Кіріспе дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы



бет1/9
Дата25.04.2022
өлшемі129,49 Kb.
#32142
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Адамзат баласын ұзақ ғасырлар бойы уақыт және кеңістік проблемалары ойландырып келеді. Көне Грецияда ол проблеманы зерттеумен Аристотель алғаш рет айналысты. Бұл саладағы еңбектер XVII - XIX ғасырлардағы Лессинг, Гердер, Дюбо, Хоум, Шефтсбери, Гегель зерттеулерімен белгілі. XX ғасырдың 20-30-жылдарында М.Бахтин, Л.Выготский, С.Эйзенштейн недәуір еңбек сіңірді. XX ғасырда әдебиеттің уақыт және кеңістік аясындағы проблемаларды алдыңғы кезекке шығару жайттарын тығыз бірлікте қарастыру жүзеге аса бастады. Дәл осы тұста екі түрлі пікір, көзқарастың калыптасқанын айрықша айтқан орынды. Олардың алғашқысында уақыт категориясьша айрықша мән берілсе, басқа зерттеушілер кеңістік категориясына ерекше көңіл бөлді. Бұл орайда уақыт және кеңістік категорияларын біртұтас күйде қарастыру кажет екендігіне көңіл бөлген, ол ұғымдарға алғаш рет «хронотоп» деп ат қойған М.Бахтинның еңбегін айрықша айтуымыз қажет. Оның негізгі идеясын Г.Н.Слепухов, Н.Г.Измайлов, Ш.Е.Елеукенов, Н.Л.Лейдерман, Қ.Ш.Нұрланова, О .А. Светланова, В.В.Савельева т.б. зерттеушілер одан әрі қарай жалғастырды. Бұлардың ішінде Г.Н. Слепухов өз еңбектерінде хронотоптың мазмұндық жағына көбірек назар аударады. Ол уақыт пен кеңістік категорияларын ол ұғымдардың танымдық функциясы түрғысынан қарастырады. Зерттеуші Н.Г.Измайлов уақыт және кеңістік ұғымдарын көркемдік әдіспен байланыстыра келе, хронотоптың ауқымына шығарманың мазмұндық нысанын, сюжетті және жанрды құрайтын маңыздылығын жатқызады. О.А. Светланова Н.Г.Измайловтың көзқарасын құптай келіп, хронотопты дәуірдің өзі белгілейтін, мәдениеттің ұлттык ерекшелігі айрықша кескіндейтін мәселелерге жатқызады. Уақыт және кеңістіктің жанрлық құрылым функциясында алатын орнына қазақ зерттеушісі Ш.Р.Елеукенов арнайы еңбек арнаған. Ғалым әр түрлі дәуірлердегі казақ жазушыларының шығармашылығын талдай келіп, қоғамның, әдебиеттің даму деңгейіне орай уақыт және кеңістік туралы ұғым, түсініктердің де күрделене түсетіндігін атап өткен.

Жалпы алғанда, хронотоп теориясын зерттеуге айрықша үлес қоскан ғалымдардың бар екенін айтамыз. Міне, көркем әдебиеттегі уақыт және кеңістік категорияларын қарастырған ғылыми еңбектерді шолып өткеннің өзінде-ақ проблеманың аса көкейкесті екендігі байқалады. Сондықтан, дипломдық жұмысымыз Қазақ повестеріндегі көркем уақыт пен кеңістікке арналған. Осы ретте зерттеу жұмысымызда көркем шығармадағы уақыт пен кеңістік категориясы ұғымдарына түсінік беріп, әдебиеттанудағы уақыт пен кеңістік ұғымдарына тоқталдық. Атап өткен ұғымдарды ажырата келе, қазақ повестеріндегі көркемдік уақыт пен кеңістік және сюжетті талдауға тырыстық. Сонымен бірге, тек өткен ғасырда жазылған повестерге ғана тоқталмай, қазіргі повестер композициясындағы мекеншақ категориясының әлеуметтік, көркемдік-эстетикалық қызметін қарастырдық.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет