Реферат тақырыбы: «Ежелгі Египет мемлекетінің пайда болуы. Ежелгі Египеттің қоғамдық және мемлекеттік құрылысы»


Ежелгі Египеттің қоғамдық құрылысы



бет2/3
Дата11.11.2022
өлшемі27,54 Kb.
#49528
түріРеферат
1   2   3
2.2. Ежелгі Египеттің қоғамдық құрылысы

1. Египет қоғамының жоғарғы қабатын абыздар, шенеуніктер және әскери ақсүйектер құрады. Абыздар Египеттегі діндердің үлкен санына сәйкес топтарға бөлінеді. әр топтың басында бас абыз тұрды.


2. Египет қоғамының пұрсатты тобына ру тайпалық ақсүйектердің ұрпағы мен мемлекеттің жоғарғы әскери және азаматтық шендерінен құралған египеттік ақсүйектер енді.
3. Ерекше орынды песірлер (писарь) алды. Олардан жоғары сановниктер шыққан.
4. Еркін шаруалар – олардың бір тобы мемлекеттің жерінде өмір сүрді, өздерінің үлестері болды және ол үшін рента салығын төлеп отырды; ал екінші тобы сановник немесе жауынгер жеріне бекітіліп, тек күндізгі тамақты ғана алып отырды, өте ауыр жұмыстарды істеді.
5. Қолөнершілер – мемлекеттік кен орындарында жұмыс істеді. Он адамнан бір топқа бірігіп, ерекше басқарушылардың бақылауында болды.
6. Қоғамдық баспалдақтың ең төменгісінде құлдар тұрды. Құлдықтың негізгі қайнар көзі әскери тұтқын мен қарыздық кабала (өмірлік құлдық) болды.


2.3 Ежелгі Египеттің мемлекеттік құрылысы

Египеттегі мемлекет деспаттық формада болды. Барлық билік толығымен бір тұлғаның – патша – фараонның (перғауынның) қолында болды. Фараондар бір рудан шыққан және бір-бірін тақ мұрагерлігі тәртібімен ауыстырды. Египеттегі деспоттыққа тән сипат мемлекет басшысы – патша фараонның діни табынуы еді (мультимедиялық-презентация).


Лауазымды тұлғалар:
1. Фараоннан кейінгі басты лауазымды тұлға уәзір (визирь) болды. Патшаның ең жақын көмекшісі кең өкілеттіктерге ие болды : мемлекетті басқарды, сот жетекшісі болды, жоғарғы сот органы болып табылатын ондық кеңесін басқарды, шаруашылықты басқаруға қатысты, қарулы күштердің басшысы болды және нотариустық міндеттерін атқарды.
2. Келесі лауазымды тұлға – баспа сақтаушысы немесе бас қазынашы – натуралды тартулар (сыйлықтар) сақталынатын мемлекеттік қойманы меңгерді.
3. Барлық патша жұмысының басшысы – сәулетші және еркін тұрғындарға жүктелген міндеттерін орындауды бақылаушы лауазымдарын біріктірді.
Жергілікті басқару
Египеттің барлық территориясы номдарға бөлінді. Олардың басында фараонға тәуелді лауазымды тұлға – номархтар тұрды.
Номарх жоғарғы сот және әкімшілік билікке ие болды. Сонымен бірге әкімшілік өкілеттіктерге храмдар да ие болды. Жергілікті жерлердегі төменгі басқару органдары ауылдық қауымдар болды.
Әскер:
Алғашқыда тұрақты әскер елдің ішкі толқуларын басатын отрядтар мен фараонның жеке күзетімен шектелді. Ал соғыс болған жағдайда рекруттық жүйе бойынша жиналатын жасақ жасақталды. Жаңа патшалықта жалдамалы әскер жүйесі кең өріс алды.
Сот жұмысы:
Ежелгі Египетте сот ісі алқа бойынша жүзеге асырылды. Жаңа патшалық кезеңінде орталық сот – кенбет құрылды. Ол 30 судьялардан тұрды. Жергілікті жерлерде аймақ және жеке қалалар кенбеті енгізілді.
Сот әкімшіліктен бөлінбегендіктен лауазымды тұлғалар мен номпрхтар бір уақытта жоғарғы судьялар да болды. Жоғарғы сот инстанциясы – фараон болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет