Реферат Тақырыбы Ежелгі тәрбие мен психология тарихы Орындаған Кенжебекова Амина Тобы ПиП-23



бет1/2
Дата17.10.2023
өлшемі84,07 Kb.
#117679
түріРеферат
  1   2

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті


БӨЖ
Реферат
Тақырыбы Ежелгі тәрбие мен психология тарихы


Орындаған Кенжебекова Амина
Тобы ПиП-23





Кіріспе


Тәрбие - адам қоғамында ғана болатын қоғамдық құбылыс, адамдардың саналы әрекеті. Ол алғашқы қоғамдағы еңбек пен материалдық өмір процесінде пайда болды.
Психология - адамның дара тұлғалық психикасын, өзінің сан-алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады.

Тәрбие туралы түсінік.Алғашқы қауымдағы тәрбие.

Тәрбие - адам қоғамында ғана болатын қоғамдық құбылыс, адамдардың саналы әрекеті. Ол алғашқы қоғамдағы еңбек пен материалдық өмір процесінде пайда болды.


Қоғам дамуының алғашқы басқарушылық қоғамға дейін адамдар табиғаттың дайын заттарымен қанағаттанды, аң аулаумен шұғылданды. Адам қоғамының, адамның өзінің дамуында еңбектің әсері өте зор болды.
Ф. Энгельс Мемлекеттің, жеке меншіктің және семьяның шығуы және Маймылдың адамға айналуында еңбектің ролі атты еңбектерінде адамның өзін жасаған еңбек екенін дәлелдеді. Ол еңбек процесі еңбек құралын жасаудан басталады деп түсіндірді. Ал қарапайым еңбек құ-ралдарын жасау, оны пайдалануды меңгеру ересек адамдар тарапынан жастарды үйретуді, яғни тәрбиелеуді қажет етеді.
Ф. Энгельс алғашқы дәуірде балалар ортақ, қоғамдық болды, өйткені жеке отбасы болған жоқ деп көрсетті. Сондықтан балаларды тәрбиелеу де алғашқы қоғам мүшелерінің ұжымдық бірлескен жұмысы болды.
Еңбек процесінде, ересектермен күнделікті қарым-қатынас жасауда балалар өмірге қажетті дағдылар мен еңбек әрекеттерін меңгерді, халықтың әдет-ғұрыпымен танысты, алғашқы қоғамдағы адамдардың өміріндегі салт-сананы сақтауға үйренді.
Алғашқы қоғам тапсыз болды, соған сәйкес тәрбие де барлық адамдарға ортақ, бірдей болды. Алғашқы қоғамның дамуының белгілі сатысында тек ер бала мен қыз балаларға берілетін тәрбиеде ғана кейбір айырмашылықтар кездесті. Ер балалар ер азаматтармен бірге қару-жарақ жасауға, аң, балық аулауға қатысты, ал қыз балалар әйелдермен бірге тамақ әзірлеуге, киім тігуге араласты.
Алғашқы қоғам дамуының белгілі сатысында мал бағу, егін салу, қолөнер кәсібі пайда болды. Өндіріс күштерінің дамуымен және адамдардың еңбек ету тәжірибесінің кеңеюімен қатар, тәрбие де күрделене түсті, ол жан-жақты және жоспарлы іске айналды.
Рулық қоғамда балалар мал бағуға, егін егуге, қолөнеріне үйретілді. Осыған сәйкес тәрбиені ұйымдастыру қажет болды. Балаларды тәрбиелеу ең тәжірибелі адамдарға жүктелді. Ертегі, ойын және олең ол дәуірдегі мінез-құлық тәрбиесінің құралына айналды. Әскери тәрбиенің алғашқы элементтері, садақ ату, найзаласу, салт атқа міну т. 6. шыға бастады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет