. Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ



Педагогикалық шеберліктің өзге де бір маңызды тарапы – ықпал жасау. Педагог, әдетте, шәкірттеріне өзінің барша болмысымен әсер ете білуі тиіс. Педагогикалық ықпал дегеніміз, осыдан тәрбиеленушілер әрекет қылығын саналы бағыттап, реттеудегі оларды арнайы әдістер және тәсілдермен іс-әрекетке ынталандыруы немесе кажет тұста әрекетін тежеудегі педагогтың мақсатты бағдарланған қылық, мінез, әрекет - ұстанымы. Тәрбиеленушілерге жасалатын педагогикалық ықпал шебер педагог тарапынан жоғары деңгейде меңгерілген үш негізгі әдіспен орындалады. Ықпал етудің басты жолы дәйектеп, яғни тәрбиеленушінің дүниетанымын тұлғалық бағытта қалыптастырып, оның әрекет - қылығын ретке келтіру мақсатында бала санасына тікелей не жанама әсер жасау. Шеберлік сүйеніші тәрбиеленушіге, оның ой толғастыру өз әрекет-қылығын талдай білу және орынды бағалау, намысқойлығы мен саналы еріктік әрекет жасау қабілеттеріне деген сенім.
Сендіру аркылы педагогикалық ықпал жасау шеберлігі-бұл тәрбиеленуші санасында шындықка сене қабылдап, оған жүгіну, педагог ұсынған ақпараттар мен талаптарға күмән келтірмеу сезімін қалыптастыру, шәкірттің ұстаным ретінде қабылданған көзқарастарына сәйкес әрекет жасау, ұмтылыстарына дем беру. Белгілі бір әдеттерді қолданудың қажеттілігін түсіну тәрбие процесінде әр түрлі әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Ескі мектепте, мысалы, бұл үшін ғибратты әңгімелер, нақылдар, мысалдармен қоса оқушыларға қажетті білімді жеткізудін басқа да жанама және көркем тәсілдері кеңінен қолданылған қорытындыны оқушьшардың өздері жасауы тиіс. Қазіргі мектепте ықпал етудің дәстүрлі тәсілдері (талап қою, насихат, нұсқау) жиі қолдануда.Бұндай әдістердің нәтижесі өте төмен. Тәжірибесі мол тәрбиешілер өз жұмыстарында ұмыт болған адамгершілік-имандылыққа, Крыловтың мысалдарына, Абайдың қара сөздеріне, халық педагогикасының амал-тәсілдеріне көптеп сүйенуде. Этикалық тақырыптағы әңгімелер, түсіндірмелер, түсініктемелер, лекциялар, этикалық әңгіме-сұхбаттар, ақыл-кеңестер, иландыру, сендіру мысалдар кеңінен қолданыс табуда.
Этикалық тақырыптагы әңгіменің нәтижелі болуы мынаған байланысты:
— әңгіме мазмұнының оқушылардың жас ерекшеліктері мен олардың әлеуметтік тәжірибесіне сәйкес болуы;
— әңгіменің қызықты, әсерлі, түсінікті болуы, онда адамгершілік ой-пікірлермен қоса мысалдардың, жағдайлардың болуы;
— әңгімені оқу барысында әңгіме-сұхбаттың жүргізілуі; оқушылардың әңгімені талдауға атсалысып, өздерінің ой-пікірлерін білдіре алулары өте маңызды;
— әңгімеге қоса суреттерді қолдану (бейнелеу өнерінің туындылары, фотографиялар); әңгімені дұрыс қабылдауда музыканың орны ерекше;
— мазмұндама тілінің әдеби сауатты болуы.
Этикалық әңгімені қабылдауда бөлме ішінің жабдықталуының да маңызы бар. Жоспарланған әңгімелер жайлы бөлмелерде, оқушылар ешқайда асықпаған еркін жағдайда жүргізіледі. Этикалық әңгімеден кейін оқушылар мазмұны мен көңіл-күйі жағынан өзгеше бір іске (мысалы, спорттық жарыс) кірісіп кетсе, әңгіменің тәрбиелік мәні төмендейді.
1. Педагогикалық үдеріс
Педагогика – кең ауқымды ғылым. Оның шұғылданатын оқу жəне тəрбие мəні мен олардың барша байланыстарын жеке бір ғылым шеңберінде қамту мүмкін емес. Педагогика дамудың ұзақ жолын басынан кешіріп, көптеген айналып отыр. Сондықтан бүгінгі педагогиканы тəрбие жөніндегі ғылымдар жүйесі деп атаған дұрыстау келеді.
Педагогиканың ірге тасы- философия, дəлірек айтсақ, тəрбие проблемаларымен арнайы шұғылданатын оның тəрбие философиясы тармағы. Тəрбие философиясы өз алдына білім саласы ретінде тəрбиелік практикада əртүрлі философиялық жүйе идеяларын пайдаланады. Философия – педагогикаға танымның жалпы бағыт-бағдарын, педагогикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудің əдіс-тəсілдерін көрсетеді. Сондықтан да, философияны оның біртұтас жəне жүйелік, құрылымдық талдау əдістерімен бірге педагогиканың əдіснамалық негізі деп атау қабылданған.
Қоғамдық құбылыс ретінде тəрбие дамуы мен педагогикалық білімдердің өткен жолын педагогика тарихы зерттейді. Өткенді түсіне отырып, болашаққа көз тігеміз.
2. Педагогикалық сендіру және иландыру әдісі
Тәжірибеде педагогтар оқушылардың сана-сезіміне, іс-әрекетіне, оқуына, тәртібіне әсер етудің алуан түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеріп, қолданып отыр. Соның ішінде коммуникативтік әсер етуде сендіру-иландыру әдістерінің де мәні зор. Жаңадан қызметін бастаған жас педагогтардыңибәрі бірдей бұл маңызды әдісті меңгеріп өз жұмысында қолдана алады деуге болмайды.
Социалды-психологиялық теория негізін зерттей отырып, педагогикалық қарым-қатынас тәжірибесі бойынша коммуникативтік әсер ету әдіс-тәсілін сендіру-иландыру дейміз. Оқушы жастардың айнала өмірмен, қоғаммен табиғатпен өзара қарым-қатынас, олардың бір-бірімен өзара әсері, көзқарасы білімі, мінез-құлық тәртібі, сенім туғызады. Сенім тәрбиелеушілердің игі қасиеттерінің қалыптасуына әсер етеді, сана-сезіміне, ерік-жігеріне ықпал етеді. Алайда мұғалімнің сендіру-иландыру әдісі тек сөз жүзінде болуы тиісті емес,ең алдымен мұғалімдердің, жанұяның қнегеле істерімен, жинақталған тәжірибе негізінде жүзеге асырылуға тиіс. Ізгілік-адамгершілік тұрғыда сендіру тәсілін дұрыс таңдап қолдана білу пайдалы іс-әрекеттерді жандандыра түседі. Сондықтан сендіру-иландыруәдісі жоспарлы іс-қимылда басшылыққа алынуға тиіс. Дұрыс ұйымдастырылғансенім іс-әрекеттің жақсы нәтижеге жетуіне ықпал жасайды. Мұғалімнің негізгі міндеті-сенімді белсенді әрекетке құлшындыру. Педагогикалық практика үнемі иландыру әсерімен беттесуде, өйткені оқытушы өз жұмысында белгілі табысқа жіне нәтижеге жету үшін түрлі суггесивті тәсілдерді арнайы немесе арнайы емес түрде қолданады.
“Иландыру” ұғымы кең және тар мағынада қолданылады. Бірінші жағдайда, әдетте бір адамның басқа адамға психологиялық әсері; екінші әсердің кереметтілігінде, оның нәтижесінде алынған әсердің сипаты, адамның оны ұажетті сынақтан өткізбей қабылдауы.
Иландыру әсер етудің әмбебап категориясы болып табылатын адам қмірінің әр түрлі саласында қолданылады: психотерапияда, педагогикада, қоғамдық өмірде және “суггестия” ұғымымен теңестіріледі. Суггетивтілік екі түрі гетеросуггетивтілік – бір адамды басқа біреудің иландыруы және аутосуггетивтілік яғни өзін-өзі иландыру.
Сендіру – бұл ойлау қызметімен бірге интеллектуалды күйзеліс процесі. Сендіру тек белгілі бір көзқарасты қабылдатуға қол жетуге ғана емес, негізгісі адамға ұсынылып отырғанды оның өз еркімен істеуі.
Сендіру қолданудағы шектеулер. Сендірудегі бірқатар шектеулерді атап өтейік:
Сендіру адамның белгілі бір белсенділігі кезінде ғана әсер етеді; егер оның еркіне қарсы сендіруші болса, онда қалыптастыратын көз қарасқа негативизм қалыптасады.
Ұсынылатын ақпарат логикалық ойлаумен және таным қажеттігімен байланыстысендіру. Егер бұны адам қиналып істейтін болса, онда оның мазмұнына қатынасы сендіру механизімінде пайда болады.
Сендіру әсерінде екі жақ үшін де бірдей ақпарат базасының болуы қажет, өйткені келтірілген аргументтерді түсінуге бірдей жағдай туады.
Сендіру процесінің мақсаты уайымдау мен түсінуде бірліктің болуындағы немесе айқын емес екі кісінің немесе оданда көп адамдардың пікірталасы болғандықтан соңғы сендіруді қалыптастыру тағы да бір негіз болады.
Сендіру процесінің мақсаты уайымдау мен түсінуде бірліктің болуындағы немесе айұын емес екі кісінің немесе оданда көп адамдардың пікірталасы болғандықтан соңғы сендіруді өалыптастыру тағы да бір негіз болады. Түсінудің негіздерін оқытушының жақсы оның кәсіби қызметіне ерекше рол атқарады. Оны атап өткен жөн, өйткені онсыз студенттердің оқу тәрбие процесінде және педагогтың өзінің де меңгеруі мүмкін емес.
Адамның сенімі 3 компоненттен құралады: білім тәртіп, сезім және мынадай формулалар арқылы іске асырылады: түсінік беру, түсіндірілген, қабылдау, қабылданған, түсінемін-қабылдадым, істелетін іске басшылыққа аламын.
3.Сендіру- иландыру формалары және оған қойылатын педагогикалық талаптар
Сенім-иландыру – жүйелі түрде қалыптасқан процесс болғандықтан оқыту процесінің түрлі формалары арқылы жүзеге асырылады. Сендіру-иландыру формалары: мұғалімнің сөзі, жанұя оның үлгісі, әңгімесі, мұғалім үлгісі, диспут, дискуссия, түрлі хабарлар, оқушылар жиын конференциялары, сынып сағаты, газет-журналдарды пайдалану, сабақтан тыс оқу т.б.
Оқушылардың сенімін арттырып белгілі бір оқиғаға деген иланымын, үлкен мәні бар. Тәрбиешінің мұғалімнің жеке басының өнегесі- оның ерік-жігері мен ықтиярянсыз-ақ оқушыға әсер етеді. Балалар сабақта және басқа уақыттада мұғалімнің өзін қалай ұстайтынын, қалай киінетінін өз айналасындағы адамдармен қалай араласатынын қадағалайды, байқайды. Мұғалім ең алдымен өзіне сенімді болуы тиіс. Мінез-құлқы тұрақты болуы керек. Осы сияқты т.б. педагогтарға тән қасиеттердің болуы мұғалімдер мен тәрбиешілерге бедел туғызады. Педагогтарға бедел сайын оқушылардың оларға деген сенімі арта түседі. Оқушылар сенімін-илануын қалыптастырған уақытта оның интельектуалдық – эмоциялдық жағдайын еске алу керек, жас ерекшелік, мүмкіншіліктерін есепке алу керек. Оқушылар
сенімін арттыруға қойылатын педагогикалық талаптарға мұғалімнің жеке бас үлгісі мен ата-бабалардың өнегесі.
Сендіру мен иландырудың педагогикалық процесте алатын орны мен ролі.
Иландыру-сендіруді мәніне қарай топтастырудың мынадай негіздері бар:
1 Әсер ету, ерекшелігіне байланысты иландырудың басқа адамарқылыболуы,
объектісімен субъектісіне байланыстылығы.
2 Субъектіжағдайынабайланысты айқындалуы:табиғилығына, рухани шабыттылығына, гипноздық жағдайына байланысты.
3 Иландыру-сендіру үшін алдын-ала мақсатты ұйымдастырылған психологиялық әрекеттер ұйымдастыру бағытына байланысты.
Өзін-өзі сендіру-иландырудың жеке бастың дамуына үлкен мәні бар. Өзін-өзі сендіріп, өзін-өзі иландыру жеке адамның өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру, өзінің саналы әрекеттерін қалыптастыру кезеңінде пайда болады.
Оқушы өзіне-өзі талап қойып, жаман қылықтардан, ұнамсыз әдеттерден арылу кезінде ,өзінің ұнамды әрекеттерді өз бойына қалыптастыру кезеңінде пайда болады.
Өзін-өзі сендіру, иландыру техникасы - педагогтың сөзімен бірге дауыс ырғағы, дене қимылы, ым-ишарасын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

ҚОРЫТЫНДЫ


Ықпал жасаудың аса маңызды да өнімді түрі – мақсатты, тақырыптық педагогикалық дәйекті педагог еркінен туындаған талап ете білу қызметі, талап қоюмен ықпал жасау шеберлігіне байланысты іске асыратын міндеттер:


- балаға ішкі және сыртқы қиыншылықтар мен кедергілерді жеңуге жәрдем беру;
- ерік сапаларын дамытып, тұрақтандыру;
- өжеттік, дербестік пен жауапкершілік, ынталылық пен орындаушылық бітістерін өрістетіп, жаңарту.
Мұғалімнің кез-келген іс-әрекетті оқушыларды тұрақтылыққа немесе көз-қарасының өзгергіштігіне, сезіміне әсер етеді етуге бағытталған. Бірақ оқушылардың психологиялық сенімі мен нанымы әртүрлі бірдей емес. Әрбір мұғалім өзінің сөз арқылы сендіре білуі, яғни сөз шеберлігі болашақта өз құралы бола алады.
Үгіттеу – тәрбиеші балалардың сана-сезіміне, тәжірибесіне жүгіне отырып педагогикалық ықпал ету тәсілі. Оның мақсаты – тәрбиеленушілердің ақиқатқа, адамдар іс-әрекетінің мазмұнына, нормаларына саналы көзқарасты қалыптастыру. Үгіттеу – адамның санасына, өзін және қоршаған ортаны түсінуіне әсер ету, оның түсініктерін ғылыми білімнің, моральдың талаптарына сәйкестендіру.
Үгіттеу – бұл адамның немесе ұжымның рационалдық және эмоционалдық салаларына тұтастай ықпал ету. Ол жаңа көзқарастарды, қарым-қатынастарды қалыптастыруға бағытталған.
Үгіттеу екі мағынасында қолданылады: біріншіден, бұл ықпал ету тәсілі немес әдісі, екіншіден, бұл үгіттеп ықпал етудің нәтижесі, яғни белгілі бір ұстанымдарға, өмірлік позицияларға негізделген сенімдер жүйесі. Педагогикалық практикада үгіттеудің мына формалары кең таралған: әңгімелеу, түсіндіру, дәлелдеу, әңгіме, дәріс.
Үгіттеуге қойылатын талаптар:
- үгіттеудің мазмұны мен формасы тұлғаның жас ерекшелік деңгейіне сәйкес болуы, оқушыларға түсінікті және қол жетерлік деңгейде ұсынылуы;
- үгіттеу оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып құрылуы тиіс;
- үгіттеу бірізділікке, қисындылыққа, дәлелдікке ие болуы шарт;
- үгіттеуде жалпылама қағидалармен (ұстанымдар, ережелер) қатар нақты фактілер, мысалдар, көрнекілік, үлгі қолданылуы тиіс;
- басқаны үгіттей отырып, тәрбиеші өзінің айтқанына сенуі керек.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР





  • 1 Бордовская Н.В., Реан А.А. Педагогика, СПб: Издательство «Питер», 2000. – 304 с.

  • 2 Зязюн И.А. и др. Основы педагогического мастерства. – М.: Просвещение, 1989. – 303 с.

  • 3 Морева Н.А. Основы педагогического мастерства: учеб. Пособие для вузов/ Н.А. Морева. – М.: Просвещение, 2006. 23

  • 4 Практическая психология для преподавателей/ Под ред. Тутушкиной М.К. -М.: Информационно-издательский центр «Филинъ», 1997. – 325 с.

  • 5 Основы педагогического мастерства. Упражнения. Тесты. Советы начинающему педагогу./ Сост. Смолькина Т.П. - Караганда: Болашак-Баспа, 2002.

  • 6 Пидкасистый П.И. Педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических вузов и педагогических колледжей. – М.: Российское пед. агентство, 1996.

  • 7 Резниченко М.Г. Введение в педагогическую деятельность: Учебное пособие для студентов факультета начального образования. – Самара: Издательство СГПУ, 2003


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет