Реферат Тақырыбы : Бассүйектің сыртқы және ішкі негіздері Орындаған: 109-топ студенті Жұман Айгерім Таңатқызы



бет1/3
Дата19.09.2023
өлшемі2,89 Mb.
#108756
түріРеферат
  1   2   3

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ”





Аубакиров атындағы адам анатомиясы кафедрасы


Реферат


Тақырыбы: Бассүйектің сыртқы және ішкі негіздері
Орындаған: 109-топ студенті Жұман Айгерім Таңатқызы
Қабылдаған: адам анатомиясы кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Адайбаев Төлеуғали Адайбайұлы


Астана 2023ж.
Жоспар: 
I. Кіріспе 
II. Негізгі бөлім
2.1 Бас сүйектері. Сүйектердің байланысу түрлері
2.2 Бассүйектің сыртқы және ішкі негіздері
III. Қорытынды. 
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе
Бассүйек (лат. cranіum) — адам мен омыртқалы жануарлар басының қаңқасы. Онда ми, көру, есту органдары, ас қорыту және тыныс алу органдарының сыртқы мүшелері орналасады.
Барлық омыртқалыларда бассүйек екі бөліктен тұрады: ми сауыты және бет бөлігі. Ми сауыты — маңдай сүйек, жұп тас төбе, самай сүйектері мен шүйде сүйегінің (қарақұстың) бір жартысынан құралады да, күмбез сияқты, миды жауып тұрады, ал, мидың астында шүйде сүйегінің екінші жартысы, сына тәрізді сүйектер жатады.
Мидың астыңғы бөлігіндегі үлкен шүйде тесігі арқылы жұлын өтеді. Қарақұс осы тесіктің екі жағындағы өсінділер арқылы буындасып, бас қаңқасын омыртқамен байланыстырады. Ал бассүйектің бет бөлігінде жақ сүйектер, бет, таңдай, тіл асты сүйектері, мұрын, көз шұңқыры және ауыз қуыстары болады. Сөйтіп, адамның бас қаңқасы 23 сүйектен тұрады. Басқа сүйектер сияқты оларда қан тамырлар, жүйке талшықтары өтетін саңылаулар және бұлшық еттер бекитін бұдырлар, төмпешіктер болады.
Бассүйек шеміршек және жамылғы сүйек түрінде ұрықтың 2 айлығында пайда бола бастайды. Жаңа туған нәрестеде бассүйектің жіктері әлі сүйектенбеген, былқылдақ күйде болады. Төбе сүйектерінің аралығындағы осындай жікті “еңбек” деп атайды. Оның бекуі 1,5 жаста, ал жалпы бассүйектің өсуі 23 — 25 жаста аяқталады.
Бассүйек ми сауытының өлшемдеріне байланысты қысқа — брахикранды, орташа — мезокранды, ұзын — долихокранды болып бөлінеді. Осыған орай, ғылымда ми сауыты неғұрлым ұзын болса, соғұрлым адам ақылды келеді деген бұрыс пікір болғаны да мәлім. Бірақ ғылым бассүйектің пішінінің әр алуандығы нәсілдердің айырмашылықтарын емес, қайта олардың ұқсастығын, бір тектен шыққанын дәлелдеді деп тұжырымдайды. Барлық нәсілдерде бастың шеңбері 53 см-ден 61 см-ге дейін өзгеріп отырады.
Бассүйек жақсы сақталатын болғандықтан, антропогендік зерттеулерде бұрын өмір сүрген адамдардың дене тұрқын анықтау үшін қолданылады. Әр түрлі сырқаттардың патологиялық асқынуына байланысты бассүйек түрліше өзгеріп отырады. Өлген адамның Бассүйегі де қабірде жатып өзгеріске ұшырайды.

1-сурет. Адам бассүйегінің құрылысы
Бас пішінін әдейі өзгерту дәстүрі ерте заманда Азия, Еуропа, Америка тұрғындарының арасында болған, кейбір халықтарда қазірде де бар. Ғұндар, сарматтар, т.б. көшпелі тайпалар бас пішінін қолдан өзгерткен. Мұндай салт б.з.б. 3—1 ғасырларда қазақ жерінде де орын алған. Бассүйек адам қаңқасындағы күрделі құрылысымен ерекшеленеді. Жалпы бассүйек екі бөліктен тұрады. Олар ми сауыты және бет сүйектері.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет