Реферат тақырыбы: Асқорыту жүйесінің физиологиясы. Ас қорыту сөлдерінің құрамы Орындаған: Ибраева Дана Қарағанды 2023



бет1/2
Дата02.04.2023
өлшемі37,31 Kb.
#78491
түріРеферат
  1   2

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым басқармасы
Қарағанды жоғарғы мейіргер колледжі
РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ: Асқорыту жүйесінің физиологиясы. Ас қорыту сөлдерінің құрамы

Орындаған:Ибраева Дана


Қарағанды 2023


ЖОСПАР:

  1. КІРІСПЕ.

    1. Ас қорыту жүйесі

  2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

    1. Асқорыту жүйесінің физиологиясы

    2. Ас қорыту сөлдерінің құрамы

  3. Қорытынды



  1. Кіріспе.

1.1. Ас қорыту жүйесі
Ас қорыту жүйесі (көне грекше: systema digestoria; көне грекше: systema — бүтін, байланысқан, жүйе; лат. digestoria — асқорыту) - адам мен жануарлар организмдеріндегі асты (азықты) қабылдау, өндеу, қорыту, сіңіру және жын қалдығын сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі. Асқорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас қорыту бездерінен тұрады. Филогенездік және онтогенездік тұрғыдан асқорыту жүйесін төрт бөлімге бөледі: бас бөлімді — ауызжұтқыншақ (аран), алдыңғы бөлімді - өңеш пен қарын (асқазан), ортаңғы бөлімді — ащы ішектер (он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек) мен ірі асқорыту бездері (ұйқы безі, бауыр), артқы бөлімді - жуан ішектер (бүйен, тоқ ішек, тік ішек) құрайды.
Асқорыту бездеріне үш жұп сілекйлі бездері, бауыр және ұйқыбез жатады. Асқорыту бездерінен бөлінетін сұйықтықты сөл деп атайды. Асқорыту бездері сыртқы секреция бездеріне жатады. Олар өздерінен бөлінетін сөлді арнайы өзектер арқылы асқорыту мүшелеріне бөледі. Әрбір асқорыту безінің бөлінетін сөлінің өз атауы бар. Бауырдан-өт, сілекей безінен-сілекей. Асқорыту бездерінің қызметін фистула әдісі арқылы зерттеуде көрнекті орыс ғалымы Павловтың еңбегі зор. Ғалымның бұл салада еңбегіне физиология ғылымындағы іргелі жаңалық ретінде Нобель сыйлығы берілген. Қазіргі таңда эндоскопия әдісі қолданады. Адамда асқорыту жолының ұзындығы шамамен 8 - 10 м. Асқорыту жолының қабырғасы Сыртқы қабаты Ортаңғы қабат Ішкі қабат Дәнекер ұлпадан Бұлшықет қабаты Эпителий ұлпасынан тұратын сірқабат түзілген Ішкі қабаты эпителий ұлпасынан тұратын сілемейлі қабықша болып табылады. Сілемейлі қабықшаның жасушалары ішек арнасына сілекей бөледі, ал оның астындағы төменірек орналасқан ұсақ бездер асқорыту сөлін бөліп шығарады. Ішкі қабатта қан тамырлары мен лимфа тамырлары көп. Ортаңғы қабат тамақтың асқорыту жолымен қозғалысын қамтамасыз ететін бірыңғай салалы бұлшық еттен тұрады. Адам организмінің калыпты тіршілік әрекеттері үшін оның барлық жасушалары мен ұлпалары үнемі қоректік заттармен қамтамасыз етілуі керек. Қоректік заттарды қажетсінуі, ең алдымен, организмнің энергетикалық шығынына байланысты. Тамақ құрылыс материалы ретінде, организм өсуі үшін, жасушалардың жаңартылуына, ұлпалардың жойылған бөліктерін қалпына келтіруге, ссндай-ақ жұмсалған энергияны толықтыру үшін қажет. Қоректік заттар дегеніміз — нәруыздар, көмірсулар, майлар, минералды тұздар, су мен витаминдер. Оларды организм күнделікті пайдаланатын тамақ өнімдерінен алады. Витаминдер, минералды тұздар мен су өзгеріссіз дереу қанға сіңіріледі. Нәруыздар, көмірсулар мен майлар күрделі органикалық қосылыстарға жатады, бұл күйінде организмге сіңбейді. Олар ас қорыту жүйесінде күрделі өндеуге ұшырайды.


  1. Негізгі бөлім.

    1. Ас қорыту жүйесінің физиологиясы

Азық қорыту дегеніміз – күрделі қоректік заттардың қарапайым түрге айналуы және оларды ағзаның сорып, өзіне сіңіруі. Азық қорыту жүйелерінің атқаратын негізгі қызметтері: сөл бөлу, ұсақтау, араластыру, жылжыту, керексіз заттарды сыртқа шығару және сору. Қабылданған азық ағзада физикалық, химиялық және биологиялық түрде өнделеді. Физикалық өнделуі дегеніміз – азықтың ылғалдануы, ұсақталуы, жұтылуы және асқазан арқылы жылжуы. Биологиялық өндеу микроағзалардың қатысуымен өтеді. Өңдеудің осы әсіресе, ауыл шаруашылығы малында кең орын алған. Химиялық өндеу ферменттердің қатысуымен жүреді. Фермент дегеніміз ағзадағы химиялық реакцияларды жылдамдататын биологиялық катализаторлар. Азықта қорытатын ферменттер үш топқа бөлінеді: 1- протеазалар – белоктарды ыдыратушылар; 2- карбогидралазалар – қанттарды ыдыратушылар; 3- эстеразалар мен липоидтарды ыдыратады.
Қарында үш түрлі клеткалар орналасқан. Олар бас, қосымша және айнала қоршалған клеткалар. Бас клеткалар ферменттер бөледі, қосымша клеткалар сөл және айнала қоршалған клеткалар тұз қышқылын бөледі. Осы көрсетілген үш түрлі клеткалардан бөлінген заттарды қарын сөлі дейді. Қарын сөлі түссіз, қышқыл реакциялы (рН 0,8-1,0) сұйық зат. Сөлдін құрамында су 99,2-99,6%, 0,4-0,8% құрғақ зат бар. Құрғақ заттар органикалық емес және органикалық қосылыстардан құралған. Қарын сөлінің құрамында төрт фермент бар: 1- пепсиноген тұз қышқылының әсерінен пепсинге айналады. Пепсин белоктарды альбумоз бен пептондарға дейін ыдыратады; 2 - реннин - сүттің казеиноген белогін казеинге ауыстырады, немесе сүтті ірімшікке айналдырады; 3 - қарындық липаза –эмульсияланған майды глицерин мен май қышқылдарына дейін ыдыратады; 4- желатиназа - желатинді сұйықтандырады.
Тұз қышқылының қарындағы ролі: 1- қарында қышқыл орталық жасайды; 2 - пепсиногенді пепсинге айналдырады; 3- белоктарды ісіндіріп, олардың көлемін ұлғайтады; 4 - бактерицидтік қасиет береді; 5- азықтардың ішекке ауысуына қатысады; 6- аш ішектегі бөлінетін просекретинді гастринге ауыстырады.
Қарын сөлінің бөліну кезеңдері. Қарын сөлі бөлінуінің екі кезеңі бар: 1- рефлекторлық кезең – тамақ жегеннен соң итте 5 минуттан кейін басталып, 1-2 сағатқа созылады. Тамақты қабылдаған кезде ауыздағы және қарындағы рецепторлар тітіркеніп, тітіркену сопақша мидағы сөл бөлу орталығына барады. Ол орталықтан қарынға кезеген жүйке арқылы беріледі де итте сөл бөлу басталады. 2- нейро-химиялық кезең - итте тамақ қабылданғаннан соң 30-40 минуттан кейін басталып, секреция 5-8 сағатқа дейін созылады Бұл кезеңде көкөністер мен ет сорпасында болатын гистамин, қарында бөлінетін прогастрин тұз қышқылының арқасында гастринге ауысып, қанға сорылып, сопақша миға барып бөлінуді реттейтін орталықты қоздырады. Осы орталықтан қозу қарынға тағы да кезеген жүйке арқылы беріледі де сөл бөліне бастайды.
Күйіс қайыратын малдың –мүйізді ірі қара, түйе, қой-ешкі қарны төрт бөлімнен құралған: таз қарын, жұмыршақ, қатпаршақ пен ұлтабар. Түйеде қатпаршақ жоқ, сондықтан оның қарны үш бөлімнен құралған. Осы көрсетілген бөлімдерден тек ұлтабар нағыз қарын болып саналады. Себебі, ұлтабарда қарын сөлі бөлінеді. Ал, қарынның басқа бөлімдерінде азық қорыту микроағзадардің қатысуымен өтеді. Төрт бөлім қарынның ең үлкені таз (мес) қарын. Мүйізді ірі қара малда оның көлемі 100-300 л, ал қой мен ешкіде 12-20 л. Күрделі қарын бөлімдеріне микроағзалар ірі азықтар мен сүт арқылы, сиырдың бұзауды жалауынан кіреді. Күрделі қарын бөлімдерінде үш типті микроағзалар өсіп дамиды. Олар - инфузориялар – қарапайымдар, бактериялар мен саңырауқұлақтар. Көрсетілген үш типті микроағзалардың қатысуымен белоктар, қанттар мен майлар ыдырап, әр түрлі заттар пайда болады. Микроағзалар қоректік заттарды ыдырататын арнайы ферменттер бөледі. Инфузориялар көбінесе азықты араластырады және клетчатканы ыдыратады. Саңырауқұлақтардың қызметіне келсек, олар қанттарды ашытып К және В тобындағы витаминдерді түзеді.
Асқорыту бездері (көне грекше: glandulae digestoria) — асқорытуға қажет ферментгерге бай асқорыту сөлін бөлетін бездер. Асқорыту бездерінің сөл бөлетін соңғы бөлімдерін құрайтын безді жасушаларды экзокриноциттер деп атайды. Құрылысы мен орналасу орындарына байланысты асқорыту бездері екі топқа бөлінеді: асқорыту ағзалары қабырғаларында орналасатын ұсақ бездер (интрамуральды бездер) және асқорыту мүшелері қабырғаларынан тыс жатқан ірі (экстрамуральды) бездер. Қабырғалық интрамуральды ас қорыту бездері — құрылысы түтікше келген асқорыту ағзаларының кілегейліасты негізінде немесе кілегейліқабық тың өзіндік тақташасында (пластинкасында) орналасады. Олардың жіңішке келген шығару өзектері асқорыту ағзалары қуысына ашылады. Интрамуральды бездерге ерін, тіл, тандай, ұрт, сілекей бездері, қарын (асқазан), дуаденальды (он екі елі ішектік) жөне жалпы ішектік бездержатады. Ал экстрамуральды ірі асқорыту бездеріне шықшыт (құлақ түбі), төменгі жақ, тіласты сілекей бездері, ұйқы безі және бауыр жатады. Экстрамуральды сілекеи бездерінші ірі өзектері ауыз қуысына, ұйқы безі мен бауыр өзектері он екі елі ішек (күйіс қайтаратын жануарлардың ұлтабар ұшы) қуысына ашылады. Асқорыту бездерінің сөліндегі ферменттер астың (жынның) құрамындағы күрделі органикалық заттарды (протеиндер, липидтер, көмірсулар), олардың қарапайым мономерлеріне ьдыратады. Қорытылған заттардың мономерлері — амин қышқылдары мен глюкоза ішек қабырғасындағы қан қылтамырларына (капиллярларларына), ал глицерин мен май қышқылдары — лимфа капиллярларына сорылып сіңіріледі.[3]
Асқорыту бездеріне үш жұп сілекей бездері, бауыр жәнө ұйқыбез жатады. Аскорыту бездерінен бөлінетін сұйықтықты сөл (секрет) деп атайды. Асқорыту бездері сыртқы секреция бездеріне жатады. Олар өздерінен бөлетін сөлді арнайы өзектері арқылы асқорыту мүшелеріне бөледі.Әрбір асқорыту безінің бөлетін сөлінің өз атаулары бар. Мысалы, бауырдан бөлінетін сөл - өт, сілекей бездерінен бөлінетін сөл - сілекей және т. б. Асқорыту бездерінің қызметін фистула әдісі арқылы зерттеуде көрнекті орыс ғалымы И. П. Павловтың еңбегі зор. Ғалымның бұл саладағы еңбегіне физиологияғылымындағы іргелі жаңалық ретінде Нобель сыйлығы берілген. Қазіргі кезде асқорыту мүшелерінің ішкі сілемейлі қабыгындағы өзгерістерді зерттеудеэндоскопия әдісі қолданылады. Оның көмегімен арнайы оптикалық құралдар арқылы асқорыту мүшелерінің ішкі құрылысын көруге және суретке түсіріп алуға болады. Асқорыту бездерінен бөлінетін сөлдің құрамында күрделі ағзалық заттарды қарапайым заттарға дейін ыдырататын ерекше заттар болады. Оларды ферменттер деп атайды.


    1. Ас қорыту сөлдерінің құрамы





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет