Реферат Тақырыбы: Ауыз қуысының шырышты қабыну ауруларының патологиялық сипаттамасы Орындаған: Кенжебекова. Г.Қ



бет3/4
Дата20.06.2023
өлшемі318,17 Kb.
#102506
түріРеферат
1   2   3   4

Гингивит


Гингивит – бұл жиі жағдайда ауыз қуысы гигиенасының жетіспеушілігі немесе тұрақсыздығы салдарынан туындайтын қызылиектің қабынуы. Ауру тудыратын микроағзалар тіс өңезі және тіс тасында жиналып, қабыну процесін тудырады.
Гингивит кезінде қабыну қызылиектің тек үстіңгі бетіне қатысты болады. Сондықтан қанауға бейімділік, қызылиектің ісінуі, басу кезінде аздаған ауырсыну немесе жайсыздық, ауыздан жағымсыз иіс шығуы болуы мүмкін. Егер емдеуді бастамаса, қабыну одан әрі асқынып, пародонтқа да қатысты болады.
Ауыз қуысын жауып тұратын шырышты қабық басқа бөліктерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. Шырышты қабық термиялық, физикалық, химиялық тітіркендіргіштерге төзімді болып келеді және инфекцияның енуіне жол бермейді, сонымен қатар қандай да бір жағдайда тез қалпына келу қасиеті жоғары. Бұл қасиеттер оның анатомо-топографиялық ерекшеліктеріне, қоршаған ортаға және морфофункциональды ерекшеліктеріне тікелей байланысты.
Ауыздың шырышты қабығы (tunica mucosaoris) 3 қабаттан тұрады:
-эпителий,
-нағыз кілегей қабық пластинасы
-кілегей қабықасты қабаттары.
Эпителий қабаты- Шырышты қабық көпқабатты эпителиймен жабылған. Ауыздың әртүрлі аймағында оның құрылысы бірдей емес. Еріндерде, ұрттарда, жұмсақ таңдайда және ауыз табанында (түбінде) қалыпты жағдайда мүйізгектенбейді және базальді (өскін) қабатпен тікенекті қабаттан тұрады.
Қатты таңдайда және қызылиекте қалыпты жағдайда эпителий мүйізгектенуге ұшырайды. Осыған байланысты мұнда аталған қабаттармен қатар түйіршікті (дәнді) және мүйізгекті қабаттар бар. Эпителийдің мүйізгектенуін оның әртүрлі тітіркендіруші ықпалдарға олардың ішінде механикалық тітіркеніске жауабы деп санайды.
Нағыз кілегей қабық пластинасы- Нағыз кілегей қабық пластинасының (lamina mucosa propria) ауыз жақ беті эпителий қабатымен жабылған және эпителиймен шекарада эпителийге әртүрлі тереңдікке енетін көптеген өсінділер немесе бүртіктер құрайды. Дәнекер тін талшықты құрылымдардан (коллагенді және ретикулярлы талшықтар) және жасушалық элементтерден – фибробластар, толықша және плазматикалық жасушалар, сегментядролы лейкоциттерден тұрады.
Ұрттар мен еріндердің нағыз дәнекертін пластинасы жасушалық элементтерге бай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет