Реферат тақырыбы: Қазақ және орыс тілдерінің типтік белгілері Орындаған: Ғалимова Ә. С. Тексерген: Нажикенова Г. Б



Дата13.03.2022
өлшемі16,71 Kb.
#27754
түріРеферат

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Университеті

Көптілді білім беру факультеті

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

ҚТӘ 301(1) топ

Қазақ-орыс тілдерінің салыстырмалы типологиясы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Қазақ және орыс тілдерінің типтік белгілері

Орындаған: Ғалимова Ә.С.

Тексерген: Нажикенова Г.Б.

Атырау,2022 жыл

Типология (лингвистикалық) (гр. typos - таңба, форма, үлгі, logos сөз, ілім), типология лингвистическая — туыстық тегіне байланыссыз, тілдердін құрылымдық және функционалдық қасиеттерін салыстырып зерттеу. Типология үшін екі жақты сәйкестік (форма мен мағына түрінде) болуы міндетті емес, салыстырылатын тіл бірліктерінің не формасымен, не мағынасымен шектеледі. Әдетте типологиямен және салыстырмалы- тарихи тіл білімімен бірге аймақтық тіл білімі қарастырылады. Типология жеке тілдердін зерттелуіне сүйене отырып, тілдің құрылымы мен қызметі туралы жалпы тіл білімінде жасалған тұжырымдарды пайдаланады.

Орыс тілі мен қазақ тілінің арасындағы қарым-қатынасқа тоқталсақ, ол дәуірленуі жағынан жалпы түркі-славян тіларалық қатынастарының кезеңдерімен бірдей емес. Кейбір зерттеулерде қазақ пен орыс тілдерінің тарихи қарым-қатынасын төрт кезеңге бөліп қарайды.

Бірінші кезең ХVII ғасырдың басына дейінгі дәуірді, яғни қазақтар мен орыстардың әлі араласа қоймаған, экономикалық, әлеуметтік, мәдени байланысы аз, Қазақстан жеріне олардың көшіп келмеген уақытын қамтиды.

Екінші кезең (ХVII ғасырдан ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін) Қазақстанның өз еркімен Россияға қосылуы және осыған орай қазақтар мен орыстардың арасында жіті қарым-қатынастың басталуымен ерекшеленеді, орыс сөздерінің қазақ тіліне ене бастауы да осы кезеңде байқалады, зерттеушілер осы кезеңнің ауыс-түйісіне, мәселен, майор, солдат, поштабай, сот, атпекет, соқа, хутор, пристап сияқты сөздерді жатқызады.

Үшінші кезең (ХІХ ғасырдың екінші жартысынан Ұлы Қазан революциясына дейін) орыс тілі элементтерінің қазақ тіліне сөйлеу тілі арқылы да, жазба түрінде де көптеп ене бастаған дәуірге сәйкес келеді, олардың қатарына: порым (форма), аршын, интернат, шар, самаурын, кереует, божы (вожжи), сөлкебай (целковый), жандарал (генерал-губернатор), ояз (уездный начальник), ауылнай (аульнай) сияқты тұлғалық өзгерістерге душар болған орыс сөздерін жатқызады.

Төртінші кезеңге Ұлы Қазан революциясынан кейінгі дәуір жатқызылады. Бұл кезеңдегі орыс тілінің қазақ т.б. халықтардың тіліне жасап отырған әсер-ықпалы – өз алдына арнайы тексеруді талап ететін күрделі мәселе.

Қазақ, орыс тілдерінің осындай қарым-қатынастарын зерттеуде тарихи лексикологияның да қосар үлесі  зор. Бұл мәселені зерттеуші мамандар оны көбіне-көп синхрондық планда ғана қарастырады да, жан-жақты терең талдауларға, тарихи-салыстырма тәсілге сүйене отырып, тіларалық ауыс-түйістердің заңдылықтарын ашуға бара бермейді.

Мысалы, орыс тілінің сөздік қорына түркі тілдерінен енген он мыңнан астам кірме сөз бар екен. «Түркизмдер» деп аталатын осы кірме сөздерді славян тілінің мамандары да, түркологтар да зерттеуге хақылы. Өйткені бұл мәселе славянистер үшін көршілес түркі халықтардың арасында болып келген ұзақ та тығыз қарым-қатынастарды анықтауға қажет.Ал түркологтар үшін түркі сөздерінің өткен дәуірлердегі тұлғалық, мағыналық қалпын анықтау үшін қажет. Мәселен, бір кезде орыс тіліне еніп, әбден сіңісіп кеткен балық пен алтын сөздері тұлға жағынан сәйкестігін сақтаса да, түркі тілдеріндегі қалыптасқан номинатив мағынасынан мүлдем өзгеше. Балық түркі тілдерінде «балық» атаулының жалпы атауы болса, орыс тілінде ол балықтың бір түрін ғана (кептірілген балық) білдіреді, ал түркі тілдерінде асыл металды білдіретін алтын сөзі революциядан бұрынғы орыс тілінде ақша өлшемінің баоамасы («денежная единица») ретінде қолданылған.

Қазақ тілінде орыс тілнің әсерімен ақша мағынасында сол кезде қолданылған алтын теңге деген тіркес бүгінде көнерген болса, ал ол орыс тіліндегі «Не было ни гроша, вдруг алтын» деген тұрақты тіркесте қолданыста бар. Бұдан шығатын қорытынды: тарихи лексикологияның басты міндетіне ана тіліміздің басқа тілдерде жүрген лексикалық ауыс-түйістерін зерттеу де енетіндігі.Олар сөз тарихын аша түсуге, әр түрлі себептермен ұмыт болған, не көнерген сөздеріміздің өткен дәуірлердегі қалпын, жергілікті (регионалды) ерекшеліктеріне қатыстығын, мағыналық, тұлғалық өзгерістерін анықтауға қажет-ақ.



Түркизмдердің тілдік табиғатына түркологтардың көзімен қараудың тағы бір қажеттігі олардың көп сыры қабылданған тілде емес, өзі пайда болған тілдің топырағында айқын көрінеді. Мұны түрколог ғалым Н.К.Дмитриевтің түркизмдерге арналған зерттеуі толық дәлелдей алады.Шынында да тіларалық қарым-қатынасқа байланысты болатын лексикалық ауыс-түйістер, бір медальдың екі жағы сияқты, бір тұтас құбылыстың екі тілдегі («сөз қабылданатын» және «сөз қабылдайтын» тілдердегі) көрінісі іспеттес.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет