Қазақстан республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Кәсіби-шығармашылық факультеті
Реферат
Тақырыбы: «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы
Орындаған: «ВӨКЕГЖ» 302-топ
студенті Алибекова Қ.
Тексерген: Бокаева Г.
Ақтөбе 2022ж.
ЖОСПАР:
Бағдарлама мақсаты
Бағдарлама міндеттері
Қазақстандағы цифрландыру көлемі мен сапасы
Елімізде «Цифрлы Қазақстан» және «Еуразиялық одақтың негізгі бағыттарын 2025 жылға дейін цифрландыру» мемлекеттік бағдарламалары қабылданған болатын. Оның «Цифрлық Жібек жолын іске асыру», «Адам капиталды дамыту», «Инновациялық экожүйені құру» сияқты бағыттары бар. Мұндағы басты мақсат- мемлекеттің экономикалық дамуын жеделдету және цифрлы технологиялар есебінен халықтың өмірін жақсарту, цифрлы экономиканы құруға жағдай жасау. Зерттеу мәліметтеріне сүйенсек 2021 жылы Қазақстанда цифрлы жобаларға 200 млрд теңгеден астам инвестиция бағытталмақ. Аталған қаржы ауыл шаруашылығын цифрландыруға, ІТ жобаларға, цифрлы технологияны дамытуға және облыстардағы орталықтардың инфрақұрылымына, сондай- ақ телекоммуникация, аэроғарыш және электронды өнеркәсіп саласына инвестиция салуға жұмсалмақ.
Бағдарламаның басты мақсаты- орта мерзімді перспективада республика экономикасының даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның экономикасын болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшіруге жағдай жасау. Бағдарламаның міндеттері :
Өнеркәсіпті және электр энергетикасын цифрландыру:
Көлікті және логистиканы цифрландыру:
Ауыл шаруашылығын цифрландыру:
Электрондық сауданы дамыту:
Қаржы технологияларын және қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту:
Мемлекет – азаматтарға.
Мемлекет- бизнеске.
Мемлекеттік органдардың ішкі қызметін цифрландыру.
«Ақылды» қалалар.
Байланыс желілерін және АКТ инфрақұрылымын кеңейту.
АКТ саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Орта, техникалық, кәсіби, жоғары білім беруде цифрлық сауаттылықты арттыру.
Халықтың цифрлық сауаттылықты арттыру.
Инновациялық даму алаңдарын қолдау
Технологиялық кәсіпкерлікті, стартап мәдениетті және ҒЗТКЖ- ны дамыту.
«Венчурлік» қаржыландыруды тарту.
Инновацияға сұраныс қалыптастыру.
Еліміздегі шағын және орта бизнес субьектілері орнықты даму мақсаттарына жету үшін цифрлы технологияларды қолдану мүмкіндіктерінен кеңінен пайдалану қажет. Ұлттық экономика салаларын цифрландыру еліміздің тұрақты дамуының бөлінбес бөлшегі. Цифрландырудың бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі бағыттары: техникалық және технологиялық жетілдіру, экономикалық өсу және адам әлеуеті. Қазақстанның ұлттық экономика салаларын одан әрі цифрландырудың тетіктерін жетілдіре отырып, дамыту экономикамыздың тұрақты дамуына және әлемнің дамыған елдерімен интеграциялауға оң ықпал етеді деген сенімдеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |