Ұннан істелген кондитер тағамдар тобына əртүрлі көптеген қант, май жəне жұмыртқа қосылып пісірілген, көбінесе сдобалы деп аталатын тоқаштарды айтады. Ұннан істелген кондитер тағамдар, əсіресе балалар үшін өте сүйкімді, сіңімді келеді. Дайындау технологиясына, қолданылатын шикізаттардың түрлеріне қарай, ұннан істелген тəтті тағамдарды: печенье, галета, крекер, сдоба печеньесі, пряниктер, қытырлақ тəтті нан (вафли), пирожные, торттар, кекс, рулеттер жəне баба көпірме наны деп бөледі.
Печенье жəне галета өндірісі
Печенье деп əртүрлі жұқа, іш құрылысы кеуекті кебу, қант, май, жұмыртқа, сүт, хош иісті заттар қосылған, ұннан пісірілген тəтті тағамдарды айтады. Қантты печеньені серпімді созылғыш қамырдан пісіреді. Олар өздерінің құрылысы бойынша морт жəне жақсы кеуектелген болады.
Созылмалы печенье деп, салыстырмалы жағдайда қатты, кеуектігі төмендеу, серпімді тығыз қамырдан пісірілген өнімдерді айтады.
Сдоба печеньесі деп əртүрлі ұсақ, əртүрлі пішінді, дəмі де əртүрлі тəтті тағамдарды айтады.
Галета деп нан орнына пайдаланатын төртбұрышты жалпақ, құрғақ тағамды айтады. Оны тығыз серпімді қамырдан пісіреді. Жай галета («Поход») деп қантсыз, майсыз, жақсартылған галета («Арктика») деп майлы қамырдан пісірілген тағамды, ал диеталық деп майлы, қантты жəне олар аз ғана қосылған тəтті тағамдарын айтады.

Галета түр-тармағына крекер құрғақ төртбұрышты немесе дөңгелек, майлы қабатталған, морт құрылысты, беті көбіршіктелген печеньелері жатады