Реферат Тақырыбы: Ауыз қуысының шырышты қабыну ауруларының патологиялық сипаттамасы Орындаған: Кенжебекова. Г.Қ



бет1/4
Дата20.06.2023
өлшемі318,17 Kb.
#102506
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
Реферат кариозды емес тіс ауруларының шығу тегі


Орал «Мақсат» медициналық колледжі
Реферат

Тақырыбы:Ауыз қуысының шырышты қабыну ауруларының патологиялық сипаттамасы

Орындаған:Кенжебекова.Г.Қ
Тексерген:Хамредденова.А.Х

Орал-2022ж


Ауыз қуысындағы шырышты қабық аурулары


Бұл өздігінен туындайтын немесе басқа патологиялардың симптомы ретінде туындайтын аурулардың кең түрі. Ауыз қуысындағы шырышты қабық ауруларына глоссит, хейлит, лейкоплакия жатады.
Стоматит - балалар мен ересектерге тән шырышты қабықтың қабынуы. Көп жағдайда стоматит бактериялық, вирусты немесе зеңді сипатта болады. Қылшықтары қатты, тырнайтын тіс щеткасы, нашар бекітілген брекеттер немесе тіс қаптамалары, ұрт пен ерінді тістеу әдеті стоматитке әкелуі мүмкін.
Жиі жағдайда стоматит ұрт ішінде, тілдің немесе қызыл иектің ішкі бетіндегі қышитын ашық қызыл немесе ақшыл қабықша жапқан жара немесе эрозия түрінде кездеседі. Науқас ұрттың дызылдап ауруы мен ісінуіне, аузынан жағымсыз иіс шығуына, тағам шайнағанда және жұтқанда ауырсынуға шағымдануы мүмкін. Асқынған жағдайда температура көтеріліп, ұйқы бұзылуы мүмкін, адам ашуланшақ болуы да ықтимал.
Ересектердегі стоматитті емдеу зақымданған аумаққа антисептик қолданумен, тіндердің жазылуын жеделдететін құралдармен жүргізіледі. Сонымен қатар, қажет болса, дәрігер антибиотиктер мен вирусқа қарсы препараттар тағайындауы мүмкін.

Глоссит


Глоссит – бұл тілдің қабынуы. Ол жарақат (мысалы, күю) салдарынан немесе ауру қоздырғыш мироағзалар салдарынан немесе қандай да бір жүйелі ауру симптомы ретінде пайда болуы мүмкін. Глоссит көп жағдайда ауыз қуысындағы жайсыздық немесе дызылдап ауру түрінде байқалады.
Адамның тілі ашық қызыл түске боялып, біршама ісінеді және сілекей көп мөлшерде бөлінуі мүмкін. Адамның дәм сезуі жоғалып, тамақтану немесе сөйлеу кезінде аузы ауыруы мүмкін.
Глосситті емдеу үшін шаю мен компресс жасау үшін антисептикалық және қабынуға қарсы препараттар, сондай-ақ зақымдалған тіндердің қалпына келуін жеделдету үшін А авитамині тағайындалады.

Хейлит




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет