Тақырып: Сұйық ортада араластыру. Араластыру әдістері: пневматикалық араластыру.
Араластыру әдістері және оны өткізетін аппаратты таңдау араластыру мақсатымен және араластыратын материалдық агрегаттық күйінен анықталады. Сұйық ортадағы араластыру процестері химиялық өндірісте кең таралған.
Сұйық ортамен қандай орта газ, сұйық немесе қатты ұнтақ зат, араласатындығынан тәуелсіз, сұйық ортада араластырудан тәуелсіз, сұйық ортада араластырудың екі негізгі әдісі бар: механикалық (әртүрлі араластырғыштар көмегімен) және пневматикалық (сығылған ауа немесе инертті газбен)
Қатты ұнтақ материалдарды араластыру гидродинамикалық емес, механикалық процесс болып табылады.Сондықтан бұл кейінірек қарастырылады.
Пневматикалық араластыру.
Араластырылатын сұйықтың химиялық активтiгi үлкен және газ (мысалы, ауадағы оттегi) сұйықпен химиялық әрекеттесуi қажет болғанда сығылған инерттi газбен немесе ауамен пневматикалық араластыру қолданылады. Араластырудың бұл тәсiлi төмен қарқынды процесс және энергия шығыны механикалық араластыруға қарағанда көп.
Пневматикалық араластыру аппараттары барботер және эрлифпен жабдықталуы керек. Барботер - аппарат түбiне орнатылған көп тесiктi сақиналы немесе ирек құбыр. Тесiктен шыққан сығылған газ көпiршiктерi сұйық қабатынан өтiп (барботаж), оны араластырады. Эрлифттi арластыруда сығылған ауа орталық циркуляциялық құбырға берiледi.
Араластыру нәтижесі мен қарқындылығы.
Араластырушы құрылғының нәтижелігі араластыру процесін өткізу сапасын сипаттайды және араластыру мақсатынан тәуелді әр түрлі өрнектеледі. Мысалы, суспензияны алу процесінде араластыру нәтижелігі қатты фазаның аппарат көлемінде таралудың біртекті дәрежесімен сипатталады. Арластыру нәтижелігі араластырғыштың және аппараттың құрылғысынан, араластырушы сұйыққа енгізілетін энергия шамасынан да тәуелді болады.
Араластыруыдң қарқындылығы берілген технологиялық нәтижеге жету уақытымен немесе нақтыланған процесс ұзақтығындағы (механикалық араластырғыш) айналу санымен анықталады. Араластыру қарқындылығы неғұрлым жоғары болса, араластырудың берілген нәтижесіне жету үшін аз уақыт кетеді. Бұл экономика тұрғысынан да тиімді. Араластырушы құрылғымен шығындалатын энергияны есептеуде араластырудың берілген нәтижесін қамтамасыз ететін уақыт бірлігіндегі энергияның жалпы шығынын есептеген жөн.