ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Факультеті «Экономика және Бизнес жоғары мектебі»
Кафедрасы «Экономика»
РЕФЕРАТ Тақырыбы: 1931-1933 жылдардағы ашаршылық (Семей облысындағы жағдай)
Оқытушы: : Ноянов Е.Н.
Студент: Сарқыт А.Е.
Мамандығы: : Экономика
(Семей облысындағы жағдай)
1930-1933 жылдардағы болған Қазақстандағы ашаршылық — Қазақ АКСР жеріндегі ашаршылық. Ол кезде Қазақстанда шамамен 1.5 миллион адам қайтыс болып, олардың 1.3 миллионы қазақтар болған. Ашаршылық кесірінен қазақтар саны 38-42%-ға кеміген, басқа деректер бойынша ашаршылықта 2-2.3 миллион адам қайтыс болған. Ашаршылық кесірінен қазақтардың бөлігі басқа елдерге, әсіресе Қытайға, Ауғанстанға және Түркияға қаша бастады.
Бұл ақпараттарды мен Семей облысының тумасы әжемнің әкесінен жеткен әңгімесінен үзінді алып отырмын. Марқұм атамыз өте әңгімешіл кісі еді. Көбіне ашаршылық жылдарда өткен балалық шағын айтып балаларын тәубеге шақырып отыратын. Өткен күндерін еске алғанда ауыр күрсініп, естеліктер айтқанда күңіреніп кететін. Ойлап қарасақ әңгімесінің барлығы өмірде болған шындық екен.
Атам Пернеқұлов Есенқұл 1920 жылдың көктемінде Тарбағатай жерінде дүниеге келген. Ол өмірге келген сәтте қазақтар қиын қыстау заман кешіп жатты. Сөйтіп 1931 жылдары ұлан байтақ жерге жасалған геноцид басталып белең алады. Осы сәтте қаншама млн адам қырылып, қаншасы шет жақтарға ауып кетті. Солардың бірі менің атамның отбасысы болған. Үлкен атамды алып әке шешесі шығысқа қарай жылжыған болатын, яғни Қытай жеріне. Ұлы ашаршылық басталғаннан кейін бір жылдың көлемінде олар шекара асып Қытай жеріне келеді. Үлкен атамнан атама одан әкеме жеткен әңгімесіне құлақ түрсек көшіп бара жатқанда жолда ашығып жатқан адамдардың денелерін көрген. Сол бір айтқанынан үзінді жолда арбамен келе жатып үлкен атамның әкесі атамның көзін шүберекпен байлап қойған екен. Сөйткендегі байлағанының себебі жолда өліп жатқан үлкені кішілі мәйіттер жатқан.
Қорытынды: Осылай атамның отбасысы тек Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейін ғана туған жерге Отанына оралған. Ресей империясының жасаған ашаршылық нәтижесі көптеген адамдардың өмірін қиып, қазақтардың санын кеміткен ең үлкен қасірет болып табылады.